Хабарлы сөйлемдерді аудару
Хабарлы сөйлемдерді төл сөзден төлеу сөзге айналдырған кезде сөйлем құрастыру кезінде мынадай өзгерістер болады:
1. to say етістігі to tell етістігіне ауысады.
2. that жалғаулығы қосылады (оны қалдырып кетуге де болады).
3. Есімдіктер мағынасына қарай ауысады: I және we – he, she, they, т.б.
4. Егер басыңқы сөйлемнің етістік-баяндауышы Past Indefinite-те тұрса, онда бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне байланысты өзгереді.
5. Мезгіл және мекен үстеулері, сонымен қатар сілтеу есімдіктері былай өзгереді:
now – then
yesterday – the day before
today – that day
tomorrow – the next day
ago – before
this – that
these – those
here – there.
Direct Speech: Mary said to me: ‘’I worked at this office’’. (Мэри маған айтты: «Мен офиста жұмыс істедім») – Indirect Speech: Mary told me that she had worked at that office (Мэри маған офиста жұмыс істегенін айтты).
Егер to say етістігінен кейін жанама толықтауыш келмесе, сол күйінде қалады.
He said: ‘’I am a pupil’’ (Ол айтты: «Мен оқушымын»). – He said that he was a pupil (ол өзінің оқушы екенін айтты).
Егер сөйлем Present Indefinite-те немесе Present Continuous –та тұрса, онда Past Indefinite-ке немесе Past Continuous-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері және сілтеу есімдіктері былай өзгереді: now – then (at that moment, at the time), today – that day, this – that, these – those, here – there.
She said: ‘’I can’t give you a definite answer now’’ (Ол: «Мен саған толық жауап бере алмаймын», деді). – She said that she couldn’t give me a definite answer at the moment (Ол маған толық жауап бере алмайтындығын айтты).
Егер сөйлем Past Indefinite немесе Present Perfect –те тұрса, онда Past Perfect-ке өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: yesterday – the day before, ago – before, last night (year) – the previous night (year).
Егер сөйлем Future Indefinite немесе Future Continuous –та тұрса, онда Future in the Past, Future Continuous in the Past-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: tomorrow – the next day, next year – the following year.
Достарыңызбен бөлісу: |