Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет95/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
file-6694

ОРФОЭПИЯЛЫҚ НОРМАЛАНУ
Қазақтың бүгінгі ұлттық әдеби тілі жазбаша және ауызша 
түрде қызмет етеді. Жазба әдеби тіл жазба әдебиеттің өмір 
сүруі мен дамуына қатысты болғандықтан, ол көркем әдебиет 
пен баспасөзде, ғылыми әдебиет пен оқу-тәрбие кітаптарын-
да, ресми құжаттар мен кеңсе-іс қағаздары беттерінде көрініс 
табады. Аты айтып тұрғандай, жазба әдеби тіл – жазылған 
дүниелердің тілі, ал әдеби тілдің ауызша түрдегі қызметінің 
мәні бүгінгі қазақ қоғамының тіршілік-тынысында жазба тіл-
ден кем емес. «Ауызша әдеби тіл» деген термин мен «ауызекі 
сөйлеу тілі» деген категориялар – бір емес, соңғыда адамдар 
бір-бірімен таза әдеби тілде емес, күнделікті тұрмыстағы өзара 
сөйлесу мәнерінде қарым-қатынас жасайды, ол – әлдеқайда 
еркіндеу, өзіне тән ерекшеліктері бар тіл үрдісі, бұл ерек-
шеліктер сөйлем құрастырудан бастап, сөз тандауға дейінгі 
өрісті қамтиды, мұндайда адамдар бөгде тілдік элементтерді 
(көбінесе орыс сөздерін) қосып жіберу, қарапайым сөздерді, 
«паразит» сөздерді араластыру, одағай сияқты «көңіл күйі» 
сөздеріне салмақ салу дегендерге барады. Ауызекі сөйлеу тілі – 
адамдардың үй ішінде, үйден, жұмыстан тыс кездескен жерде, 
ресми емес орындарда (айталық, отырыстарда, қонақта) өзара 
қарым-қатынас жасайтын тұрмыстық тіл, қарапайым тіл.
Ал ауызша әдеби тіл – әдеби тілдің бір түрі. Оның жұмсалатын 
орындары тұрмыстағы сәттерден өзгеше, олар: әр алуан көп не 
аз адам қатысатын жиын-жиналыстар, мәжіліс-мәслихаттар, 
саясат, ғылым, өнер, шаруашылық тақырыптарына арналып 
көпшілік алдында айтылатын сөздер, әңгімелер, лекциялар, 
ақыл-кеңестер, нұсқаулар, балабақшалардан бастап мектеп, 
жоғарғы оқу орындарына дейінгі оқу-тәрбие жұмыстары, ра-
дио мен теледидардан берілетін хабарлар, бұларда сөйленетін 
сөздер, театрлар мен өзге де өнер сахналарынан айтылатын 
және шырқалатын ән сөздері. Бұларда айтылатын, естілетін тіл 
ауызша әдеби тіл деген дәрежеге ие. Демек, оның нормалары 
жазба әдеби тілден де, ауызекі сөйлеу тілінен де өзгеше болуға 
тиіс. Ауызша әдеби тілге қойылатын басты талап – сөйлеу ак-
тісінде сөздерді дұрыс дыбыстау, дұрыс айту. Бұл нормаларды 


195
ғылымда орфоэпиялық нормалартдеп атайды, ал біз осы нор-
маларды қалың жұртшылыққа ереже түрінде талдап баяндаған 
көмекші құрал ретіндегі еңбегімізде мұны қарапайым халыққа 
түсінікті болу үшін «Сөз сазы» деп атадық (Р.Сыздықова. Сөз 
сазы. Алматы: Санат, 1995. 2-басылым). Сөз сазын талап ететін 
жер – шаршы топ алдында ауызша сөйлеу сәттері. «Шаршы топ» 
дегеніміз – көпке арналып сөз айтылатын жер, яғни сол сөзді 
тыңдайтын адамдар тобы. Шаршы топ алдындағы сөз (орысша 
«публичная речь») аз болсын, көп болсын әлеуметтік мәні 
бар, яғни жұртшылық назарына ұсынылған, қоғам мүддесіне 
арналған әңгіме болуы керек. «Шаршы топ алдындағы сөз» 
деп ұзындау сөз тіркесімен атап отырған категорияны тер-
миндеп атаудың да қажеттігі байқалады. 20- жылдардағы 
ғалымдарымыз 
публицистика 
терминін 
көсемсөз
деп атапты. 
Тегі, 
көсемсөз
термині публицистикадан гөрі, «шаршы топ 
алдындағы сөз» дегенге мағына жағынан жақындау келетін 
сияқты, өйткені көсемдік сөз, әдетте ақыл-насихат сөзі ғой, 
көсем – халықты «идеология» жағынан басқаратын, ол үшін 
ақыл сөзін айтатын адам ғой, яғни 
көсем
– рухани басшы, ал 
ондай басшының «бес қаруы» – тілі және жай тіл емес, ақылды, 
логикалы, әсерлі, құлаққа жағымды, ойға қонымды, көпшілік 
қауымға арналатын тіл болмаққа керек.
Ондай тілмен ұсынылатын сөзді қазақ «шешендік сөз» деп 
те атайды. Бұл тұрғыдан келгенде, шаршы топ алдындағы сөзді 
«шешендік сөз» деп атауға да болар. Бірақ бұның қисыны кел-
мейтін себептері бар: біріншіден, бұл терминнің бұрыннан 
қалыптасқан ұғымы бар, ол – «шешендер» деп аталатын би, 
рубасы, елағасы сияқты әлеуметтік топтың сөз үрдісі, дәлірек 
айтсақ, әр алуан дауларды қазақтың әдет-ғұрып заңы бойын-
ша (бұл заңды орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте «обычное 
право казахов» деп атап жүр) шешіп, үкім айтатын билер ай-
тысы, әрқилы дауға барған жақтардың өзара айтыстары, ел 
қорғауға шақыратын жиындардағы хандар мен батырлардың 
сөздері, ас-тойларда көпке қаратып айтылатын ру-тайпа, ауыл-
ел ағаларының (басыларының) сөздері, киелі ауыз иелерінің 
көпке арналған ақыл-кеңестері, тілек-баталары, қысқасы, 
өлең-толғаумен емес, қара сөзбен айтылатын сөздері «шешен-
дік сөздер» деп аталған.


196
Ал біздің заманымыздағы шаршы топ алдындағы «шешен-
дік сөздердің» айтылатын орындары да, сипаты да (мазмұны, 
тақырыбы да), тыңдаушылардың топтары да мүлде басқаша 
екендігі белгілі. Сондықтан бүгінгі шаршы топ алдындағы 
сөздің бәрі, мысалы мұғалімнің сабақ түсіндіруі, ұжым жина-
лыстарында жұмыс жөнінде пікір айту сияқтылар «шешен» 
деген анықтамаға (эпитетке) сай келмейді, олар да, әрине, 
дұрыс құрылған, түсінікті, дұрыс дыбысталған болуы ке-
рек, бірақ мұнда қазақтың «шешендік сөз» деп аталатын сөз 
үрдісінің атрибуттары табылмайды. Осы себептен не «шар-
шы топ алдындағы сөз» деп тіркеспен атауды қалдырған, не 
«көсемсөз» деп «ығыстырып» алған термин дұрыс болар деп 
то
пшы
лаймыз.
Қайткенде де бүгінгі қазақ тілінің жұмсалу тәжірибесінде 
ауызша әдеби тілде сөйлеудің осы түрінің бары анық және оның 
әрі қарай дами түсері де даусыз. Өйткені бұл күнде қазақ тілін-
дегі «шаршы топ» аясы, түрлері көбейіп отыр. Әсіресе «шаршы 
топтағы» сөздің ең жиі, ең «көпшілік қолдысы» – теледидар 
мен радиодан ауызша «табан аузында» айтылатын сөздер жиі 
естіле бастады. «Орыс тілді» бастық (әкім) қазақтарды бір-бір 
сөйлеммен болса да, қазақша сөйлетуді теледидар дағдыға ай-
налдырып келеді. Сірә, бұл – үлкен істің барлық іс-әкімшілік 
тұтқасын ұстап отырған адамдар мемлекеттік тілде сөйлей 
алатын, жаза алатын болуға міндетті болуы үшін күрестің (іс-
шаралардың) бастамасы шығар деп танимыз. Біздің бұл жер-
дегі айтпағымыз – бүгінгі шаршы топ алдындағы сөздердің, 
жалпы шешендік сөздің тарихы, түрлері, қолданылатын орын-
дары, маңызы жайындағы ой-толғамдарымыз емес, сол сөздің 
бір шарты – сөйлеу актісіндегі сөздердің дұрыс айтылуы, ды-
бысталуы жайындағы пікірлеріміз, талдауларымыз, яғни орфо-
эпия проблемасы.
Бұл проблема да – ғылымның, оның ішінде тіл білімінің ны-
саны (объектісі), бірақ ең кенжелеп дүниеге келетін, кеш қолға 
алынатын және қалың бұқара онша көп мән бере қоймайтын са-
ласы. Бұл – халықтардың қай-қайсысының да мәдени, ғылыми 
дүниесінде өзге салалардан гөрі қолға кейінірек алынатын 
сала. Атап айтқанда, орфоэпия мәселелері әдеби тілдің ұлттық 


197
сипатқа ие болғаннан кейін, оның лексикалық, грамматикалық, 
стилистикалық нормалары едәуір қалыптасып, орныққаннан 
соң, яғни әдеби тілді пайдалану жалпыхалықтық, баршаға 
ортақтық дәрежеге жеткеннен кейін, оның өзінде де жалпы 
ауызша сөйлеу, оның ішінде шаршы топ алдында сөйлеу өрісі 
кеңейген соң, қысқасы, «тіл мәдениеті» мықтап назарға ілік-
кенде пайда болады, ғылым-таным объектісіне айналады.
Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын танып-
білу мен зерделеп-таныту, нормаларын әңгіме ету – соңғы 
онжылдықтардың жемісі. Тіл білімінің бұл тармағы 60-
жылдардың ішінде қауырт қолға алынып, едәуір жұмыстар 
да істелді: орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді; орфоэпиялық 
ережелер ұсынылды; ондаған мақала жарияланды. Бірақ 
бұлардың барлығы да – үлкен істің беташары ғана болып ке-
леді. Орфоэпиялық нормаларды қазіргі аппараттарды пайдала-
на отырып, ғылыми негізде зерттеу, орфоэпия ережелерін де, 
емле ережелері сияқты, дұрыс пайдалануды қалың көпшілікке 
міндеттеу, ол үшін орфоэпиялық жаңа құралдар, ережелер ко-
дексі, сөздік, анықтағыштар шығару жұмыстары тұр.
Біз бұл жұмыста орфоэпиялық нормалардың өзін жеке-жеке 
талдап көрсетуді мақсат етпейміз (олар «Сөз сазы» атты екі рет 
жарық көрген көмекші құралда жақсы, толық көрсетілді).
Орфография мен орфоэпияның бір-біріне ұқсас жақтары 
бар: екеуі де – практикалық - қолданбалы сала, ережелер-
ге сүйенеді, жалпыға ортақ болады, міндетті болады. Сөйте 
тұра үлкен айырмасы да бар. Сөздерді дұрыс жазуға арналған 
орфографиялық ережелерді өзіміз жасаймыз, ол жазу таңбасы 
өзгерген сайын жаңадан түзіліп, оның өзі уақыт озған сайын 
жетілдіре түсу мақсатымен өңделіп, қырналып, толықтырылып 
отырады. Ал сөздерді дұрыс дыбыстау нормаларын біз жаса-
маймыз, ол – қазақ тілін қолданушылардың ұрпақтан ұрпаққа 
көшіп, жалғасып отыратын ежелгі тәртібі, тілдің табиғи 
құбылысы. Ол нормаларды, емле ережелері сияқты, әлсін-әлсін 
өзгерте алмаймыз. Орфография нормалары, оның көрінетін 
жері – тілге сырттай қабыстырылған нәрсе, бұл күні кеше 
пайда болуы да мүмкін (мысалы, қазіргі жазуымыз бен оның 
емлесінің тарихына бар-жоғы 50-60 жыл ғана өтті), ал қазақ 
тілінің орфоэпиялық нормалары – тіліміздің өзімен бірге ежел-
ден келе жатқан табиғи заңдылықтар.


198
Тілдің жазудағы нормалары мен дыбысталудағы нормала-
рын бір-бірінен мүмкіндігінше алшақтатпау әрекеті қашанда 
да орын алып келеді. Дегенмен өзге де көптеген мәдениетті 
жазу дәстүрі ұзақ Еуропа халықтары, оның ішнде орыстардағы 
сияқты, сөздерді жазу мен оларды дұрыс дыбыстауда бір-
біріне сай келмейтін тұстар қазақ тәжірибесінде де бар. Бұл 
да – заңды құбылыс. Мысалы, көптеген сәттерде қатаң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет