Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет22/79
Дата20.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#154201
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ

Етістік
The Verb
Іс-әрекет пен қимыл-сынды білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
Ағылшын тілінде етістіктің (Finite) жіктелген және (Non-Finite) жіктелмейтін түрлері бар. Етістіктің жіктелген түріне жақтар, жекеше, көпше түрлер, шақтар, етіс формалары және рай жатады.
Мысалы: «I speak English every day - Мен күнде ағылшынша сөйлеймін» деген сөйлемде етістік 1-жақты, жекеше түр, белгісіз осы шақты, өздік етісті, ашық райды білдіреді. Бұйрық райдағы етістік те жіктеледі және сөйлемде to демеулігінсіз жасалады. Мысалы: Stand up! Go to the blackboard! Write!
Етістіктің жіктелмейтін түріне инфинитив (the Infinitive), герундий (the Gerund) және есімше (Participle I, II) жатады. Олар сөйлемде жақты, түрді, райды білдіре алмағандықтан, жеке өзі баяндауыш қызметін атқара алмайды.
Мысалы: I want to speak English. Менің ағылшынша сөйлегім келеді.
Етістіктер сөйлемдегі мағынасына және синтактикалық рөліне қарай 3- ке бөлінеді: негізгі, көмекші және модальды. Мысалы:
1. We work at school. Біз мектепте жұмыс істейміз.
To work етістігінің жеке мағынасы бар.
2. Көмекші етістіктерге: to be, to have, to do, shall, will жатады.
He is a worker. He will work tomorrow. Ол жұмысшы. Ол ертең жұмыс істейді.
3. Модальды етістіктерге (modal verbs): can, may, must және т.б. етістіктері жатады. Олар тікелей іс-әрекеттің өзін білдірмей әрекет істеушінің істелетін жұмысқа қатынасын, қабілетін, мүмкіндігін, ықтималдық қажеттігін білдіреді.
Көмекші to be (болу) етістігінің осы шақта жіктелуі
ЖЕКЕШЕ

Жақ

Болымды

Сұраулы

Болымсыз

1-ж

I am a doctor.
Мен дәрігермін

Am I a doctor?
Мен дәрігермін бе?

I am not a doctor.
Мен дәрігер емеспін.

2-ж

You are a doctor.
Сен дәрігерсің.
Сіз дәрігерсіз.

Are you a doctor?
Сен дәрігерсің бе?
Сіз дәрігерсіз бе?

You are not a doctor.
Сен дәрігер емессің.
Сіз дәрігер емессіз.

3-ж

He (she) is a doctor.
Ол дәрігер.
It is a table.
Ол үстел.

Is he (she) a doctor?
Ол дәрігер ме?
Is it a table?
Ол үстел ме?

He (she) is not a doctor.
Ол дәрігер емес.
It is not a table.
Ол үстел емес.

КӨПШЕ

Жақ

Болымды

Сұраулы

Болымсыз

1-ж

We are doctors.
Біз дәрігерміз.

Are we doctors?
Біз дәрігерміз бе?

We are not doctors.
Біз дәрігер емеспіз.

2-ж

You are doctors.
Сендер дәрігерсіңдер.
Сіздер дәрігерсіздер.

Are you doctors?
Сендер дәрігерсіңдер ме?
Сіздер дәрігерсіздер ме?

You are not doctors
Сендер дәрігер емессіңдер.
Сіздер дәрігер емессіздер.

3-ж

They are doctors.
Олар дәрігерлер.

Are they doctors?
Олар дәрігерлер ме?

They are not doctors.
Олар дәрігерлер емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет