Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Менің ат туралы айтарым, әлі де, көп сияқты



бет11/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Менің ат туралы айтарым, әлі де, көп сияқты.

Мен ат ұстап, ат баптап көргем жоқ.Бірақ жылым жылқы болған соң ба, әйтеуір жылқы туралы көп оқып, оқығанымды естігенімді жинақтай жүремін. Жылқыны өте жақсы көремін оның себебі анам бие саууға барғанда биелерін жақсы көріп сипап, құлынды көзшен сүйіп, жарықтықтарым-ай деп, жылы сөз айтып, сосын саууға отыратын. Мен құлынды көру үшін баратынмын. Сол құлындардың бейне бітімі әлі көз алдымда екі құлағы тіп-тік, көз ұясы адамғаұқсас, әсіресе кірпіктері ұп-ұзын дене жүні қысқа да жұмсақ, күнге шағылысып жылт-жылт етеді сүйкімдісін ! - ай, деп құшақтаймын, мақтамаймын. Анамның ірде, жас құлынды, жас сәбиді мақтама, шамырқап қалар (иәки көз тиш) дегені жадымда.

Жылқының қымызын, қазы-қартасын, жал-жаясын, сүр-бүрмесін жақсы көрмейтін қазақ бар ма екен десеңізші? Осындай мал төресін жақсы көре тұра, таянуға қорқамын. Оның екі себебі бар еді. Бірі - аудан орталығында отырамыз. Биелер сауым арасында жайылып кетеді. Биелерді айдап келе ғой деген. Биелерді қайырып, құйрығынан ұстап келе жатқан едім ір кезде, саныма тас тигендей сақ етті, бақырып, кейін қарай домалай беріппін. Бәрі жүгіріп келіп, жерден кетеріп алып, ұшықтап жатыр.Сынғаннан аман, бірақ қатты көгеріп, біраз күн ауырсынып жүрдім. Жақыннан жәй тепкен екен,- дейді. Сірә, мойнындағы қызыл галстуктің желпілен шошыған болар деп, болжаулар айтты. Екінші-бесіншіні бітірген жаз Толағайдың орталығынан жайлаудағы Ақмәрі досымның үйіне бармақпыз. Ол ауылда өскен, атқа еркін отырады. Мені алдына отырғызып, енді жүрмек болғанда, ат қатты пысқырып, мойнын соза шұлғып қалды. Мен аттың мойнынан сырғанап, жерге топ ете қалдым. Даладағы көрші - қолаң ду күлді. Мені қайта мінгізіп жатыр. Ұялғаным ба, корққаным ба, менде күлу жоқ. Міне, осы екі жағдайдан кейін, жылқыға жолай алмадым, Осы күнге дейін қызыға қарап тұрсам, маған құлағын қимылдатады. Мені ұнатқаны ма, қорқытқаны ма, әлде, неге қорқасың дегені ме, білмеймін...

Жылқы есті мал, иесін жауға қалдырмағаны қаншама дейді ғой үлкендер. Бір естілігін айтайын, Жетіншіні үздік бітіріп, ұстазым Татьяна Сергеевнаның нұсқауымен Ақмолаға барып, С.М.Киров атындағы педтехникумға оқуға түстім. Демалыста 189 разъезден түсем. Сол жерде тұратын қадірлі азамат, ел ақсақалы Сәтжекең (Сәтжан) әкеміз поездан ат-шанамен алдырады. Сондай қонақ жайлы үлкен орда болатын.Бір бөлмеден кісі атанып жатса, келесі бөлмеге бір топ қонақ жайғасып жататын. Баланы да үлкенше сыйлайтын. Бір жолы мені Толағайға, апарып салатын кісі болмай қалды-ау деймін. Мені шанаға отырғызды да, атты жолға салып, божысын қолыма ұстатты. Қорықпа, өзі апарады.Қайтарда, мұнда келетін ешкім болмаса, жолға салып жіберсе болды, өзі келеді, тек, божы сүйретілмес үшін шананың басына іліп қой деді. Қорқам деуді білмейміз, үлкеннің айтқаны айтқан, жүрегім лүфіп, 18 шақырым жерге кете бардым. Жолда шанада адам барын ұмытып кетпесін деп, мұрнымды тартып, жеткірініп қоямын. Әлгіндей емес, аттың ширақ жүрісі, ақ қар мен Күн сәулесінің шапағы қорқынышты сейілткендей болды. Ептеп өлең де айтып қоямын. Әп - сәтте үйге алып келді. Үйдің іші, көршілер жүгірін шығып қуанысып жатыр. Сол күн - көңілімнің мақтанышы болды, тура ат шананы өзім жүргізіп келгендей болдым. Қазір, недеген ақылды, үйренгенін орындайтын ат деп, есіме жиі аламын. Міне, «жақсы ат қартайса да жүрісінен танбас, жақсы кісі қартайса да ақылынан танбас», «жақсы ат пен жақсы жігіт көптікі»,- деген жарасым сез осындайдан айтылғаны һақ. Иә, «жылқының да жылқысы бар, қазанаты бір бөлек», «жігіттің де жігіті бар, азаматы бір бөлек»деген қазағым.



Қазақтың қазанаты бар ма?

Қазақтың кең байтақ даласындағы ұлан асыр ас пен торқалы тойлар ұлттық өнерсіз өтпеген. Әсіресе ат үстіндеғі шынығудың (спорт) қазаққа ғана тән ұлттық түрлері: бәйгі, жорға жарыс, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар тарту, жамбы

ату т. . жарыстары әсте ұмытылмаған. Заманның қым – қуыт кезінде де қазақ дәстүрінен көз жазбаған.Елімізде кейінгі жылдары ұлттық шынығу (спорт) түрлеріне оның ішінде ат үстінде шынығып, түрлі ойындар көрсетуге көңіл бөлушілер қатары еселей көбеюде. Алыс ауылдағылар мен қатар қалалықтар да қазақтың қанасында (вена) бар ойын жарыстарға аса көңіл бөле бастады. Намысқа жанып түсетін жігіттер көкпар, бәйгі дегенде бәрін ұмытып, сырт көздің сұғынан қорғап, Күн мен Желге шалдырмай баптаған тұлпарларымен бірге тықыршып, аламандардың дүбірі мен, қиқулаған үндерге құлақ салып, діттей тыңдайтын күндер біршама қайта оралды. Сондай жарыс дүбірлерін азаматтар еске алып ай-тып отыратын болды. Мысалы 1996 жылы Венгрияда өткен шабандоздардың біршші фестивалін еске түсіреді.Алаштың сан ғасыр сақтап, әлпештеп құрметтеген,естен бір сәт ұмыт қалмаған ұлттық өнеріне төрткұл дүние бас иді емес пе? Қазақ жігіттерінің мықтылығына, жүректілігіне, ат үстінде отыру тұлғасына, ат құлағында ойнау шеберлігіне бүкіл Әлем өкілдері тәнті. Әлем шабандоздарының (жокей) тұңғыш фестивалін бас жүлдесінен дәмелі 23 мемлекет ішінен біздің қандастарымыздың айы оңынан туды. Бұрын - соңды мұндай ойын түрлерін көрмеген еуропалықтар үшін қазақтың ұлттық (колорит) бейнелік ойыны кереметтей әсер қалдырды Ендеше ағаларымыз бабадан атаға, атадан балаға мұра болып келе жаткан ұлттык, дәстүріміз атбегілікті, шабандоздықты жалғастырып, даңқын жоғарылата беру керек деп,ой түйеміз.Бұл мақсатгы орындау үшін мүдделі жеке азаматтар:Жаңаарқалық Қуат Ақметов; Ағадырлық - Б.Мақышсв, Әсет Қалыбеков; Қарағандылық - Аман Түсіпбеков; Көктіңкөлінен — Сәдуақасова Жадыра сияқты, сонымен қатар осындай малдың төресін түлететіп жылқы шаруашылығын мықтап қолға алатын шаралар әбден керек - ақ қой. Бұрын жылқы зауыты, бэйгіалаңдар (ипподромдар) болғаны анық.

Әсіресе асыл қазынамыз қазақы қазанат жайлы құлақ тұшынар әңгіме жоқтың қасы. Қазанатсыз батырға қару асыну қайда? Бүкіл Жоңғар жотасынан Алтай, Атырауға, Алатаудан Арқа Ұлытау, Тибет, һан Тәңірге дейін ұшы-қиыры көзге

көрінбей созылып жатқан сайын саһараны білектің күшімен,найзаның ұшымен, қазанаттың үстінде жүріп, бабаларымыздың қорғағаны бәрімізге аян. Кейбіреулер шет ел атына қызығады.Меніңше олар циркте билеу үшін жаралғандай. Олардың адымы да, күші де алысқа шабуға келе қоймас деп, талай азаматтар баспа беттеріне өз ой бағамдарын жазуда. Әрине ат жайлы кітаптар да бар, бірақ қолға түсе бермейді.Врангель кезінде ат туралы, ең толық еңбек жазған, ол бес томнан тұрады, «Жылқы туралы кітап»деп аталады.Мәскеудің Ленин атындағы кітапқанасында сақталған. Әр қолға тие бермейтін кітап. Ал Борис Бардин еңбегі сіңген өнертапқыш, жылқы шаруашыльны жөніндегі оқулықтарының төлиесі (авторы), жаттықтырушы.

Әйтсе де оның ішінен дәл қазақы нәршырын сөздерді кездестіру мүмкін бола қоймас. Сондай-ақ, әр ру батырларының бір емес бірнеше сәйгүліктерінің соғысқа, сәнге, тойға, аңға мінген арғымақ, қазанаттарының аттары өзіне лайықты болған.

1. һазірет Әлінің дүлдүлі - пырақ (Мұһаммед пайғамбар

ғ.с. Мираж түні жеті қат аспанға көтеріліп Аллаһтағаланың

алдына барғанда және қасиетті Иерусалимге сапар

шеккенде мінген қанатты жануар).

2. Рүстемнің тұлпары Раһыш

3. Ер - Тарғынның Тарланы

4. Алпамыстың Байшұбары

5. Қобыландының Тайбуырылы

6. Асанқайғының Шаңқанбоздары

7. Ескендір Зұлқарнайынның Буцефалы

8. Батыр, би-болыс Жазыбектің Қаракөгі

9. Қаракерей Қабанбай батырға отыз жыл серік болған Шалқұйрық пен Қубас

10. Қанжығалы қарт Бегенбайдың тұлпары Жамбыкер, қарт батырдың жорыққа

мінген аты Арһаркурең

11. Бөкейлік Жәңгірқанның дүлдүлі Қарақұс

12. Тарақты Байғозы батырдың Бозы және Керторысы.

13. Жәнібек һанның Көкбуырылы

14. Керей руының қызы Жаған бикенің атышулы Киікаяқ аты

15. Керей Қарақожа батырды «бес құлаш» деп атаған. аты Құласы .

16. Қанжығалы Үйсінбай батырдың тұлпары Сарбауыр

17. Бұһарбай батырдың тұлпары Назбедеу (Кене һанның Алатаудағы бас

батыры болған)

18. Он екі ата Байұлының аға биі Бөкен бидің пырағы Биегіз

19. Қуандық Тойынбек шешеннің пырағы Тайкәк

20. Исатайдың Ақтабаны

21. Бұғыбайдың Қарасеркесі

22. Бердіқожаның Көкшолағы,Абылай сұлтанға көлденең тартқан Ақбозы

23. Ақан серінің Құлагері

24. Құнанбайдың Кертөбелі

25. Райымбектің Көкойнғы

26. Қызжібектің Ақбозаты

27. Қоныштағай Сансызбай батырдың Көкжайдағы (жау қолынан алған, соңғы шағында Кәрсөн Орынбай батыр серіпне Көкжайдақтан тұқым алғызуды тапсырған)

28. Ақжүністің Ақмоншағы («Ер Тарғыннан»)

29. Әнші Майраның Акжалкүреңі (сыйға алған, Бекең ағадан)

30. Бағаналы Ерден Сандыбайұлның Сағымсарысы .

31. Шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай батырдың пырағы Ақлақ, тұлпары Көкбесті

(басы Шешенқараның басына қойылған)

32. Абылай қанның тұлпары Жалынқұйрық

33. Қаздауысты Қазбек бидің тұлпары Телқоңыр

34. Қанжығалы Жантай батырдың тұлпары Көкшеқызыл

35. Алтай Тәңірбергеннің Сапағының (он жеті мың

жылқы біткен бай, бекше Байдалыға аталас) – аты Акмаржан

36. Қуандық Есқара бидің күлігі Зеңбірек, (Қоңыр төренің асында бас бәйгіні

алған)


37. Бұқар жыраудың Тарланы. Қарақасқасы

38. Керней Бексейіт бидің Құлапұшығы

39. Қыпшак Досбол бидің Саржорғасы

40. Тоқа Шоңманұлының күлігі Тайқасқа (Қырғыз Шәбден манаптың асында бірінші келген)

41. Атақты Бекше Байдалы бидің Көксұғанағы (өзінің асында аламан бәйгіге тігілген аты)

42. һан Науанның- Наурызбайдың тұлпары Нарқызыл, Қырғыз Алатауында оқ тиген Науанның тұлпары Ақауыз

43. Сырым Соқыр - «Жалаңтос» батырдың Заржорғасы

44. Шеркеш Жәндірдің кұлігі Кершабақ (Ысық Алатаудың асында бірінші келген)

45. Қуандық Алашағырдың Сембегінің дүлдүлі Алашеке

46. Тобықты (Құтпан) Қараменде бидің (шоры естек,қарақалпақ) бәйгі бермес күлігі Тұрымтай

47. Қарашор Сеңкібай батырдың шалқұйрығы - Сұржебе(жекпе - жекке мінген асыл серігі)

48. Керней Бодық батырдың тұлпары Сұмсекей

49. Керней «Көкбөрі» - Жарылгап батырдың (шоры - естек, қырғыз) аттары Шағыр,Темешкері

50. «Көмбе» - Жарылғап сақидың(шөры - еетек, қалмақ)Құсқанаты

51. «Көкжарлы» - Барақ батырдың (шоры - қарақалпақ)Тойнағы мен Мойнағы

52. «Көктін» - Барақ батырдың (шоры - қалмақ) Сетері

53. «Бесқазық» - Жаңабатырдың (шоры - қалмақ) Көкқарғасы

54. «Екітін» - Тұранәлі бидің (шоры - карақалпақ) Төртшаты

55. «Батпан» - Сатай сақидың (шоры - қыргыз) Томашасы

56. Тама Тыныс батырдың тұлпары Кер

57. Арқадағы Бексейіттің Кераты, (Жарылғап батырдың досы Тама Тыныс батырдың жоңғар тұтқынынан мініп қашқан Кер тұлпары. кейін

58. Жарылғап батыр тақымына басқан.

59. Тауықтың Қарасы (осы Кердің тұқымы ҚР ньщ 40 жылдығында мәреге оқ бойы алда келген).

60. Түйтенің тұлпары Көкшағыр (Жыланкөз аттың тұқымы, бұл тұқым, көнекөздердің айтуында, Асанқайғының Албан жеріне тастап кеткен Шаңқанбоздарынан тараған деген сөз қалған)

61. Қуандық Алшағыр батырдың Жыланкөзі (қыз алысқан құдалықтан келген)

62. Ұлы жүзде Бақай сыншынның күрең Желқанаты

(Үш жүздің басы қосылған сын бәйгілерде алдына қара салмаған).

63. Шет ауданынан Құсайынның Тыртықкөгі

64. Күржікбайдың Көгі, Құласы деген айтулы жүйріктер болған.

65. Талдыдан Жұмажан ақсақал баптаған Күржікбайдың Көгінің тұқымы үлкен

- кіші бәйгілердің алдын бермеген

66. Апақтың Құласы.

67. Тарақты Сапақ байдың Ырғайының тұқымынан:

а)Атақты Сұркөжек

б)Апақтың Құласы тараған

68. Аралбай Мәменнің Алқаракөгі (1823 жылы Байдалы бидің асыда 500 аттан

озып келген

69. Қостанайдан Червонец деген айғыр 1000 шақырымға 4 сағат Ілездеме 1

қасқағым уақытпен Әлемдік рекорд жасаған, әлі жаңартылған емес.

70. Қ. Абайға сыйға берген Кербесті.



(Тырнақша ішінде лақап (псевдоним) есімдері берілген,

және бұл деректер үштің бірі гана, деп ойлаймын)

Ал қазіргі кезеңнің сәйгүліктерінен білеріміз шамалы.

71. Қуат Ақметовтың бәйгі аты Доцент (Жаңаарқадан),



72. Б.Түсіпбековтың бәйгі аты Алтын алқа (Ағадырдан),

73. Б. Мақышевтің бәйгі. аты Нұр (Ағадырдан.)

Шабандоз - жокей,

Бәйгіалаң — ипподром (Б. Т.)

пассаж — сәнжүріс (Б. Т.), (көркем жүріс)

визитка - көзсапаршы (Б. Т.)

Сондай-ақ, жылқы ішіндегі жорыққа мінетін ат жау тигенін алдымен сезініп, тыпыршып,осқырынып,жер тарпиды екен. Бұл да сұлу да мықты аттардың естілгі.

ҚСРО-ның кезінде де аты аңызға айналған, сәнді де сұлу, еңбегі мәнді аттар болған. Талай жеңіске жетіп, елді қуанышқа бөлеген. Солардың бірегейі:

Абсент — таза аһалтеке тұқымы. Әкесі — Араб атты айғыр, шешесі — Баққара бие, Әулие Ата жылқы зауытынан. Абсент жиырма үш жыл өмір сүрді. Тұңғыш олимпиялық чемпион. Одақтың үш дүркін (Рим, Токио, Меһико) чемпионы.

Араб - он бір жасында 2 метр 12 сантиметрден секіріп, биіктіктен секірудің бүкілодақтық рекордын жасады.

Ол жасы жетіп қалған айғыр болса да, оның басты еңбегі ғасыр жылқысы - Абсентті қалдырғанында болды. Оның түлектері: Алфавитгі, Артисті, Авангардты ерекше атауға болады.

Сектор - деген атпен түркімен Сарыев жарысқа 27 рет қатысып, 9 рет 1-орын алған (ВДНХ-дан).

ҚСРО-да ат жарыстарының әр түрінен чемпион болған «А» һэріпінен басталатын он төрт аттың атын атайық:




А

раб


қын

ғдам


юдаг.

лмаз


бсент

бақан


лагир

қишан


ртист

лфавит


қбұлақ

вангард


һалтеке

Бұлардан басқа да Баққара, Габарит,Кирсақара, Буцефаль Дагдан,Кубань, Червонец деген чемпион, сәйгүліктер болған Бірқыдыру жазбаларды оқи отыра байкалғаны Қазақ,Түркі, Араб, Қырғыз т.б елдер жылқы тұқымын асылдандыруда тұлпар баптауда көп ғасырлар бойы,тәжірибелі екені бағалы да. Әр кылқұйрық тегінің өзіндік қасиеттері баршылық.Естіген құлақта жазық жоқ, Дон жылқысы қазақтың қазанатымен будан деседі.Оған сәбәп, ертеде Еділ өзенінің қос жағасында Қазақтың кінәз байлары мен русьтері көрші-қоңсы болып,аудан қорғану мақсатымен біріге отырып,сыйласа бастайды.Қыз алып,қыз беріп,құдандал болып,кінәзденіп бөлек-бөлек кінәздіктер құрап,құда дорба жүргізіп,жылқы жүгіртеді-міс.

Қазақ жылқысы қанша будандасқанымен, жылдар деңгейінде тазартып, тұқымын өз тегінде алуға болады екен. Қазақ адамды жылқы мінезді деп айтады ғой. Сондай-ақ жылқы да адамға ұқсас, тұқым тегін қуалайды екен. Батыр, ақын данышпандардың тұқымынан ақын, чемпион, ғалымдар да біршама ғасырларда қайталанатынын өмір ілімі дәлелдеуде.Ал адамға қарағанда мал, оның ішінде жылқы тұқымын тездете өзгертуге болатынын жоғарыда айтылғандардан байқадық.

Қазақ қанасында бар қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа ере жетілтіп, аса бағалап, парасатпен қараған. Сол қанадағы қанға сіңісті болған құнды дәстүрдің сапалы бір түрі - жылқы мәні мен маңызы болса керек.

Жылқының басын құрметтеп, оның берерін де бағалау қажетті. Ол үшін Отандық көмек ауа мен судай қажет-ақ.

Рs. Тұқым цуалау өсімдік, жемістерде де болатынына көз жеткіздім. Бірде дачаға еккен алма ағашынан 27 алма алдым, келер жылы қыста үсіп қалды-ау деймін, шықпай қалды, сәлден соң түбінен қайта жанданып, үлкен алма ағашына ай- налды, бірақ жемісі ранетка болды. Бау- бақша білгірлерінен сұрастырғанымда, ол әу баста ранетка болғанын, одан будандастыру арқылы алма жасалғанын, ал үсіп кетіп, қайта шыққанда өз негізін қуалағанын естіп, білдім. Содан бері қышқыл ранетка өнімін беруде. Шындыққа жүгінсек, негізге тартқаыы гой.


Атпен шынығу (спорт) ойын, жарыстары

Бәйгі ат жарыс құнан жарыс

тай жарыс жамбы ату нысана көздеу

аударыспақ қыз қуу көкпар

теңге алу жорға жарыс садақ тарту

Сәйгүліктер сыны.

2009-жылы маусым айында Ағадыр кентінде жылдағы дәстүр бойынша атта шынығудан (спорт) жаңа маусымның ашылу рәсіміне арналған бәйгі жарысы ұйымдастырылған. Осы үлкен шара кент әкімдігі және атбегі шаруа қожолығының жетекшісі Бауыжан Мақышевтің демеушілігімен өткен.

Осыдан екі жыл бұрын кенттің 70 жылдығына орай салынған атшабар алаңына қалық жиналып, тай-құнан жарысы және аламан бәйгіге Астана, Қарағанды, Шет, Жаңаарқа, Ақсу - Аюлы,

Ортау, Өспен, Босаға, Көктіңкөлі, Айса, Мұхтар мекендерінен 40-қа жуық ат қатысқан екен.

Тай жарысында Қарағанды қаласының «Алтын алқа» атты тайы мәреден бірінші өткен (иесі Б,Түсіпбеков). Екінші, үшінші орындарды Жаңаарқаның Доцент (иесі Қ.Ақмстов), Ағадырдың Нұр (иесі Б.Мақышев) тайлары иеленген.

Құнан жарысында батықтан А.Кәрібаевтің, қарағандылық Балташ және Аман Түсіпбековтердің жүйріктерінің мерейі үстем болған.

Аламан бәйгіде сәйгүліктер 12 шақырымдық қашықтық бойынша бақ сынасты. Үш айналымнан тұрағын тұлпарлар жарысында мәреге бірінші болып Жаңаарқадан келген сәйгүлік Майбақ (иесі Қ.Ақметов, шабандозы Қамбар) озып келді.Екінші бәйгі ағадырлық «Қарақат» (иесі Ө.Қалымбеков), үшінші қарағандылық «Сарыарқа» (иесі А.Түсіпбеков) атты сәйгүліктерге бұйырды, ал төртінші бәйгі көктінкөлдік «Сұңқар» (иесі С.Жадыра) атты сәйгүлікке бұйырды. Мұндай жарыстар тұлпарларға да, иелеріне де үлкен сын.

Атбегілік, тек, кәсіп емес, ұлттық асқақтық символы. Сан алуан жылқы тұқымдарының мүсін сымбаты, сол аттармен орындалатын түрлі көрсетілімдер жасайтын шабандоздардың ептілігі мен жүректілігі көрген жанның есіне бағзы дәуірдегі табиғатпен тамырлас тариһты елестетеді.

Шабандоздардың атты шоқитып отырғызуы, жерге сұлатып жатқызуы ат пен адамның етене байланысының көрінісі емес пе?! Бес атты көсем жегіп, екі аттың сауырында тік тұрып, бесеуін қатар тізгіндеп құйғытқан шабандоздың епті өнері көрген жанды тамсандырмай қоймайды. Бұл шабандоздық өнер Хортабадьта ғана емес, Мажарстанның кез келген түкпіріне таралған тамаша дәстүр, шынығу мен серуеннің ерекше түрі. Мадьярлардың атта шынығуының бет-бейнесін жыл сайын Хорбадьта өтіп тұратын «Ат мейрамы» күндерінде көрсетеді екен. Қыпшақ-Құмандардан шығысқа қарай Тиса өзені аралығындағы 115 шақырымаумақтағы Ұлттықсаябақты (паркті) 1979 жылы БҰҰ-тық биосфера

резервуары деп таныған. Мұнда Мадьярлардың шығыстан өздерімен бірге ала барған мал, құс, ит тұқымдары таза күйде өсіріледі. ХҮІ-ғасырдан жылқы тұқымын асылдандыруды басты мақсат етіп келе жатқан Хорбадь өңірінің атбегі, шабандоздары 1965-жылдан атбегілер мерекесін өткізе бастаған. Жыл сайын маусым айының алғашқы аптасының соңында ұйымдастырылатын «Атбегілер күні» бүгінде әлемнің түкпір түкпірінен ат сүйер қауым мен саяһатшылардың ағылып келетін мерекесіне айналған.



Тағы да қазанат жайлы.

Қазанат - қазақтың асыл тұкымдарының бірі саналады. XІХ-ғасырдың жазба деректерінде жылқының мұндай тұқымы арғымақтар мен далалық қазақы жылқыларды будандастыру арқылы алынған екен.

Қазанат арғымақтың жүйріктігін, ұшқырлығын, ал дала жабысының төзімділігін, аштыққа, суыққа шыдамдылығын, екеуінің де алыс жолға беріктігін қабылдаған. Қалық ауыз әдебиетінде, эпостық жырларда, ақын-жыраулар поэзиясында қазанаттың осындай ерекше қасиеттері жырланып мадақталады. Бабаларымыз сол аталған ерекше қасиеттеріне байланысты қазанатты арғымақтан жоғары бағалаған.Себебі көшпелі Қазақ тұрмысында. әрі ауа-райының қатал жағдайында жылқы малының ұшқырлығымен бірге оның қандай қиыншылыққа болсын төзімділігі ерекше орын алады.

Қазанаттың сырт келбеті де атауына сай. Оның дене бітімінен, тұрқынан жүйріктік те, күш те, төзімділік те бірдей аңғарылып тұрады.

Омырауы үлкен, кеудесі кең, салпы ерінді, күпшек санды, тұяғы үлкен, әрі жалпақ, толарсағы жіңішке, шоқтығы биік, құйрық - жалы қысқа болып келеді екен.

Шын жүйрікте мінез бітімі де болады. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек салмақ салып, тұяқ ұшын тіреп, тезірек тынығуына мүмкіндік жасайды. Егер құлын кезінен көз тартса, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тай, құнан күйінен иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп те қояды, жаншып мінбейді. Азуын жарып мүшел толғаннан белгі берген соң, бестісінде баптауға керіседі. Шын жүйріктің мен мұндалайтыны кезі-осы. «Бесті аттың бетінен сақта» - деген сөз мәйегі де бар.

Жылқы көңіл - күйдің де түлегі. Бір күн бос жүріп, аунап- қунаса, мейлінше сергіп қалады.

Араб жылқысы.

Қазақ ұлты жылқы жануарларына ерекше құрмет пен қараймыз ғой. Жылқы туралы жазбаларды да құмарта оқимыз. Сондай - ақ жақсы қасиеттері жағынан ауызда жиі айтылатын араб жылқысы туралы да білгенімізді әңгімелейік.

Араб жылқысы байырғы жылқы тұқымы болып саналады. Оның шыққан жері Арабия шөлі мен Африканың солтүстік жағалауы болса керек. Жылқының осы түрі хv-ғасырдан бастап бүкіл Еуропаға әйгілі болған. Ол жылқының көптеген жаңа тұқымын шығаруға пайдаланылды. Мәселен, осы күнгі Орлов желгіші, орыс желгіші, таза міиіс жылқысы, венгр жылқысы, т.б.сәйгүліктердің негізі осы араб жылқысынан екен.

Араб жылқысы онша ірі емес, тұяғы берік, өте сымбатты. Оның орташа есеппен шоқтығына дейінгі биікгігі 51,9 см, тұрқы 149,3, кеуде орамы 175, жіліншік орамы 19,2 см.Басты ерекшелігі, ұзақ жүріске көнбіс және жүрдек екен. Мысалы, 2400 метрді 2 минут 41секундта, 3200 метрді 3 минут 41 секундта жүріп өткендігін атбегілер есептеген. Тағы бір қасиеті шелге төзімді, күй талғамайды. Оны жылқы тұқымын жақсартушы ретінде пайдаланғанымыз болмаса, біздің елде таза араб жылқысы есірілмейді. Асылдың тұқымы да асыл болады.



Қас жүйріктің белгілері.

Қас жүйріктің негізгі белгілері үшке бөлінеді:

сыртқы белгісі, ішкі белгісі, жасырын белгісі.

Әр жүйріктің тұқымына қарай белгілері де әртүрлі болады.



Сырт белгісіне қарай айтсақ жүк арбасын сүйрейтін аттардыңң бұлшық еттері жұмыр, денесі шымыр келсе жүйрік аттардың сыртқы бейнесі он түрге бөлінеді:

Бас, тұяқ, құйрық, дыбысы, су ішкені, ізі, жайылымы, тісі, тарамыс белгісі, дене белгілері.



Бас белгісі. Жүйрік аттың басын кейіпіне байланысты; қой басты, қоян басты, бақа басты, жыртқыш басты, бөкен басты, деп бөледі, Мұның ішінде қоян басты мен бақа бастысы ерекше жуйріктерге бітеді. Жүйрік аттың көз аясы шығыңқы, алысты болжағыш, маңдайы кең, құлағы ұзын - қамыс құлақ танауы кең, омыраулы, астыңғы еріні үлкен, тілі жатыңқы, екі жақтың арасы жұдырық айналатындай кең. әрі терең, қабағы үшкүл және көтеріңкі болып келеді,- дейді.

Тұяқ белгісі. Бұл белгі бойынша шыны тұяқ, ет тұяқ құйма тұяқ, тегеуір тұяқ, сарлық тұяқ, жүйрік тұяқ, құс тұлқ,құйма тұяқ - деп бөлінеді екен.Тұяқ белгілерінің ішіндегі ең жақсысы - сарлық тұяқ. Бұл ете жұмыр, табаны тым жалпақ емес, өкшесі кетік болады. Кейбір жүйрік аттарда құс бақайлы тұяқ та кездесетін көрінеді.

Құйрық беліісі. Жүйріктердің негізінен кұйрығы ұзын, сымпыш құйрық, құйымшақ жағының қылы төгілмелі, құйрықтың жағы жуантық болғанымен соңы сұйықтау болып келеді екен. Жүйрік аттың құйымшақ сүйегі тартқанда жамбастың басына дейін барады,— дейді

Дыбыс белгісі. Қандай ат болмасын мұрнымен кісінеп, дыбыс шығарғаны өте жаман дейді. Жыртқыш аңдар секілді күркіреп кісшесе, орташа, ал торғай секілді жіңішке дауысты, кісінеген кезде азынап шықса, бұл өте жақсы деп есептеледі екен.

Жайылым белгісі. Жайылымы мол, тастайтын құмалағы аз болса, бұл жақсы белгі екен.

Су ішу белгісі. Жүйрік ат суды ауық - ауық ішеді. Суды дем алмай ішкен аттан жүйріктің шығуы екіталай екен.

Із белгісі. Басқан жеріне тұяқ қырынан басқа із түспесе, жақсы. Алдыңғы екі аяқтың ізінен артқы екі аяқтың ізі қиғаш’ бір сүйем артық түсіп отырғаны жақсыдейді.

Тарамыс белгісі. Жүйрік аттың тарамысы садақтың жақтауындай иілген жэне оте қатты, сіңірлі, бота тірсек болып келмек. Жіліншік тарамысынан екі жағынан қысып көргенде арасының кеңдігінен қол бір біріне қабысын жатса. өте жақсы болғаны.

Жүйрік аттың қылтасы бос (бота тірсек), жеңіл қозғалысты болып келгені абзал екен.



Тістің белгісі. Алыс тіс, түйе тіс. қой тіс, бидай тіс, тауық тіс болып бөлінеді екен Ал жүйрік аттарға алыс тіс белгісі тән скен.Азу мен алдыңғы тістің арасы ортан қол ететіндей алыс болса, алысқа шабатын жүйрік болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет