Жаттығу №4
In немесе at демеуліктерін қолданып сөздерді аударыңыз:
Саяжайда, орманда, театрда, бақшада, асханада, кітапханада, дүкенде, үйде, өзенде, кинода, қарда, ыдыста, институтта, музейде.
Жаттығу №5
On немесе at демеуліктерін қолданып сөздерді аударыңыз:
Сөреде, терезенің жақтауында, орындықта, заводта, қабырғада, вокзалда, платформада, еденде, төбеде, көрмеде, аялдамада, жерде, концертте, тақтада, сабақта, көпірде, стадионда, жұмыста.
Жаттығу №6
Төмендегі тіркестерді ағылшын тіліне аударыңыз:
Сағат бесте, сағат беске қарай, сағат бестен бастап, түсте, түске қарай, түстен бастап, өткен жылдан бастап, осы жылы, 2011 жылға қарай, 25 ақпанға қарай, 25 ақпанда, таңертеңнен, түнге қарай, түнде, кешеден бері.
There + to be (is/are) тіркесі
Бұл тіркес жанды немесе жансыз заттың орнын білдіру үшін қолданылады. Қазақ тіліне жатыр, бар, тұр деп аударылады. Негізінен қазақ тіліне аударған кезде мекен пысықтауышынан бастап аудару керек. There is тіркесі жекеше түрдегі зат есіммен, there are көпше түрде қолданылады. Сөйлемдегі орын тәртібі: 1. there is/are 2. Зат есім 3. Мекен пысықтауышы. Мысалы:
There is a pen on the desk.
There are two pens on the table.
Егер сөйлемде there + to be тіркесімен бірнеше бастауыш келсе, онда to be әдетте өзінен кейін келген бастауышпен байланысады (бастауыш жекеше түрде тұрса there is, көпше түрде there are қолданылады). Мысалы:
There is a table and five chairs in the room.
There are five chairs and a table in the room.
|
Болымды түрі
|
Сұраулы түрі
|
Қысқа жауап
|
Болымсыз түрі
|
жекеше
|
There is a book on the table. - Үстелдің үстінде кітап бар.
|
Is there a book on the table?-Үстелдің үстінде кітап бар ма?
|
Yes, there is. – Иә, бар. No, there is not. - Жоқ.
|
There is not a book on the table.-Үстелдің үстінде кітап жоқ.
|
көпше
|
There are many trees in the park. - Саябақта ағаштар көп
|
Are there many trees in the park?-Саябақта ағаштар көп пе?
|
Yes, there are. – Иә, бар.
No, there are not. - Жоқ.
|
No. There are not many trees in the park. - Жоқ. Саябақта ағаштар көп емес.
|
Егер адам, я зат бізге белгілі болған жағдайда, оның алдынан белгілілік артиклі қойылады және there is/there are тіркесі қолданылмайды. Оны аударғанда мекен пысықтауышы сөйлемнің сонында тұрады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |