Инфинитив
The Infinitive
Инфинитив – ол іс-әрекетті жалпы түрде білдіреді, қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады. Инфинитив ол етістіктің бастапқы формасы болып есептеледі. Инфинитив көбінесе to арқылы беріледі. Қазақ тілінде инфинитивке «тұйық етістік» сәйкес келеді.
Төмендегі жағдайларда инфинитив to-сіз қолданылады:
Модальды және көмекші етістіктерден кейін: I can play the piano.
To make (), to let, to see, to hear, to notice, to watch, to feel, кейде to help етістіктерінен кейін: He made me do it.
Егер бұл етістіктер ырықсыз етісте қолданылса, онда олардан кейін to қолданылады: He was made to do it - Оны осылай істеуге мәжбүр етті.
Had better, would rather, would sooner тіркестерінен кейін: You had better go there at once. - Сіздің онда дереу барғаныңыз дұрыс болады.
Инфинитивтің уақыт және етіс формалары бар:
|
Active
|
Passive
|
Indefinite
|
to help
|
to be helped
|
Continuous
|
to be helping
|
---------
|
Perfect
|
to have helped
|
to have been helped
|
Perfect Continuous
|
to have been helping
|
---------
|
Indefinite Infinitive – жалпы осы шаққа және келер шаққа қатысты іс-әрекетті білдіреді: It is interesting to study foreign languages.
Continuous Infinitive – негізгі етістіктегі іс-әрекетпен бірге болып жатқан созылыңқы іс-әрекет: It was pleasant to be driving the car again.
Perfect Infinitive – негізгі етістіктегі іс-әрекеттен бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. He was to have helped her.
Perfect Continuous Infinitive – өткен шақта басталып жәнәлі болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. It’s terrible to have been waiting for her so long.
Достарыңызбен бөлісу: |