Жаттығу №6 Ағылшын тіліне аударыңыз: Он бесінші аудитория, оныншы пәтер, журналдың жиырма бесінші нөмірінде, жетінші тарауда, төртінші сабақтан, үш жүз он бесінші аудиторияға, тоғызыншы деңгейде, отыз бірінші каналда, үшінші басылымда, екі жүз бесінші бетте, бес үй, алты студент, отыз қой, бес орындық.
Демеуліктер (Предлогтар)
Prepositions
Қазақ тілінде предлог деген ұғым жоқ, ол қазақ тіліндегі демеулік ұғымына сәйкес келеді. Демеулік дегеніміз сөз алдынан келетін көмекші сөздер.
Ағылшын тілінде демеуліктер сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:
Заттардың кеңістікте орналасуын, іс-әрекеттердің уақытқа қатынасын, істің себеп-салдарын көрсетеді;
Демеуліктер бірінші қызметінде қазақ тілінің көмекші есімдеріне ұқсайды. Ал екінші қызметіне келсек, қазақ тілінен аударғанда септік жалғаулары демеуліктер арқылы беріледі.
Мысалы:
ілік септіктің –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тіңжалғаулары of арқылы беріледі: the book of the brother. – ағамның кітабы.
барыс септіктің –ға, -ге, -қа, -ке жалғаулары to арқылы беріледі: They went to Almaty. – Олар Алматыға кетті.
шығыс септіктің –тан, -тен, -дан, -деншылаулары from арқылы беріледі: from a city – қаладан.
көмектес септіктің –мен, -пен жалғаулары with, by арқылы беріледі: with Saule - Саулемен.
жатыс септіктің –да, -де, -та, -те жалғаулары in арқылы беріледі: He is in the class – Ол cыныпта.
Демеуліктер жай ( of, for, on), күрделі (below, between), туынды (in front of, out of) болып бөлінеді.
Ағылшын тілінде демеуліктер орын, бағыт және уақыт және демеуліктеріне бөлінеді: