Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
II типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер II типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер немесе нақсыз шартты сөйлемдер осы кезеңге немесе болашаққа қатысты орындалуы мүмкін емес жағдайды көрсетеді. Бұндай жағдайда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта, ал басыңқы сөйлемде баяндауыш алдында should, would (could, might) және инфинитив to–сіз қолданылады.
To be етістігі бұл жағдайда барлық жақта жекеше және көпше түрде were формасында болады.