Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Аты аңызға айналған ахалтеке



бет10/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Аты аңызға айналған ахалтеке, Олимпиялық ойындардың үш дүркін жүлдегері, ол ұзақ жылдар бойына кеңестіқ ат спортының ұсынымдық көз сапаршысы (визит карточкасы МХ) және қазақ жылқы шаруашылығының мерейі болды.

Луговой жылқы зауытының ғажайып түлегі Абсент турасында бар ғұмырын осы саланың Қазақстанда қаз тұрып, қанат жаюына бағыштаған, бір басында экономиканы, спортты және жоғары өнерді түйіндеген адам сыр шертеді. ҚСРО спорт шебері, ҚСРО- ға еңбегі сіңген өнертапқыш, жылқы шаруашылығы жөніңдегі оқулықтың төлиесі (авторы), Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жылқы шаруашылығы бөлімінің қой жылғы меңгерушісі Борис Васильевич Бардин қазірде де еліміздегі осы саладағы жетекші маман болып табылады.

Ат спортының Халықаралық федерациясы

Абсентті әлемнің ең үздік спорттық аты,- деп таныды.

Борис Васильевич, неге, тек қана, Абсент Қазақстандық жылқы шаруашылыгының тариһына енген? Ол өзі қандай болған?

-Абсенттің ҚСРО-дағы тұңғыш олимпиялық чемпион болғанынан бастайық. Бұл оқиға 1960 жылғы Рим Олимпиадасында орын алды. Ол барша қалықты өзінің табиғи сұлулығымен және сымбатымен бағындырды. Оның бір басына биік бой, ауқымды құрылым, бірегей бітім және аһалтеке жылқысына ғана тән әсем сырт көрініс лайық болатын. Оны манежге алып шыққанда ол ат үшін жүріс мектебінің ең қиын өрнектерінің бірі - пассажбен (сәнжүріспен БТ) ойқастайтын.

Бадан түсті ол күн көзінде жарқ-жүрқ етіп, мандайындағы жұлдызшалары мен әппәқ тобықтары өзіне ерекше сән беретін. Қалай мақтаныш етемін десеңіз де жарап бағатын. Оның үстіне Абсент ерекше еңбекқор еді—ол 12 жыл бойына, қатарынан үш олимпиадаға әзірлікті және қатысуды көтерді, бұл тұрғыда ат спорты тариһында өзғе жылқы болған емес. Абсент 23 жыл ғұмыр сүрді. Ол жер қойнына түрегеп тұрған қалпында берілді. Мұндай қадір-қасиетке кез келген ат белене бермейді.

-Абсент өз ата-тектері-түркімен аһалтекелерінен қалайда өзгеше болды ма, әйтпесе ол өз тұкымының таза үлгісі болды ма?

-Тек, Абсент қана емес, оның өзге де қазақ туыстары «түркімендерден» құрылымы, жөн-жобасы бойынша өзгеше болатын. Біздің жылқылар қуаттылау, бітімі мықтылау болып келетін. Бұл жағдаятты Түркмениядағы шөлдер мен шөлейт жерлердеп жем-шөптің кемшілдігімен түсіндіруге боладыТүркменияда бұл тұқымның отанында жылқыларды қолдан тамақтандырып, шелпек нандар, жоңышқа ұсынуға тура келген. Ал аһалтеке жылқылары қазақ елінің бай өлкелері мен жайылымдарына келгеннен соң-ақ іле тез өсіп, дами бастаған.

Иә, тек, бізде ғана, Әулие-Атаның жалпақ жайылымдарында ғана аты аңызға айналған Абсентті өсіруге мүмкіндік туды.



-Абсенттің әкесін Қазақстанға маршал Буденный сыйлады деген сөз шын ба?

- Нақты шындық Абсент таза аһалтеке тұқымды Араб атты айғыр мен Баққара атты биеден туады. Араб-түркімен атбегілер 84 күн ішінде 4300 шақырым жерді өткеріп Ашхабад – Мәскеу аралығын басып өтіп Мәскеуге, Қызыл алаңға ат басын тіреген жорыққа қатысқан болатын. Бұл 1935 жылы болғанды. Алаңда оларды Кеңес Одағының маршалы Семен Михайлович Буденныйдың өзі құттықтады. Түркмендер оған Араб есімді сұр айғырларын тарту етті.Араб кейінде ЦСКА-ның Мәскеудегі базасында бағып-қағылды.Ол 11 жасыңда 2 метр І2 сантиметрден секіріп,биіктікке секіруден бүкілодақтық рекорд жасады. Онымен Кеңес Одағының атақты атбегі Елизар Левин өнер көрссткен еді.

1949 жылы жылқы шаруашылығы жөніндегі министрдің орынбасары маршал Буденный (ол кезде осындай қызмет болатын) Қазақстанға келгенде Әулие-Атадағы жылқы зауытына барды. Тәрізі оны ондағы биелер ғажан таңдандырса керек, ол Мәскеуге жетісімен өзінің Араб деген айғырын біздің 49-шы жылқы зауытына жібереді. Ол көп пайдаланылған жоқ- дегенмен жасы жеткен ғой, бірақ оның басты сіңірген еңбегі оның ғасыр жылқысы - атақты Абсенггі қалдырғандағында болды.

Оның түлектерінің ішінен сондай-ақ Алфавитті, Артисті және Авангардты атай етуге болады. Авангард Луговойда бағылды.

Артист-Ленинградтық циркте, ал Алфавит Алматының ат спорт мектебінде өнер көрсетті, (атта шынығу мектебі).

-Абсенттің аты алғаш рет қашан шықты?

-1958 жылы Абсент 6 жасында Луговой жылқы зауытының директоры Вениамин Ивановтың талабымен, ол Абсенттің спорттық болашағын болжай білген еді, Абсент ҚСРО ХШЖК- сіне қойылды. Оған Кеңес Одагындағы жылқылардың барлық тұқымдарының үздіктері жеткізілді. Қазақстандық аһалтекелерден сымбатты қарагер Абсент пен құла түсті Кубанъ апарылды. Оның тұла бойында әрең сезілетін алтын түстес «алмалар» шашылған болатын—мұндай түс өте сирек кездесетін. Олармен бәсекелесуге Түркмения жылқы зауыты мен Ресейдегі Терск аһалтекелерінің ғана шамалары келетін.

Квалификациялық комиссияның (мамандар алқасының) төрағасы, әрине, Семен Михайлович Буденный болған ғой.

-Буденный Абсенттің ата-анасын білді ме?

-Иә, білді және де ол Абсенттің өзі Қазақстанға сыйға тартқан айғыры Арабтың ұлы екендігін мақтан ететін. Абсент—Кубань дуэті барша жұртты бағындырды. Олардың сирек кездесетін сұлулығы, қандай болмасын жүрістегі ырғақты қимылдары, аса беделді комиссияға (алқаға), оларға алтын медальдар тағып және чемпион атақтарын беруге кең жол ашты.

-Сөйтіп, Абсент Мәскеуде қалдырылды ма?

-Өйтпеске амал бар ма? Буденный табан астында атақты атбегі Сергей Филатовтың жаттықтырушысы, Кеңес Армиясының майоры, майдангер Николай Александрович Ситькоға телефон шалды. Сіз, бәлкім, оның аттарының біреуін көрген боларсыз. «Садко» фильмінде оның кейіпкері сұр араб атына мініп шығады ғой, есіңізде ме? Сол атақты Цецар деген ат болатын. Ситько оған мінігі төрт жыл қатарында ҚСРО біріншіліктерінде жеңіп шығып отырды.

Сонымен Ситько мен Филатов Буденныйдың шақыруымен ХШЖК-не келді.

«Мына қара, Коля,— деді Буденный Абсентті нұсқай, — бұл ат менің Арабымның ұлы, дайын болуға тақау тұр. Ал сен бүкіл Кеңес Одағыя айналып келіп, көркем, сәнжүріске лайықты таппадың». Филатов Абсентті ерттеді-шындығында ат-тай

қазір жарысқа қоссаң да дайын тұр. Осы кезде Қазақстаннан да жеделқат келді: жылқы зауытының директоры Виниамин Иванов Абсентті КАОК-на алуға келісім берді. Әрине, қимағанмен болмады, ол Абсенттің болашағына бөгет болғысы келмеді әрі оның жылқы зауытының да, ҚСРО-ның да, атағын шығаратындығына берік сеңді. Осылайша Абсент ҚАОК командасының құрамына кірсе де, Луғовой ат зауытының тізімінде болды.

-1958 жылы неміс қаласы Аахене де (ФРГ) табысты өнер көрсетті, ол Олимпиадалық ойындарға жолдама іспеттес болды. Бірақ ол ойындар алдында бір оқиға болыпты ғой, соны айтынызшы.

-Абсент Олимпиадалық ойындарға қатысардан бұрын Еуропа біріншілігінде сыннан өтіп, онда орташа бәйгі бойынша алтын медальге ие болды (көркем жүрісте үш бәйгі - кіші, орта және үлкен бәйгі сарапқа түседі жәнс осы жарыстарда табысқа жеткендер ғана Олимпиадалық ойындарға жолдама алады) Осылаиша Абсент 1960 жылы Кеңес Одағы командасының құрамында параходпен Римге ХУІІ-Олимпиадалык ойындарға қатысуға жөнелтілді. Филатов он бір елден келген атақты атбегілермен бәсекеге түсті, олардың қатарында төрт дүркін Олимпиада чемпионы барон Сенсир, атақты ІІІамарген барон Неккерман және басқалар болды. Бұдан төрт жыл бұрын Кеңес одағы ат спортының классикалық түрлерінен алғаш рет Хельсинкидегі Олимпиадалық ойындарға қатысып табыссыз оралған болатын. Психологиялық тұрғыдан Филатовқа қиын тиген болу керек. Оның үстіне оған дәл шығардың алдында аттың аузында ағараңдаған не деген сұрақ қойылған Абсенттің тілін шығарып шайнайтын әдеті болады екен Филатов не екенін түсіндіреді. Ақыры төрешілер алқасы арада күн өткен соң ғана кино - көрініс жазбаларды көріп барып Абсентті жеңімпаз деп жариялаған.

-Бірақ бұдан кейін Абсенттің жұлдызды жолы неге болмаған?

-Сергей Филатов 1964 жылы Абсенттпен Токиодағы Олимпиадада өнер көрсеткенде, тек үшінші орынды ғана иемденген. Ол өзіне тым сеніп, сан қилы қателіктер жіберген, осыны сезген Абсенттің тілін де алмаған. Бұл спортшы осындай жолсыздықтары үшін кейін мұндай дәрежедегі жарыстарға жіберілмейтін болды.

Үшінші рет Абсент Мехикодағы Олимпиадалық ойындарға енді Иван Калитаның ертоқымы астында қатысты. Адамдар сияқты әрбір жылқыда да өзіндік абыройы, «Мен»,- деген мінез болады. Сергей Филатов өзін ат танығанша ұзақ жол жүрді, ал Калита өйте алмады, соның нәтижесі болар, аяғында 4-ші ғана орынға қолы әрең жетті.

Бірақ соған қарамастан, ат спортының Халықаралық Федерациясы Абсентті әлемнің ең үздік, әрі жігерлі, спорттың аты деп таныды. Үш Олимпиаданың салмағын көтеру әрі он екі жыл бойына үздіксіз жаттығу кез келген аттың қолынан келе бермейді.



Ал сіз Абсентпен қалай таныстыңыз?

Абсент Ашһабад (ипподром) бәйгі алаңында алғаш рет өнер көрсеткенде үш-ақ жаста болатын, әрі ол орташа ғана көрсеткіштер көрсетті. Сол жылы оны Алматыдағы Республикалық ат спорты мектебіне ауыстырдық. Бұл 1956 жылы болатын. Мұнда оны өте білгір жаттықтарушы Кәрім Әсенов өз қарауына алды. Ол менің де алғашқы ұстазым, жаттықтырушым болды, мен атқа міну сабақтарын Абсентке отырып барып алдым.

Кейін мен Абсентпен Луговой ат зауытының жылқы бөлімінің бастығы болғанда жолықтым. Біз Абсент біздің зауытта деп есептелгенмен, оны Мәскеуден қайтармай қоюлары мүмкін деп қауіптендік, оған орай мен 1969 жылы Мәскеуге арнайы барып, Буденныйға дейін жеттім. Егер ол көмектеспегенде біз Абсенттен бір жола айрылатын едік. Жалпы Буденный Қазақстанға ерекше сезіммен қарайтын. 1973 жыл мен маршалды жерлеуге қатысға) барғанымда, оның ұлы бізге ескерткіш ретінде Семен Михайловичтің парадтарды қабылдағанда отыратын әдемі ағылшын ерін сыйға тартты. Ал ердің тоқымын 1962 жылы маған Семен Михайловичтің өзі сыйлады, мен оны әлі күнге дейін сақтап келемін, онымен парадтарға шығамын. Ол сонда кезінде Врангельден тартып алған қылышты көрсетті, өте әдемі, әрі ауыр дүние. Алтынмен, құнды тастармен зерлеп тастаған! Айтпақшы, Врангель кезінде ат туралы, ең толық еңбек жазған- ол бес томнан тұрады, «Жылқы туралы кітап» деп аталады.Ол Мәскеуде Ленин атындағы кітапханада сақталған. Мен ол кітаптарды оқуға рұқсат алу үшін 20 жылдық партиялық жұмыс стажы бар қамқоршыны іздеп табуға тура келді. Бірақ

мен әңгіме тақырыбынан ауыңқырап кеттім-ау деймін...



-Абсентке қайта оралайық. Ғасыр жылқысынан көп тұқым алынды ма?

-Алты жылда — 60 құлын алынды. Лайықты тұқым алумен көп айналыстық, әрі оны арман еттік.



-Ал аттар қаидай өлшемдер (критерийлер) бойынша таңдап алынады?

