Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет20/79
Дата20.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#154201
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ

Сөзжасам
Word-building
Ағылшын тілінде сөзжасамның мынадай түрлері бар:

  1. түбірлердің немесе сөздердің бірігуі арқылы;

  2. конверсия;

  3. аффиксация (префиксация және суффиксация);

Сөздердің құрылымын белгілеу үшін мынадай қысқартулар қолданылады:
А – adjective сын есім
Adv.- adverb үстеу
N - noun зат есім
Num.- numeral сан есім
P.I - Participle I есімше І
P.II - Participle II есімше ІІ
Prep.- preposition предлог
R - root түбір
V - verb етістік
1. Түбірлердің немесе сөздердің бірігуі
Ағылшын тілінің сөздік қорын толықтырудың негізгі жолы болып табылады. Жаңа сөз екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалады:
а) күрделі зат есімдерден:
N + N coal – field көмір бассейні
A + N blackboard сынып тақтасы
Prep. + N inside ішкі бөлім
V + N grindstone ұштағыш
N + Prep. + N father-in-law қайын ата
б) күрделі сын есім:
A + A dark-red қара қызыл
Num + N first-class бірінші класстық
N + A waterproof су өтпейтін
A + P.II whitewashed ағартылған
Adv. + P.II well-known өте танымал
N + P.II man-made жасанды
в) күрделі етістіктерден:
A + V to broadcast радиодан хабарлау


2. Конверсия
Бір сөз табының басқа сөз табына ауысуы.
а) сөздердің оқылуы және жазылуы өзгермей:
V – N – A to light- light-light жарық беру- жарық (шам)- жарық
V – N to work –work жұмыс істеу –жұмыс
V – A to free- free босату –бос
б) соңғы дыбыс немесе екпіннің өзгеруі арқылы:
N – V ‘increase- to in’crease ұлғаю- ұлғайту
use [ju:s] – to use [ju:z] қолданыс- қолдану


3. Префиксация
Жаңа сөздерді префикстердің (приставкалар) көмегімен жасау:
а) re – [ri:] қайталау мағынасын білдіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет