Сан есім
The Numeral
Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп қолданылады. Сан есімдер есептік (Cardinal Numeral) және реттік (Ordinal Numeral) сан есімдер болып екіге бөлінеді.
Есептік сан есімдер
Cardinal Numeral
Есептік сан есімдер (1-12): one, two, three, four, six, seven, eight, ten, eleven, twelve.
13 – тен 19 – ға дейінгі сан есімдер – teen жалғануы арқылы жасалады: 13 – thirteen, 14 – fourteen, 15 – fifteen, 16 – sixteen, 17 – seventeen, 18 – eighteen, 19 – nighnteen.
Ондықты білдіретін сан есімдер – ty жалғануы арқылы жасалады: 20 – twenty, 30 – thirty, 40 – fourty, 50 – fifty, 60 – sixty, 70 – seventy, 80 – eighty, 90 – ninety.
Сан есімдердің оқылуы: 23 – twenty – three, 45 – fourty – seven, 156 – one hundred and fifty –six.
Сан есімдер есептік және реттік болып екіге бөлінеді. Есептік сан how many? (канша?), реттік сан есімдер which? (нешінші, қайсы?) - деген сұрақтарға жауап береді.
Реттік сан есімдер
Ordinal Numeral
Реттік сан есімдер – th жалғануы арқылы жасалады. Бірінші (the first), екінші (the second), үшінші (the third) сан есімдері ерекше форма арқылы жасалады.
Реттік сан есімдер анықталған артикльмен қолданылады.
Есептік сан есімдер Реттік сан есімдер
one (1) the first (1st)
two (2) the second (2nd)
three (3) the third (3rd)
four (4) the fourth (4th)
five (5) the fifth (5 th)
six (6) the sixth (6 th)
seven (7) the seventh (7 th)
eight (8) the eighth (8 th)
nine (9) the ninth (9 th)
ten (10) the tenth (10 th)
twenty – five (25) the twenty – fifth (25 th)
two hundred and fifty – three (253) the two hundred and fifty-third
Жылдарды оқығанда сандарды жұптап айтады: 1976 – nineteen seventy six. Күндер былай жазылып оқылады: December 2, 1980 - The second of December nineteen eighty. Бөлшек сандардың оқылуы: 1/2 - a half, 1/3 – a/one third, 3/4 - three quarters, 2/9 – two ninths, 0,25 – zero/o/naught point two five, 2,456 – two point four five six, Пайыздардың оқылуы: 5% = 5 per cent =5 p.c.=five per cent
Достарыңызбен бөлісу: |