-Жылқыларға тұқымдық тұрғыдан баға беру бонитировка арқылы жүргізіледі. Бонитировка-ауыл шаруашылығы малдарына тұқымдық және шаруашылыққа пайдасы жағынан сыртқы белгілері мен өнімділігін, тегі мен еңбегіне, тұқым са-

пасына, т.б. белгілеріне қарай баға беріп, іріктеу деген сөз. Бұл күрделі кешенді баға беру, оған шығу тегі, түр -сыйпат, сыртқы бейнесі, жұмысқа икемділігі, мен көнімділігі, тұқымның сапасы және басқа да көрсеткіштер кіреді. Абсенгке «қалыңдықтар»таңдағанда осындай параметрлерді (бағамдарды) пайдаландық.

Тек сондай жеңіл де әсем қозғалыстарды және түр — сыйпатты сақтау үшін біз инбридингті - алыстан туыстық жақындастыру тәсілін қолдандық. Таза қанды мініс аттары, аһалтеке сияқты жылқы тұқымдары тура инбридинг жолымен алынған. Біз ғажайып аттарды осылайша алдық, олардың ішінде мен өте жақсы көрген Алагир, кейін Одақ чемтпионы болған Агдам, Ақын, Ақбұлақ және Абақан сияқты жылқылар бар, Қазақ КСР- на еңбегі сіңген жаттықтырушы Иван Квасов дайындаған Абаканды бертін келе көркем жүрістен Олимпиадалық ойындар чемпионы болған Елена Петушкова мінді, ол ат өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.



-Абакан кенеттен өліп кеткен сияқты ғой? Ол бірнеше жыл бойы әзірленген күшті спорттық ат емес пе еді?

-Бұл бақытсыздық Петушкованың Еуропа біріншілігіне әзірленіп жатқан кезде орын алды. Қаскүнемдер атшыны араққа тойғызып, атқау берген, оны құтқарып алуға мүмкіндік болмады. Жалпы жылқыны бақылаусыз қалдыруға еш болмайды.



-Ал Алагирдің тағдыры қандай болды. Ол өз әкесі Абсенттің жолын қайталай алды ма?

- Ол детективті дерлік жағдаятқа килікті. Біз зауыт директоры Финько екеуміз ол құлынды бірден байқадық, өйткені ол барлық көрсеткіштері бойынша тура құйып қойған Абсенттің өзі дерлік еді. Оны көздің қарашығындай сақтадық. Ол бір жарым жасқа толғанда, зауыт директоры демалысқа кетті. Осы кезде Мәскеу циркінен Соколов деген әлдекімнің келе қалмасы бар ма! Ол онда атақты цирк әртісі Юрий Ермолаевта жұмыс жасаған, Юрий атақты цирк әртісі Борис Манжеллидің ұлы еді, ал ол болса, кәдімгі әлемде тұңғыш рет атышулы номер қойылым-салтаттысыз жылқыларды аренаға шығарған еді. Иә, сол кезде, директор курортта болған кезде, сондағы аттардың басқарушысы (аты-жөнін атағым да келмейді, арам адам болып шықты) жапондық әдемі «Сейко» сағаттар үшін Алагир мен Аюдагты циркке беріп жібермесі бар емес пе?! Арада бір- екі жыл өткеннен кейін Юрий Ермолаев Алматыға «Березка» және «Штраусиана» ат цирктерімен келді, ол бірден маған министрлікке келді, біз онымен таныс болатынбыз. Жақсы кездестік. Мен бастығымнан өтіліп, біз бірден атқораға бардық.

«Мен саған аттарыңды керсетемін»,- деді Юрий. Атқорамен келе жатырмыз, кенет қарап тұрсам - алдымда Алагир тұр! Мен оған тұра ұмтылдым - шоқтығында (оныншы номір) он саны ойылған, ол осындай нөмірмен біздің жылқы зауытының тіркеуінде есепте болатын. Юра менің бұл атты қайдан білетіндігімді сұрап жатыр. Мен толқып тұрып жауап қайырдым: «Апыр-ау, ол біздің арманымыз ғой, ол - Абсент тұқымын, Ақишан тұқымын таратушы. Сол тармақтан қалған жалғыз осы, қалғандары айтарлықтай емес».

Ол маған қиыстай тағы бірқарады: «Ал бізде және біреуі бар...», қарасам-он бірінші санды (нөмірлі) Аюдаг та тұр. Ермолаев таңтамаша болды. Негізі атбегілер бір-бірін емеурінінен-ақ таниды. Ол былай деді: «Білгің келсе, мен осыларды өзіңе берейін, бірақ сен менде жас аһалтекенің алты құла сәйгүлігі болатын жағдай жаса. Мен «Гусар балладасы» деген нөмір (көрініс - БТ) жасағым келеді.

Дереу зауыт деректіріне «Алагирді таптым!» деп телефон шалдым. Ермолаевтың өзімен қоса, аттар артқан вагонмен бірге ылғи алып жүретін ақ «Мерседесі» болатын. Оны бүкіл Алматы тамашалайтын. Біз сол «Мерседесгіен» Луговойға келдік. Юраға тамаша аттар таңдай бердік. Мәскеу циркі Алагир үшін 35 мың сом сұрады, ал ол кезде ең ғаламат деген аттың өзі 7 мың тұратын. Не істеу керек? Ақшаны қайдан аламыз? Біздегі ауыл шаруашылығы министрлігінде, қаржы бөлімінің бастығы, жылқы десе жаны қалмайтын Иван Нефедович Брежнев деген кісі болды, ол мені жақсы көретін, жарыстарға жиі келіп жүретін. Соған бардым: «Иван Нефедович, 70 мың сом қажет». «Неге?» - деп сұрады. «Абсенттің ұлын цирктен сатып алуымыз керек, жүріңіз, көрсетейін»...

Қаржы таптық. Менің тағы да атбегі досым, Социалистік Еңбек Ері Петр Федорович Томаровский деген кісі болды - оның фермасында асыл тұқымды арғымақтар болатын. Соған телефон соқтым — осылай да осылай, аттардың құжаттарын келістіру керек дедім. Ал ол маған: «Мен арқылы ретте, ешкім тиіспейді». Ол - Еңбек Ері ғой. Абсентті мен алушы ретіндегі құжаттарды келістірдік, мен ол үшін қаржы тәртібін бұзғандығыма қатал сөгіс алдым - іс осымен тынды.

Жалпы аттарды цирктен алып ат спорты мектебіне аттандырдық, мен онда оларды КАОК прапорщигі Геннадий Гуськовпен бірге дайындадым. Таңғы алтыда тұрып, жеті жарымда ипподромға жетіп, сегізге дейін аттармен жұмыс істейтінмін, одан үйге үлгеріп, қызметтен де қалмайтынмын.

-Алагир сіздердің үміттеріңізді ақтады ма?

-Бізге ондағы Абсенттің спорттық мүмкіншіліктерін тианақтау қажет болды. Көпшілік бұған сенбеді де. Бізді демеген Гомаровскийге, Брежневке, Финькога рахмет. Бірақ еліміздің жылқы шаруашылығы үшін өте қолайсыз кезең туды. Қайта құру кезінде жылқы шаруашылықтарының берекесі әбден кетті. Жекешелендірудің нәтижесіиде кеңес спортында шоқтығы биік тұрған асыл тұкымды аттардың барлық үрім - бұтақтары жеке қолға көшті. Атышулы жүйріктердің кейбір тұқымдары Ресейге сатылды, өзгелері - жеке зауыттарды толықтырды. Асыл тұқымды жылқы өсіру - өте күрделі жұмыс. Бір өкініштісі, қазір бұл іспен бизнес үшін ғана айналысады. Оның үстіне бұл тұрғыда атты сүймейтін кездейсоқ адамдар килігеді. Ал кезінде ат зауыттары, әр маманды бірнеше ай бойы талмастан таңдайтын. Иә ... Сөйтіп, Ағдам мен Аюдаг осылайша сатылды, әйгеуір, Алагирді шетелге сатудан қорғап қалдық. Оны Лушвой жылқы зауытына алып кетті. Одан 70-ке жуық құлын алынды. Кезіндегі Ақишан, Абсент тармағын Алагир жалғастырды, ал бүгінде бұл істі олардың балалары ілгерілетуде. Алагир тұқым сақталуы үшін құтқарылып алынды.

-Жаңа бірде сіз аттармен маһаббатсыз айналысуға болмайды дедіңіз... Ал өзіңіз жылқы сіздің басты құмарыңыз екенін қашан ұғындыңыз?

-Жұбайым әлі күнге дейін жылқылардан қызғанады, бәрінен бұрын сенің көкейіңде солар тұрады, - дейді.

Мен ес білгелі, алты жасымнан бері қарай аттармен айналыса бастадым. Алматыда, кейін партия мектебі өсіп шыққан жердегі 14-ші кавалериялық полк бұған үлкен әсер етті.

Балақайлардың баршасы жаз бойына сол полктан шықпайтын. Біз тачанкаларға мініп атты әскерлермен бірге парадтарға да баратынбыз. Әйтеуір ол кезде әскери басшылар да, ат мінген жауынгерлер де балаларға аса мейіріммен қарайтын.

Мен 9-сыныптан бастап енді ипподромда жоғалып кететінді шығардым. Институітың екінші курсында ат спорты бойынша бірінші разрядтың, үшіншісінде -спорт шеберінің нормативтерін орындадым. Зооветеринарлық институтты тәмамдағаннан кейін Ресейдің жылқы зауыттарында тәжірибе жинақтадым. Мен болсам, зауытқа тіптен бала шағымда келдім ғой. Ал ондағылар — өңкей қасқа мен жайсаң, майдангерлер, директоры — генерал! Сөйтсем, ол үш жыл бойына менің ипподромда көрсеткен өнерлерімді бағдарлап отырыпты. Кейін ол институтқа өтініш жіберіп, мені өзінің қарауына жіберуді сұрапты. Келісімен мені жылқы шаруашылығының бастығы етіп тағайындады, ал бұл-директордан кейінгі лауазымы жоғары екінші қызмет.

Олардың ақыл—деңгейін сыйпаттайтын нақты мысал келтіре аласыз ба?

-Мен Луговойда еңбек еткен кезде менде торы және сұр Гарус пен Габарит деген қос сүр аһалтеке ат болды. Барлық үш бөлімшені айналып аралап келу үшін күніне кемінде 70-80 шақырым жол жүру керек болатын. Сонда аттың күндік нор- масы — алты келі сұлыны дорбаға салып жүретінмін. Көбіне бастың астына ер тоқым, үстіме плащ бүркеп қонып қалуға тура келетін. Таңертең оянғанда — төбеңнен аттың қарнын көресің, күзетіп тұрған,- деген сөз. Мен атты тізгіңдеген емеспін, ол соңымнан ерген күйі жүре беретін. Атбегілер мен жаттықтырушьшар мені бұл тұрғыда жиі қалжақтайтын. Сөйлесуге тоқтағанда, Габарит барсайшы неге тұрсың деген- дей сыңай білдіретін. Бірде жалақы алған күні - олар ат ылғи сенімен бірге жүреді, ал кеңсеге кірмейді, бәс тігісейік! - деместері бар ма! Жас та қызу кезім ғой, бәс тігістік

-Не нәрсеге бәстестіңіздер?

-Олардың өлшемі біреу-ақ - бір жәшіқ арақ, ал ол дегеніңіз менің жалақымның жартысы.

Табалдырықтармен көтеріліп келем - олар он бір болатын. Габарит менің артымда келе жатты. Кабинетті тұяғымен тықылдатты, бірақ айнала алмады, бөлме кішкентай ғой. Мен сонсоң оны шегіншектетіп отырып төмен түсірдім де, үйге алып кеттім. Шамалы уақыттан кейін директордың хатшы қызы Катя: «Борис Васильевич, директорға жүріңіз» деп жүгіріп келді.

Кабинетке кірсем, онда бірталай халық - бас инженер, агроном, прораб отыр. Директор олардың барлығын сыртқа шығарды да, маған: «Сен не істеп жүрсің? Атты кеңсеге кіргізіп, есіңнен ауысқансын ба?»

-«Жоқ, құр бәстестім».

-«Кіммен?»

-«Жаттықтырушылармен».

-«Ал, сонсоң?»

-«Қалай дері бар. Міне, сізге шақырды ғой...». «Міне, жігіт, шалдарды бір қатырған екенсің! Оларға атты қалай сүю және аттың адамды қалай сүю керектігін көрсетіпсің».

Вениамин Вениаминович Иванов жарқын жүзді, кең қолтық адам болатын. Буденныйдың үлкен досы еді. Бір жағдай болса, оған «Семка!» деп, телефон соғып, әңгіме -дүкен құрып жататын.

-Ал сонсоң Габаритке не болды?

-Қиын жағдай туындады. Мені ауыл шаруашылығы министірлігіне шақырғанда Габарит су ішігі, жем жеуді таза доғарады, жабырқап, тазақамығып қалды. Бұл жайы директорға қабарламаған, мен де ештеңе естімедім. Ғажап, маған шын берілген сәйгүлік болып шықты. Мен де, сонымен бірге Скафандр да болды. Маған оның су, жемнен бас тартқанын айтты. Мен «Панфилов» совозының директоры, досым Сазоновқа өтініш айтып, оны өз қарауына алуды өтіндім де, әр жексенбі сайын барып тұрдым. Жарықтық менің дыбысымды естісімен кісіней бастайтын.

Сонсоң Алмаз деген ат болды. Оны Димаш Ахмет ұлы Хрущевке сыйғатартты. Бұл атты біз Кәрім Әсенов екеуміз тәрбиелеп едік. Практикаға барып келсем ат жоқ, сыйлап қойыпты. Арада екі жылдай уақыт өткеннен кейін біз Буденныйға өтініш жасадық: зауыдқа Кирсақара тарамы бойынша туған Дагдан деген айғырды беруін өтіндік - алдыңда оны түркмендердің Хрущевке сыйға тартқанын естігенбіз. Директор осы айғырды тезірек бізге жөнелту үшін мені жылдам Мәскеуге іссапарға жіберді.Келсем, Хрущев Еуропаға кетіп қалыпты. Мәскеу түбіндегі,1-ші Мәскеу жылқы зауытының қасыңдағы Перхушково деген мекендегі үкмет ат қорасына соқтым. Шаруашылықта Никита Сергеевичке тарту ретінде берілген 80 ат ұсталатын. Кенет өзіме таныс кісінесті естідім - Алмаздың тура өзі! Ол да мені дауысымнан жаңылмай таныды. Мен киім ауыстырып қайта киіндім де,

Алмазға мініп аулаға шықтым. Шамалы уақьптан соң қайдағы бір жылқы жығушыларға ұксас әлдекімдер келді, ал қастарында еңсегей бойлы сұлу еркек, аласа бойлы әйел мен кішкентай топ-толық бала бар. Хрущевтің күйеу баласы Аджубей екен! Мен тура суық - суды төбемнен төгіп өткендей болдым. Еркек әйеліне:«Міне, Рада, сен де атқа осылай мініп жүруің керек»,- деді.

- Сіз отандық жылқы шаруашылығындағы барлық ғылыми жұмысты жинақтайтын тұрғыдағы кітаптың авторысыз. Министрлікте де сол саланың ілгерідегі жоспарлануымен айналыстыңыз. Неге қолымыз жетті, нені сақтай және дамыта алдыңыз?

-Қазақ жылқысын таза тұқымды тарату арқылы жақсартуға деген талпыныс сонау революңияға дейін-ақ жасалған болатын.Патша армиясында 14 миллион ат болған. Жыл сайын мұндай мал басын жаңартып, армияны жаңа жылқымен толықтырып отыру үшін қанша күш-жігер керек екендігін көз алдына елестете беріңіз. Сөндықтан, осы мақсатпен Әулие- Атада (Тараз),Перовскіде (Қызылорда) және Қостанайда мемлекеттік жылқы ұйымдастырылды. Патша үкіметі ірі атбегілерге, жылқылы байларға айғырларды тегін таратты. Олардың ішінде қалмақ, дон жылқылары, тіпті таза қанды ағылшын айғырлары да болған. Олар табындарға жіберіліп, тұқымды жақсартуға ат салысқан. Осылайша, кейін кеңес зауытшылары мақтан еткен атақты Қостанай жылқысы тұқымының негізі осылай қаланған. Олай болса, тұқым жақсарту жұмысы Қазақстанда жоқтан бастау алған жоқ, ол 2-3 ұрпақ тұқымы бойында тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Енді кеңес кезінде селекционерлер қазақ атының мықтылығы мен көнбістігіне жоғары баға берді, осы жолда ондаған табындық - жөндеу жылқы зауыттары құрылды. Қазақстандық атбегілер жергілікті қазақ жылқысын оған дондық, орловтық, орыстың жүйрік аты, мінетін аты дейтін жылқылардың қанын араластыру арқылы жақсартуды қолға алды. Екі - үш тұқым араласқан Дегерес жылқы зауыты осылай жұмыс істеді. Олар Кеңес Армиясының ат бөлімдерін жөндеуге жіберілді. Батыс Қазақстанда, республиқаның оңтүстігі мен оңтүстік - шығысында құрылған жылқы зауыттары да осы іспен айналысты. Бірде, Дегересте тәжірибе кезінде жылқылар бір сөткеде - 311,6 шақырым жер жүріп етті, бұл 1949 жылы дүниежүзілік көрсеткіш - рекорд болатын. Кейін Ақтөбеде, 1978 жылы осы рекордты қайталап көрмек болғандар табылды. Сонда не болды дейсіз ғой?

Үш тұқымды жылқылар - дондықтар, аһалтеке және қазақ жылқысының қаны құйылуы есебінен алынғандар 12 сағат ішінде 184,6 шақырым жерді жүріп өтті. Әттең ауа райы жүрісті одан әрі жалғастыруга мүмкіндік бермеді.

Кейін 49-шы жылқы зауыты аталған, бұрынғы Әулие - Ата түбіндегі «Клеменко» жылқы зауытында да ауқымды тұқым жетілдіру жұмысы жүргізілді. Онда 15 жылдан астам директор болып кейін ипподром директоры болған Александр Александрович Братчиков қызмет етті. Ол аһалтеке жылқысының тұқымын жетілдіруге көп еңбек сіңірді. Абсент тура соның кезінде алынған болатын - Братчиков Араб үшін жатырды өзі таңдады.

-Кеңес уақытында басталған тұқым жетілдіру жұмысы бүгінде жалғасын тапты ма?

-Мен жоғарыда айтқанымдай, 90-шы жылдары көптеген жылқылар тарап кетті, бірақ Шығыс Қазақстанның шаруашылықтарының бірінде бұл жұмыс жалғасуда. Жақында өзімнің байырғы досымды, Бошай Кітапбаевты көруге Катон - Қарағай ауданына бармақшымын. Жылқышының ұлы, Ұлы Отан соғысының мүгедегі Бошекең 20 жылдан астам Болъшенарым ауданының Ленин атындағы колхозын басқарды, онда тұқымы сүтті және еттік сиыр шаруашылығымен, қой өсірумен, егінмен айналысты. Ғажайып адам - Социалистік Еңбек Ері. Өз шаруашылығында Қазақстанның дистанциялық бәйгісінен, 25 шақырымдық бәйгісінен үш чемпион тәрбиелеп шығарды. Бірақ оның жылқы шаруашылығында басты еңбегі — оның өз колхозындағы жылқының тұқымдық көзін сақтай, әрі кеңес кезінде шекаралық әскер үшін атты әскерлерге қажетті жылқы зауыты жасалып жатқан Жданов атындағы колхоздың бар жылқысын шашыратпай жинап алғандығы.

Жұмыс десе жанып тұратын жігіттер, еңбек ететін жаңа шаруашылықтардың пайда болуы қуантады.

Олар білімге ұмтылады, олармен әріптес болган өте қызықты. Мен де Ақтөбе мемлекеітік ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасының аға ғылыми қызметкері санатында еңбек жолымды жалғастырып жатырмын. Бөлім бастығы Серік Рзабаевпен бірге мұғажар тұқымының таралу аймағын кеңейту жолында. жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ғажагі тұқым — қазіргі заман аттарының, тек, Қазақстанда, Қырғызстанда, Якутияда және Моңғолияда сақталған жылқылар тұқымының ішіндегі ең көнесі болып келеді. Мен бұл тұқымды құрмет тұтатындарды таптым және Алматы түбіндегі, сонсоң Жаркенттегі шаруашылықтарға 250 басын сатып алып, апардық.

Мұғажарлық жылқылар әмбебап — жегуге де, мінуге де ыңғайлы, әрине, олар орловтық жүйріктерден және басқа таза қанды тұқымдардан жүйріктігі, түр - сымбаты жағынан төмендеу шығар, бірақ көнбістікке келгенде оларға ілестірмей- ді. Олар жыл бойына табында жүріп тебіннен күн көре алады, осы жағынан бұл тұқым өсіруге оңтайлы да әрі арзан деп есептеледі. Бұл ертедегі қазақтар дәстүрінен алынған әдіс.

Жаркенттегі тұқымдық жұмысты спорттың ұлттық та классикалық түрлерін дамытумен ұштастыра отырып жүргізбек ойымыз бар. «Классиктер» үшін таза қанды мінгі аттарды, аһалтекелер мен дондықтарды, ал қазақ аттарының бұл тұқымдармен араласқандарын бәйгі, көкпар және т.б. қажеттерге пайдалану үшін өсіріп жатырмыз.

-Қазіргі жылқы шаруашылығында болашақ бар ма?

-Тап басып айтуға жүрексінемін. Бірақ Серік Рзабаевтың екі ұлы өсті, екеуі де ветеринарлық факультетті бітіріп жылқылармен айналысып жатыр. Мұндай адамдардың көмегімен біз жылқы шаруашылығын тың белеске көтереміз. Бірақ бар қиындық мынада - қазір селекция - тұқым жақсарту жұмысы жеке адамдардың қолына шоғырлашан, белгілібір жүйе қалыптастырылмаған. Әркім өзі нені қажетсінсе, сонымен айналысады. Ал, сайып келгенді, тұқым тазалығын қадағалап, түрлі тұқымдарға тиісті ғылыми тексерістер жүргізіп отыру керек қой. Ал тәжірибе бұл тұрғыда баршылық. Мен кезінде әріптестеріммен бірге Қазақстандағы барлық тұқымдарды аһалтекеден күшімге дейін жетілдірудің айшықты жоспарларын жасаған болатынбыз, бұл мәселе арнайы партияның орталық комитеті бюросында талқыланғанды. Ал кәзір мұнымен кім айналысуда? Тұқымдар жоғалып барады - жүйріктер кетті. ал дондықтар да құтқаруды сұрайды. Ал бұл тұқымға жүз жылдан асты емес пе, әлемде мұндай тұқымдар жоқ. Кезінде қостанайлық айғыр Червонец әлемдік рекорд орнатты - 100 шақырымды төрт сағат, 1 лездеме (минөт) және 1 қасқағымда (секонтте) жүріп өтті. Бұл рекорд әлі күнге дейін жаңартылған жоқ. Әуесқойлықты доғарып, кәсібилік дәреже-әрекетке ауысатын кез жетіп бақты. Осындай үлкен дәрежелі, асыл тұқымды жылқылар ұлттық намыс биігі, кірістің таусылмас көзі және ұлттық мақтанышымыздың жалауына айналса екен, деген тілекпен,үміттеміз!

Республикалык саяси қоғамд

«Бәйтерек» журналыннан, аударма,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет