Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


ы  дыбысы мен келесі сөздің басқы  а



Pdf көрінісі
бет115/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159
Байланысты:
file-6694

ы 
дыбысы мен келесі сөздің басқы 
а 
дыбысы кірігіп, 
аласаз 
болып айтылады да өлең өлшемі 
дұрыс шығады, Өлең жолдарындағы бір ырғақты сөздердің 


230
арасындағы екі дауыстының бірі әрдайым «жұтыла» бермей-
ді: егер буын саны дәл келсе, мұндай екі сөз бірінің соңы, 
екіншісінің басындағы дауыстыны кіріктірмей, олар сақталып 
айтылады. Мысалы, Абайдың:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –
деген өлең жолдарындағы 
көркі енеді
деген сөздер қатар 
тұрғанмен бірінші (
көркі
) сөздің соңғы дауыстысы да, екін-
ші (
енеді
) сөздің басқы дауыстысы да жеке-жеке айтылады, 
өйткені өлеңнің бұл тармағы осы тұрысында 11 буынды, олар-
ды кіріктіріп айтса, 10 буын болып, өлеңнің өлшемі де, ырғағы 
да бұзылады.
Кейде өлшемге қажет буын саны жетпей тұрса, «жедел 
жәрдемге» 
ы, і
дыбыстары «шақырылады». Мысалы:
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес, –
деген өлеңдегі бірінші тармақтың жолдарын жазылуы бойын-
ша санасақ – 10 буын, сондықтан бұл өлең айтылуда: 
ба-йа-
на-уыл ба-сы- нан бұ-лыт кет-пес
болып, 
бұлт 
сөзі 
бұлыт
бо-
лып дыбысталады. Бұл – алдыңғы екі дауыстының біреуінің 
«жұтылып» кетуіне қатысты құбылысқа қарағанда, әлдеқайда 
сиректеу кездеседі, дегенмен қазақ өлеңінің сазында орын ала-
тынын айтуға болады.
Қазақ поэзиясы ассонанс пен аллитерация деп аталатын 
дыбыстар біркелкілігінен туатын құбылысты да стильдік 
мақсатпен кеңінен пайдаланады. Өлең жолдарында немесе 
қатар келген сөздердің басында, мақал-мәтелдерде, тұрақты 
тіркестерде, монологтерде, мақала, кітап т.б. аттарында, га-
зет-журналдардың айдарларында немесе тақырып аттарында, 
қысқасы, текст ішіндегі сөздер біркелкі немесе бір-біріне жуық 
(мысалы: 
т-д, б-п, с-з
сияқты дыбыстар) дауыссыздардан бас-
талып келсе, ол аллитерация деп аталады. Мысалы, Мұқағали 
Мақатаевтың «Жастық» атты өлеңінің мына шумағына назар 
аударалық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет