may (might) (мүмкін, бәлкім)
May модальдық етістігін істі таңдауға мүмкіндік болған жағдайда қолданады. Бір істі істеуге рұқсат етілетінін, мүмкін екенін көрсету үшін қолданылады: You may go there. – Сіздің онда баруыңызға болады. It may rain today. – Мүмкін, бүгін жаңбыр жауар.
Болымсыз түрде жауап беру іс-әрекетті істеуге рұқсат етілмейтін көрсетеді, бірақ қатал түрде емес: May I go there? – No, you may not.
Өткен шақта might қолданылады, бірақ төлеу сөзде ғана.
must тиісті (міндетті түрде)
Бұл модальдық етістік субъектің (бастауыш) істі орындамауға мүмкіншілігі болмаса қолданылады. You must go there. – Сіз онда баруға тиістісіз (барғыңыз келе ме, келмей ме біздің онда жұмысымыз жоқ, баруға міндетсіз).
Барлық шақта must өзгермей қалады.
to have to (had to) тиісті (мәжбүр болу)
Бұл модальдық етістік must етістігін ауыстырады және міндеттілікті білдіреді. I have to go there. – Мен онда баруға тиістімін (баруға мәжбүр болып тұрмын).
Сұраулы сөйлемде: Do/did I have to write?
Болымсыз сөйлемде: I don’t/didn’t write.
Өткен шақта had to қолданылады: He had to make it himself – Ол өзі жасауға тура келді.
to be to тиісті (уәделескен іс)
to be to модальдық етістігі тиісті уәделескен істі білдіру үшін қолданылады. Мысалы: I am to go there. – Мен онда баруға тиістімін (мен баруға тиістімін, өйткені уәделескенбіз)
shall, should Shall модальдық етістігі бұйрық беру мағынасында міндеттілікті білдіреді. Мысалы: You shall do this work at once – Сіз бұл жұмысты міндетті түрде дереу істеуіңіз керек.
should модальдық етістігі ақыл, сөгіс, өкініш реңімен міндеттілікті білдіреді. You should enter the institute. – Сіздің институтқа түсуіңіз керек.
ought to тиісті (борыш, парыз)
Бұл етістік парыз, іс-әрекетті орындау қажеттілігін көрсету үшін қолданылады. Мысалы: You ought to help your friend – Сіз досыңызға көмектескеніңіз жөн.
need Бір ғана формасы бар. Болымсыз сөйлемде ғана қолданылады және бір істі істеудің керек емес екенін білдіреді: You need’n come so early.- Сізге ерте келудің керегі жоқ.
Бұл етістік сонымен қатар мағыналы етістік ретінде «бір нәрсеге мұқтаж болу» мағынасында қолданылады. Мысалы: He needs a long rest - Оған ұзақ демалыс қажет.
Бекіту жаттығулары