Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Киіз үйдің арғы бергі тариһынан



бет5/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Киіз үйдің арғы бергі тариһынан.

«Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» немесе «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып калдырған ата-баба, әже-аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны баршаға белгілі. Киіз үй, тек, қазақ қалқының ғана емес, бүкіл түркі, оған көршілес елдердің де тұрақ мекені болғаны анық . Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға мән маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ қалқы екені әркез мақтанышпен айтылады. Шығу тариһы қола дәуірінен басталып, ерте заманнан бері ғасырлардан ғасырларға жеткен киіз үйді біздің қалық қасиетті, киелі қарашаңырағымыз деп,дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен -жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы да қуанышы болып бағаланады. Шынында арғы тариһымыз бен бергі жайымызды зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен маңызы өте зор екеніне көз жеткізуге болады. Оның сипатына қарап отырсақ, бірнеше жүздеген жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ой, тұрмыс талғамы, сән мәдениеті еш қалықтан кем емес, көптеген сәттерде артықшылығын да пайымдауға болар. Ертедегі де, бұдан бұрынғы да, соңғы да ғұламалар, ғалымдар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ қалқының аспан әлемін есептеу жүйесі, үнемдік біліктілігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы алғанда өмір тәжірибесіндегі іске, ғылымға бейімділігі айқын аңғарылады. Өткен ғасырларда Алтын Орда, Көк орда, Ақ Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екені мәлім. Киіз үйдің аса бір ерекшелігі, ол тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, қолөнер, сурет т.б. бірнеше шеберліктердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, ағаш, киіз, ши, теріден (әредік күміс, металл заттардан) құрастырылады, әрі көшпелі, жылжымалы құрылыс түріне жатады. Дала ойшылдары мен тұрғындарының тапқырлық шешімін Әлем ғылымы бағалап, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, қалықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1961 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған.



1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы (Кенесары ханның бас батыры Жанайдардың бел баласы) Петербургке; 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен, 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы 1Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам өте риза болған екен. Сондай-ақ Батыс Еуропа, Гамбург, Майндағы Франкфурт (Германия) қалаларындағы мұражайларында да қазақ киіз үйлері бар екен. Қазақ даласында өмір сүрген атақты хандар, батыр мен билер, байлар орда тігіп, салтанаты өмір сүрген.Соның бір дәлелі Көкшетаудағы Абылайдың Ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат Ақ үзігі, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Тарақты Жәуен, Жазыбек болыстың күмістелген ақ үзігі, паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болғаны шындық. Киіз үй үшін қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақтың дәулеті мен мәдениетін Әлемге таныта білген. Байлығымен елге аңыз болған Орта жүз Тоқа Байсақал қызын ұзатқанда оған арнайы отау әзірлеткен екен. «Байсақалдың қызы Сапақтың ордасына келін болып түскенде бес отау, бір алтын шатыр, жеті жетіммен түсіпті. Сонда қыздың өзіне арнаған отаудың уығын атпен жүріп байлаған екен, Керегенің басында тұтам күміс, аяғында күміс, уық қанша болса уықтың бау өткізер жерінде тұтам күмістен, қаламында тұтам күміс, шаңырақтың өзінде де, күлдіреуішінде де тұтам күміс болған. Түйе ауғанда, түйе басына екі бұрау ұзындығы уықтай ағаш, оның екі басында да тұтам күмістен болған. « Кейін осы үйді Кенесары хан тіккен» екен.

Қазақ елінің осындай байлығы мен сән-салтанатының куәсі болған киіз үйлер Ресейдің дұшпандық саясатынан, жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Байсақал қызының отауы өртеніп кетті, Самыраттың ордасы тәркіге түсіп, тоз-тоз болды. Жақсы Жанқұтты, Саққұлақ би, батыр Ерден, Тұрысбек қажының, Жазыбек болыстың қасиетті қарашаңырақтары бүліншілік кезінде із-түзсіз кетті. Сөйтіп қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы - киіз үйдің құны мен маңызы төмендеп, жоққа айналды. Оның орнына қалай болса солай кеңестік тәсілмен жасалған, бір-екі жылдан артық тігуге келмейтін, қара құрым жабылған сапасыз лашықтар шығарылды.

ХХ-ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орнын өз дәрежесінде қайта көтерді, жөндем үйлер шыға бастады. Ұлы бабаларымыздың киелі руһының қайта аталуы, оларға лайықты ас пен еске алу өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениеттің маңызының артуы киіз үйге деген көңілді, көзқарасты айкындады. Баба руһын еске алу ұрандаумен емес, сән-салтанатпен, өнер шеберлерімен, шынығу (спорт) жарыстарымен, ұлттық сәулетпен дәрежеленетін болды. Тоқсаныншы жылдар басындағы Абылай хан, Қабанбай. Бөгенбай, Шакшақ Жәнібек, Байғозы батырларға ас беруде, Бұқар жырау, ұлы Абай, Жамбыл ақындар тойында киіз үйлер елу, жүз, мыңдап тігіліп, түрлі дәрежелі бәйгілер белгіленді. Осылардың ішіндегі таңқалдырғаны Торғай ордасы жұртының әлі есінде.

Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылғы Абылай хан асында тігілген орда, басында 12 қанат, кейін 18 қанат болып көлемі ұлғайтылды. Ол жылы қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайында Есет батыр, Шақшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше дүркін жүлделі бәйгілер алды. Мұндай ұмыт қалған істі батылдықпен қолға алған ежелгі Торғай елінің азаматтары сол кездегі Жанкелдин ауданының әкімі Жақан Қосабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының туған жерінен ардақты жігіт Аңсаған Қоңқабаев және Болғанбай Қойшиндер болатын. Бұл киіз үйлер Қазақ ордасын еске түсірудің XX - ғасырдағы кезеңі еді. Бұл орданың биіктігі 8 метр, ал ішіне жүздеген адам еркін сиятын болды. Киіздер ақ тоқтының жүнінен басылған. Іші- сырты тек қана қазақ ұлттық бұйымдарымен, ұлт киімдерімен ер-тұрмандармен жабдықталған, дастарқанға ұлттық түрлі тағамдар қойылған.

Желбау, басқұр, тұскілем, ыдыс-аяқ, төр төсеніші, көрпеге дейін қолдан шыққан қазақы дүниелер. Осы үйде қазақ зиялылары, мемлекет қайраткерлері һалифа Алтай, Е. Әуелбеков М. Сағдиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Шерһан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев С.Жүнісов, Ш. Шаяхметов тағы басқа шет ел азаматтары болған. Шет ел өкілдері орданың ғажап шеберлікпен жасалып тігілгеін қатты тамашалады. Шынында бұл соңғы жылдардағы қазақтың ұлттық ұлы мәдениетін танытып, әйгілеген ең үлкен еңбекпен жасалған өнер туындысы болды. Бұл бүкіл қазақ елінің табысы болған үлкен еңбекті жасауға үлес қосқан Аһмет ауылының қыз-келіншектерінің ұланғайыр еңбегі еді (әттең, дейтін бір өкініш сол қыз-келіншектердің атының аталып бізге жетпеуі, мүмкін мұрағаттан табыларсыздар). Сіздерге мен, осы жолдардың иесі (автор) ретінде үлкен қуанышты алғысымды білдіремін. Бұл ақ шаңқан орда бүкіл Қазақ Елі мәдениетінің табысы деп бағаланды. Талай ғасыр «ертегі» боп кеткен қазақ өмірі мен өнері қазіргі ұрпаққа, болашаққа шындығы айқындала бастады. «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміздің жанғаны осы» деп білеміз. Өлі де болса, барымызды бағалап, жоғалғанымызды толықтыра түсіп, есесін Аллаһдан сұрайық!

Ертегі ермек емес.

Табиғатта туған адам сол табиғаттың бір бөлшегі болса керек. Сондықтан болар адам өзін қоршаған табиғи ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, бітім болмысы туралы ой толғамай, бір тұжырым жасамай бейтарап қала алмайды. Пайымдаулар мен жасалған тұжырымдар есте жақсы сақталатындай жүйеленді.

Жоғарыда кез келген құбылыстың, нәрсеің геометриялық сипаты болады дегенбіз. Сол сияқты тағы бір сипаты ауыз әдебиетінде көрініс береді.Болған уақиғалар, табиғат құбылыстары мен өзгеріс сипаттары адамның өзіне етене таныс жағдайлармен, адам өміріндегі белгілі құбылыстармен бейнеленеді. Адам қиялы кейде әсірелей суреттеп, бір қарағанда сенімсіздеу әңгімелерді де тудырып отырған. Қалық ертегілеріне ортақ бір оқиға бар. Мысалы, ағайынды үш жігіт (кейде үш батыр) пен бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шалдың күресі айтылады... Екі күн бойы екі батырдың әрқайсысына әлімжеттік қылып, тамақтарын тартып жеп жүрген бір қарыс шалды үшінші батыр үшінші күні жеңіп, сақалынан бір бәйтерекке байлап қояды. Шал бәйтеректі тамырымен қопарыпалып қашып кетеді. Батырлар ізімен қуып барса, бойы бір қарыс жер астына түсіп кеткен екен. Оның соңынан беліне арқан байлап үшінші батыр, шыңырауға түседі. Жер асты толған бойы бір қарыс сақалы қырық қарыстар екен. Батыр олардың бәрін, һәм шалды да жеңіпті. Сөйтіп жер астынан бір сұлу қызды кездестіреді. Батыр қыздың беліне арқан байлап жер бетіне шығарыпты. Жер бетіндегі жолдастары батырды жер астында қалдырады. Батыр есебін тауып, қырық күннен соң жер бетіне шығыпты. Өзін қалдырып кеткен жолдастарына келіп, оларды кешіріп, татуласыпты. Міне, ертегінің ұзын ырғағы осындай.

Бұл ертегідегі оқиға аспан шырақтарының қозғалысын тұспалдайды. Үш батырдың бір жерге жиналуы жыл маусымындағы жұлдыздардың тоғысын бейнелесе керек. Ал бойы бір қарыс, сақалы қырық қарысты құйрықты жұлдыз (комета) деп пайымдауға болады. Кім біледі, бәлкім, Галлей кометасы шыгар дейді-міс.

Бұл кометаны «Әл Фараби» деп атау орынды болар. Кометаның әр 76жылда бір рет жерге жақындап өтетіні мәлім. Әл Фараби 52 жасында (922 жылы) кометаны өзі көріп, бақылап зерттеген, - деген болжамды ғұлама ғалым Әл-Машани (А.Ж. Машанов) айтып, дәлелдеген. Құйрықты жұлдыз екі Шоқжұлдыздан өтті, үшінші Шоқжұлдыздың тұсынан қайтты, яғни үшінші батыр шалды жеңді. Осы кезде Құйрықты жұлдыздың құйрығы қысқарды. Мұны шалдың сақалын бәйтерекке байлау арқылы бейнелеген. Шал қашып жер астына түсті, яғни Құйрықты жұлдыз біртіндеп алыстап, көк жиектен асып көрінбей кетті. Кешікпей батыр оның соңынан шыңырауға түсті, Шоқжұлдыз да көкжиектен төмен түсіп кетіпті. Жер асты толған сақалдылар екен, яғни көптеген құйрықты жұлдыздар (кометалар) көрінді. Бұл Бикеш шоқжұлдызы, әлде Шолпан болар. Қырық күннен соң батыр жер астынан шықты, қырық күн бойы көрінбей кеткен шоқжұлдыз көк жиектен жоғары көтерілді.

Міне, ертегідегі оқиғаның осындай мақамдалған мағынасы болса керек. Бұдан ертегілердің бәрі бірдей астрономиялық жұмбақ деген ой тумайды. Қай ертегі болмасын негізгі өзегімен қоса физикалық, химиялық, һисабтық т.б. білімнің қарапайым қағидаларымен таныстыратындай, әрі тәрбиелік мәні бар көріністермен әдіптеліп отырады. Қай ертегіні алып қарасақ та қисынды қиял мен қоса, астарлы мағына, жасырын сыр бар. Қанша әсіреленіп өзгергенімен ертегілердің негізінде шындық жатады. Әсіреленіп сипатталатыны сондай, тіпті кейбір ертегінің терең сыры, қалықтың дүниетанымын көрсетеді дегенге сену қиын емес. Аспан мағынасы бар «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айбарша сұлу», «Қырық қарақшы», «Үркердің қызы Үлфілдек», «Үш арһар жұлдыз» сияқты ертегілерді саралай қарасақ аспан шырақтарының қозғалысы, шығуы, батуы, т.б. қасиеттері жұмбақталғанын көреміз.

