He said: ‘’I’ll do it tomorrow’’. – He said that he would do it in the next day.
Сұраулы сөйлемдерді аудару Егер төл сөз сұрақтан құралған болса, төлеу сөзге айналдырған кезде бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне бағына отырып, сөздердің хабарлы сөйлемдегідей тура тәртібіне байланысты құрастырылады. to sayетістігі to ask етістігіне ауысады, жалпы сұрақтар if, whether жалғаулықтары арқылы енгізіледі. Мысалы:
He asked me, ‘’Have you been abroad?’’ (Ол: «Сен шетелде болдың ба?» деп сұрады) – He asked me if had been abroad(Ол менен шетелде болдың ба деп сұрады).
Ал арнайы сұрақтарда сөз тәртібі хабарлы сөйлемдердегідей өзгереді.
She ask, ‘’Where is John?’’ (Ол: «Джон кайда?» деп сұрады) – She asks where John is (Ол Джонның кайда екенін сұрады).
Бұйрықты сөйлемдерді аудару Бұйрық және өтініші бар сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырған кезде бұйрық рай формасы инфинитив формасына ауысады.
To sayетістігі to order, to tell етістіктеріне ауысады. Мысалы:
She said to him, ‘’Come at 6 o’clock’’ (Ол оған: «Сағат 6да кел» деді). – She told him to come at 6 o’clock (Ол оған сағат 6да келуін бұйырды).
Бұйрықты сөйлемдердің болымсыз түрі инфинитивке ауысады және алдына not сөзі қосылады.
She said to him, ‘’Don’t wait for me’’ (Ол оған: «Мені күтпе» деді). – She told him not to wait for her (Ол одан оны күтпеуін сұрады).