Жаттығу №14
1. I knew they (to wait) for me at the metro station and I decided to hurry.
2. He says that he (to know) the laws of the country.
3. Sarie understood why Lanny (not to come) the previous evening.
4. She asked me whether I (to remember) the legend about a faithful lion.
5. I suppose they (to send) a dog after a burglar immediately.
6. He said he (to leave) tomorrow morning.
7. She says she already (to find) the book.
8. He stopped and listened: the clock (to strike) five.
9. I asked my neighbor if he ever (to travel) by air before.
10. The policeman asked George where he (to run) so early.
Модальдық етістіктер
The Modal Verbs
Ағылшын тілінде модальдық етістіктердің көптеген түрлері бар. Олар can (could), to be able to, may (might), to have to (had to), must, to be to, should, would, ought to, need.
Модальдық етістіктер өздері жеке қолданылмайды, тек мағыналық етістіктермен қолданылады. Олар істің мүмкіндігін, міндеттілігін, ықтималдылығын, қажеттілігін, керектілігін көрсетеді.
Мысалы: You must do that. – Сіз мұны істеуге міндеттісіз.
You may do that. – Сіз мұны мүмкіндігіңіз болса істеңіз.
Can (could)
Физикалық немесе ойлай қабілетіне байланысты іс-әрекетті орындай алу. Мысалы: I can read and speak English. – Мен ағылшын тілінде оқи және сөйлей аламын (басқа тілдерді оқуға мүмкіншілігім, қабілетім бар).
Сұраулы сөйлемде: Can I read?
Болымсыз сөйлемде: I can not read.
Өткен шақта could қолданылады: He could speak French. – Ол французша сөйлей алатын.
to be able to
Модальдық етістіктер жеткіліксіз болғандықтан, синонимдік оралымдар қолданылады. Can етістігінің синонимдік оралымы to be able to болып табылады. Can - мүмкіншілікті жалпы білдіреді, ал to be able to – белгілі бір нақты жағдайда, белгілі бір уақытта іс-әрекетті мүмкіншілігінше орындау: I can play football, but I am not able to play now, I don’t feel well.
Достарыңызбен бөлісу: |