Сөйлемдегі қызметі
1. Бастауыш. To skate is pleasant.
2. Баяндауыш. Your duty is to inform me about it.
3. Толықтауыш. I asked him to help me.
4. Анықтауыш. He expressed a desire to help me.
5. Пысықтауыш. I went to the station to see off a friend.
Келесі етістіктерден кейін инфинитив to-мен қолданылады:
to agree to offer to decide to appear to forget to refuse to attempt
to plan to seem to promise to manage to arrange to dar to learn(how)
to pretend to threaten to fail to hope to afford to tend to want
to like
Objective with the Infinitive
Объективті инфинитивті орам
Инфинитив зат есім немесе есімдікпен келсе, құрмалас толықтауыш қызметін атқаратын инфинитивтік орам жасайды. Яғни, ол зат есім немесе объектілі септіктегі есімдік және инфинитивтен тұрады.
Қолданылуы:
Сезімді қабылдау етістіктерінен кейін (Инфинитив to - сіз): to see, to hear, to feel, to watch, to notice, to observe, to perceive. I saw him cross the street.
Талап немесе тілекті білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to- мен): to want, to wish, to like, to hate, to desire, to intend. He wants me to come on Sunday.
Ойлау қабілетін білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to – мен): to know, to believe, to think, to consider, to expect. We believe him to finish the work in 2 days.
Сөйлеу қабілетін білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to –мен): to tell, to ask, to order, to command, to allow. The captain ordered him to come early.
Іс-әрекет жасауға түрткі болатын етістіктерден кейін (Инфинитив to- сіз, to –мен): to let, to make, to have, to get. She made him drink some milk.
Бекіту жаттығулары
Достарыңызбен бөлісу: |