Шақтардың қиысуы Sequence of tenses Ағылшын тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемімен шақтардың қиысу ережесі қолданылады.
Егер басыңқы сөйлемдегі етістік осы шақта немесе келер шақта тұрса, онда бағыныңқы сөйлемдегі етістік мағынасы жағынан қандай да бір шақта тұруы мүмкін және бұл жағдайда шақтардың қиысу ережесі қажет етілмейді.
Мысалы:
She says that they will go to Astana in summer. – Ол олар Астанаға жазда барады деп айтты. She says that Alina takes English lessons. – Ол Алина ағылшын тілінен сабақ алып жүр дейді. Шақтардың қиысу ережесі егер басыңқы сөйлемдегі етістік Past Indefinite немесе Past Continuous-та тұрса қолданылады. Бұл жағдайда бағыныңқы сөйлемде барлық осы шақтар мағынасы жағынан сол топтағы өткен шақтармен ауыстырылады, ал барлық келер шақ топтары – өткен шақтағы келер шақпен (Future-in-the-Past) ауыстырылады. Осы жағдайда бағыныңқы сөйлемде:
а) бір уақыттағы іс-әрекетті көрсету үшін Past Indefinite немесе Past Continuous: She said that Alina took English lessons. – Ол Алина ағылшын тілінен сабақ алып жүр деді. ә) бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттен бұрын болғанын көрсету үшін Past Perfect:
He said that they had been good friends for many years. – Ол олардың мәңгілікке жақсы достар болғанын айтты. б) келер шақтағы іс-әрекетті көрсету үшін Future-in-the-Past қолданылады:
He said that we should learn English. – Ол біздің ағылшын тілін үйренетіндігімізді айтты. Егер бағыныңқы сөйлемде жалпыға ақиқат жайында айтылса, онда шақтардың қиысу ережесі сақталынбайды:
Galileo proved that the Earth moves round the Sun. – Галилей жердің күнді айналатындығын дәлелдеді.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1 Ағылшын және қазақ тіліндегі шақтардың қолданылуына назар аудара отырып, сөйлемдерді аударыңыз. 1. When he learnt that his son always received excellent marks in all the subjects at school, he was very pleased. 2. When he learnt that his son had received an excellent mark at school, he was very pleased. 3. We did not know where our friends went every evening. 4. We did not know where our friends had gone. 5. She said that her best friend was a doctor. 6. She said that her best friend been a doctor. 7. I didn’t know that you worked at the Hermitage. 8. I didn’t know that you had worked at the Hermitage. 9. I knew that you were ill. 10. I knew that you had been ill.