Ертегілердің тағы бір шарасында адамның дүниетанымын, Әлемдік құрылымды көрсететін бейнелер суреттеледі. Әркімге де жақсы таныс Ертөстік ертегісіндегі жер асты әлемін жер бетімен жалғастырушы өткел аузындағы бәйтеректі алайық. Бәйтеректі әлемдік дің, ұстынның шартты белгісі деп танысақ, төменгі яғни жер асты әлемін айдаһар жылан (қос мекенді) арқылы бейнеленген. Ортаңғы әлемнің ишара белгісі болып Ертөстік пен Күнке алынған, яғни тіршіліктің, жалпы өмірдің жұптық бейнесі деп түсінеміз. Ал үстіңгі Әлем - аспан әлемін самұрық білдіреді. Адам баласының дүниетанымы, талғам түсінігі әлемнің тұтастығын, өлшеусіз шексіздігін түйсіну осындай қарапайым, адамға етене таныс оқиғалармен суреттеледі. Ендеше Ұлы ғаламдық қасиеттер де адамның кіші әлемінің бойынан көрінсе керекті. Әлемдік құрлысты түсіндіретін қалық аңызында жерді көк өгіз көтеріп тұр делінеді. Ол өгіздің үлкендігі сондай, бір ғана мүйізінің ұзындығы жерден кокке дейін. Өгіз алып кеменің (балықтың) үстінде тұр. Кеменің үлкендігі сондай, ұзындығы 650 жылдық жол дейді. Кеме алып мұқиттың үстінде жүзіп жүреді. Ал мұқит кұдайдың құдіретімен көтеріліп тұр, асты бос кеңістік. Бұл аңыз, аңызда болса, маңыз деп қараған жөн болар. Бабаларымыздың бұл теңеуін түсіну қиын, тек, білеріміз біз біле бермейтін, ғылым анықтай қоймаған, немесе фантазиялық әсірелеу күшінің шарықтауы деп қана қарауға бармыз. Айтылғанның мәнін өзіміз терең түсіне алмай, бабаларымыздың дүниетанымы анайы болған ба, деп қарауымызға болмас. Арада өткен дандайсыған көңіл, дәйекті дәлелден алыстата береді де, ақиқат көмескілене бастайды. Пайымдап қараған кезде шындықты тануға болады. Ой жіберіп көрелік...

Мұқиттың асты бос, құдайдың құдіретімен тұр. Яғни шетсіз де шексіз аспан әлемі деген ойға саяды. Ал мұқит дегені ғарыш бағыты болса (метагалактика), оның үстіндегі кеме Күн жүйесі (галактика) болар. Ал көк өгіз... сол Күн жүйесіндегі нысандардың бірі - Жер планетасының ишара бейнесі болар. Көк өгіз, ел аузындағы сиыр судан делінетін сөздің негізі, белгі-бейнесі дегенге саяды, олай болса, Жерді су көтеріп тұр деген түсінік қой. Құрлықтың шеті суға барып тіреледі.

Құдық іздеп жер шұқысаң кез келген жерден су шығады. Мұны тани білген бабаларымыз тұрмыстық бұйымдарда да осы тіршілікті ишаралап бейнелеген. Бұл ишараларды да олардың толық білмегендігінен деген ой тумаса керек, себебі дін тәртібіне келсек қолмен ұстап, көзбен көрмегенді дәлдеп айту ғайбат, сондықтан да көкірегі кең, көзі ашық, Әлемшарды ат үстінде жүріп жұлдызға қарап таныған, жер-судың негізін біліп, тау-тастың атын толғаған, дана да саңлақ бабаларымыз Жетіқат жер астын біліп, Жеті қабат көктің көбесін білсе де, ишаралап, тұспалдап, жұмбақтап жеткізе білген. Бізге өте-өте алыста қалған біраз білім дүниелері оларға бізден гөрі таяулау болды емес пе? (Осы тұста офтальмолог жазушы, зерттеуші ғалым Эрнст Молдашевтің «От кого мы произошли?» деген және оның 1, 2, 3,4, 5- томдарын оқыған жанның «жетінші көзінің» ашылуына жол болады демекпін. Әрине, талай жаугершіліктен із-түзсіз жоқ болған дүниелерді білмеген мүскіндерге сыры терең саналы дүниені түсіну мүмкін де емес, оларды кіналаудан аулақпыз, бірақ, үлкен түсіністік пен қарайтынына сенеміз, сондықтан да бізге өлмей жеткен ертегі еріккеннің ермегі емес(Б.Т.С.)

Мәселен, сырмақ, текемет сияқты төсеніштердің шетіне салынған ирек көмкерме әшекейді «су жүгірту» дейтіні белгілі. Яғни төрт құбыла да суға барып тіреледі. «Жерді су көтеріп тұр» - деген сөз, тіршіліктің негізі, көтеруші күші - бәрінің бастауы судан деген мағына берсе керек. Бұл туралы қазақ «Суға түкірме», «Суға қарап дәрет сатпа», «Дәрет алғанда көл жағасында тұрсаңда суды ысырап етпе», «Су Сүлеймендікі...», «Сусыз өмір жоқ» «Судың буы жазда жаңбыр,қыста қар» (БТС) деген сияқты ұлағатты да, тыйым сөздер айтқан. Қазақ қалқы суды ерекше қасиетті деп есептеген. «Бар тіршіліктің басы - су», -деген пікір құранда жиі кездеседі екен. Барлық мақұлықты Аллаһмыз судан жаратты. Олардың кейбіреуі баурымен жорғалайды, бірі екі аяқпен, енді бірі төрт аяқпен жүреді...» (24 сүре, 45аят) «Барлық нәрсені ол келістіріп отырып, талғамына үйлестіріп жасады,... оның негізін судың бір тамшысынан қалады...» (32 сүре, 7-9 аяттар) «..жанды мақұлықтың барлығын судан жараттық» (21сүре,30 аят)

Ел аузындағы көне жырларда, әфсін-аңыздарда «Маһтан шығып маһиға, сапар шектім баһиға», - деген сөз кездеседі. Мұның мағынасы да осы айтылғандарға сәйкес. Мәселен Маһ

  • су, маһи - жою, жоғалу, баһи - мәңгілік. Яғни, судан жаралып, фәниден өтіп, мәңгілікке жетесің деп түсіну керек. Терең фәлсафалық танымның тұжырымы, бар бейнесі қысқа ғана нақыл сөзбен шебер берілген. Дүниеге келу - Ұлы сапардың басталуы, өмір; о дүниеге қайту - сапардың жалғасы; сапарсоңы - мәңгілік, баһи.

Адам жаны ұдайы жетіле беруге тиіс. Дами келе руһ Нұрға айналады, иәки Аллаһға қауышады - Ұлы Нұрға құйылады.

Тариһи даму сатысының барлық кезеңіндегі өзгермейтін бір ақиқат осылай түсіндірілген...

Ол, Он нұр немесе он түрлі ізгілік, кезінде Мұса пайғамбар қалдырған тас кітаптағы он өсиетті білдіреді. Бұл өсиеттер Мұһаммет пайғамбардың һадистерінде де бар:

  • жаратушыны бір деп тану

  • адамды құдайға теңгермеу

  • жеке адамға табынбау, орынсыз

  • Аллаһны ауызға ала бермеу

  • Аллаһның берген адал ризығын тыныштықпен жеп, жеті күннің

  • бірінде дем алып отыру

  • ата-ананы сыйлау және жақсы көру

  • наһақ кісі өлтірмеу

  • зинақорлықтан сақтану

  • ұрлық жасамау

  • ғайбат сөйлемеу, кісіге жала жаппау және

іштарлық жасап қызғаншақ болмау.

Әлемнің жоғарыдағыдай түсінігі, дүниетанымның бір бейнесі көнеден келіп жеткен ескерткіштерде аз кездеспейді. Солардың бірі тұнжыраған бас бейнелер сынтастардағы тәсім — сызықтар мен суреттер. Кейбір сынтаста (бәдізде) құмыра мен құс ұстап тұрған кісі бейнесі. Енді бірінде балық пен кесенің суреті, ал құстың орнына қауырсын немесе оның тәсімдік бейнесі салынады. Бұл бейнелер терең ойды білдірсе керек. Құс - көк аспан, құмыра ыдыс сұйыққа (су) арналған. Кісі бейнесі — тіршілік. Ұғына түссек, астыңғы, ортаңғы, һәм үстіңгі әлемнің бірлігі деген түсінікті білдіретін жәдігер екендігі көрінеді, Дүниені құраушы төрт тектің басын біріктіруші ғарыши бағытын білдіретін жұлдыз әлемі — ғаламшар. Сонымен көк өгіз (су), көк өскін (жердегі тіршілік), көк аспан яғни бүкіл Ұлы ғаламшар құрылымының бір түсінігі көгілдір — Нұр Әлемін құрайды. Қазақтың шөпті жасыл демей, көк деп айтуының өзі осындай ұлы үндестікті түсінуінен болар.

Көгілдір Нұр Әлеміне Жер нысанасының өзі де кіреді.

Ғарышкерлердің айтуы бойынша ғарыштан қарағанда жер нысаны мөлдір көк болып көрінеді екен. Бабаларымыз ғарышқа ұшпаса да көңілмен - көгілдір әлемді болжап білген шығар. (Бір ескерер жай және ізденіп, оқып білуді кажет ететін нәрсе... алғаш өмірде адам жаратылғанда, олар құрлықта да, суда да, аспан ғаламында да еркін өмір сүрген дейді-міс. Осының дабір шындық сыры бар сияқты-ау... БТ).

Сырт көрінісін ғана атап қоймай, мұндай таным, түсініктің ішкі мазмұны да қалықтың пайымдаулары мен оның һәм дүниетаным деңгейін білдіреді. Әлемдік тылсымды танып, білу жолындағы әрекеттер құдірет күштердің құпияларын ашуға және түсінуге мүмкіндік береді. Тылсым күштерді түсіндірудің ғұрыптық көріністері мен түрлі тыйымдар, салт-дәстүрлер пайда болды. Солардың бірі көне ескерткіштерден көрінетін әлемді ұстаушы негізгі заңның, ұлы күштің тектік бейнесі. Адам жаны ұдайы дамып, жетіле отырып Ұлы Нұрға қауышады. Дүниенің шар тарапынан келіп бойға құйылатын Нұр бар. Шартарап деп аспани бейненіалсақ,көктен жауатын Аллаһның нұры деген мағына шығады. «Дүниенің шығысы да, батысы да Аллаһнікі. Жүзіңді қай жакка қаратсаңызда Аллаһ сол тараптан табылады» ( 2 - сүре, 115 аят). Ежелгі түсінік бойынша үш саны ерлік сипатты білдіреді «Ер кезегі үшке дейін». Ал әйелдік сипатқа төрт саны ие «Төртқұбыла, шартарап», Әйелдік және еркектік сипаттардың бірігуіне жалпы жұптық бейне, яғни тұтастық үш, төрт, жеті көрінеді. Әлемді құраушы бөліктердің саны жетіден болуы осыдан шықса керек. Біз «Жер - Ана» дейміз Жер - Ата немесе қара жер - әке деген сөз жоқ. Бұл да төрттік бейнеден шығатын түсінік. Яғни Жердің бейнесі текше (куб) оның жағы шаршы әйелдік сипатты мезгейді. Болмысты біліп айтсын, білмей айтсын Адам баласы «Жер - Ана дегенде ішкі бір әсерлі күшпен саналы түрде екшелеп, Ұлы үйлесімділікті түйсініп түсінгені болар. Аллаһның ирада бейнесі деген осы болар.

Қалықтық зерденің жоғары болғанын бабалар сөзі, іс- шарасы, кәсіби болмысы ұрпактан ұрпаққа жеткізіп отыр. Мысал ретінде бір әңгімеден үзінді келтірейік. «Сырымға бір малшысы сізге «бере сал», - деп еді деп, екі жапырақ ескі шүберек береді. Сырым шүберекті Тана Қоске би мен Бөкен биге көрсетеді. Сонда Бөкен би былай дейді. Мынаны шаршылап кесіпті-ау. «Басым байлаулы, аяғым тұсаулы» дейді ғой, шамасы. Мынаны үшкүлдеп... «сенің сүйегіңмін» дейді гой. Осы әңгімедегі әйелдік һәм еркектік бейненің көрінісі терең ойды білдіріп тұрғанын байқаймыз. Екі жапырақ шүберекпен айтылған сәлемнің соңы өмірдегі ауқымы үлкен оқиғамен аяқталады. (Балалар, әрі қарай 1994 ж. 1-ші қаңтардағы «Ақжелкен журналынан өздерің оқып алуға тырысыңдар). Терең зердені танытатын, әлемдік танымның көрсеткіші боларлық мұндай мысалдарды көп келтіруге болады.

Киіз үй жайлы мақал-мәтел:

«Атамыз Алаш, керегеміз ағаш».

«Киіз туырлықты. ағаш уықты қазақпыз.»

«Тез қасында қисық ағаш жатпас».

«ІІІаңырағың биік болсын, керегең кең болсын»
«Түндігің түтінді болсын»

«Алтын да менің босағам,

Аттап та шығам деп пе едім»

«Ақ үй - аманат»

«От басында, ошақ қасында»

«Қызын отаулады»

«Үйді жығу оңай, үйді тігу қиын»

«Үй ішінен үй тікпе»



«Босағаң берік болсын»

Менің де ой - түйініме құлақ салыңыздар:

  • Көшпелі дала тірлігі,

Киіз үй - Әлем бірлігі.(Б.Т)

  • Алтынмен апталған,

Күміспен күптелген,

Айшықты ақ киіз Ақ Орда —

Қазақтың обсерваториясы.(Б.Т.)

  • Киіз үй - қазақтың тарлан тариһы.(Б.Т.)

  • Он екі қанат Ақ Орда,

Құйылар көктен саф ауа.(Б.Т.)

  • Он сегіз қанат ақ шаңқан
    Әлем саған таң қалған.(Б.Т.)


  • Шаңырақ ұлға мұра,

Мал басыңды кұра .(Б.Т.)

  • Көнеден жеткен киіз үй,

Өнерді кұптар көрікті үй.(Б.Т.)

  • Керегең кең болсын,

Абыройың тең болсын.(Б.Т.)

  • Алты қанат Ақ Орда -қазаққа алтын босаға.(Б.Т.)

Қарғыс және тыйым сөздер:

Шаңырағың ортасына түссін.

Шаңыраққа қара (еске салу).

Керегенің көгін жейін (қарғану).

Керегені итіне қомдасын.

Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім,
Керегесін кескілеп, отын етсем деп едім.


Бақандай бес жігіт.

Барымды киіп, бақанымды таянып отырып (тосу).
Керегесін кертемін (реніш жасау).


Керегеге таңылды (ұятқа қалды).

Шыққан қыз шиден тысқары.

Ши жүгіртті (сөз қылу).

Түндігі ашылмай қалды (тұқым қалмады, өлді).
Есік көрген (бұрын тұрмыста болған).


Іргесін бөлу (бөлек кету).

Босаға аттады (табалдырық аттады).

Жатбосаға (бөтен үйде, тұрмыста).

Босаға керме. Табалдырық аттама.

Жаман әйел үй тіксе жалпитады (сәнін

кетіреді).

Киіз үйге арналған,

Басқа тілдерге аударылмайтын сөздік.
Абылайша - сарбаздар жорығында уық пен аңырақтан құрылып, киізбен

жабылған.

Азатбас -кереге желілерінің жеке тұрған басы.

Азаткөз - көктелмей қалатын көздер.

Аяқбау - сәндік үшін уыққа бірнеше жерден байланатын бау.

Бақан - шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын қатты түзу аша аға.

Бақалақ -сықырлауықты іштен бекітетін, маңдайша мен табалдырыққа қағылатын ағаш.

Басқұр - кереге басынан орай жүргізілетін ою-өрнекті жалпақ терме.

Балақбау -көшкенде уықтарды қосып байлайтын бау.

Дақтау -(дембі) белгі салу.

Жабағы жүн -қойдың көктемгі жүні

Жабық -туырлық, не үзіктердің айқасып қосылған тұсы.

Желбау -желді күні үй шайқалмас үшін салмақ салып байлайтын өрнекті шашақты бау.

Желарқан- дауылды күндері жел жақтан қазық қағып бастыра тартып қоятын

арқан.

Жерошақ -қазан, т.б. ыдыспен тамақ пісіретін от орны.

Жоса -қызғылт түсті топырақ бояу.

Есікбау -киіз есікті көтергенде, түсіргенде байлайтын жіңішке бау.

Қанат -жиналған кереге.

Қарашаңырақ - әкеден балаға мұраға қалған үй.

Қалам - уықтың шаңыраққа кіретін ұшы.

Қаламдық - (көз) шаңырақтағы уықтың қаламы сұғылатын төрт қырлы көз (тесік).

Қақсал ағаш - әбден кепкен, үйге жарамды ағаш.

Қоз - үй ағаштарын жұмсартуға арналған орын.

Құр - термелеп тоқылған туырлыққа, үзікке тағылатын баудың түрлері.

Керегенің аяғы - кереге төмен, жерге тіреліп тұрады.

Кереге басы - керегенің жоғары қарап тұратын жағы.

Керегеқап - жиналған қанатты қаптайтын киіз.

Көз - кереге көктелгеннен кейінгі желілер тесігі.

Көзеу - шаңырақ қаламдығын қызған темірмен тегістеп күйдіру.

Көк - керегені көктейтін таспа.

Күйеуқазық - жел арқан байланатын қазық.

Күзем жүн - қойдың күзгі жүні.

Мор - үй ағашын жұмсарту, балқытуға арналған жер

үстіндегі пеш.

Обын -үй ағашын жұмсартуға арналған жер астындағы пеш.

Отау - жас отбасына арналған төрт-бес қанатты шағын салтанатты үй.

От киіз - от басына, ошақ қасына төселетін киіз.

Өрмек - алаша, құр тоқитын құрал.

Сабау - жүнді сабап түту үшін қолданылатын ағаш таяқ.

Сарнауық - керегеге сызық өрнек салатын темір құрал.

Сояу - киіз, жабағы тігетін ағаш тебен.

Сыздық - керегеге салатын өрнек сызықтар.

Сықаурын -тезге салынған ағаштың қисық жерлерін жамбасқа салып түзететін қатты ағаш.

Талдырма - жұқа, жұмсақ киіз.

Тастама - киіз есіктің басбауы, ол шаңырақтан асып түсіріліп, маңдайшаға байланады.

Талқы - кепкен теріні, көнді, сіріні жұмсартатын ағаш кұрал

Таңғыш - (таңғыш бау) керегелерді бір-біріне қосып байлайтын жұқа, жіңішке

терме бау

Тез - мор, обын, қозға салып жұмсарған ағашты түзететін ағаш құрал, үйшілердің ең басты құралы осы.

Тулақ - жүн сабағанда астына төсейтін көн тері

Түндікбау -түндікке тағылатын төрт бау

Түйебел -екі басы биіктеу, қазыққа бекітілген ши тоқитын ағаш құр, «ши

құрғыш» деп те аталады.

Үйағаш -киіз үй жасайтын ағаштар.

Уықбау -уықты керегеге бекітетін бау.

Уықтың ығуы - (қыдыруы) уықтың өз орнынан ауытқып кетуін айтады.

Шабақтау -киіз басу үшін жүнді шиге салып, сабау мен жаймалап сабау.

Шалма -(иық бау) уық қыдырып кетпеуі үшін барлық уықты шалып өтетін

терме бау.

Шымши -өрнектеп, оюлап жүн оралған ши.

Ақши - шым оралған үлкен, тұтас ши.

Шылғи -иленбеген қайыс

Ыру - уықтың иініне, керегенің бойына жүргізілетін сайлар.

Ірге киіз -үй іргесінен шаң, құм, жел, суық жібермеу үшін тұтылатын киіз.

Киіз үйге қатысты төсеніш, көрпе-жастық, киім-кешек тұрмыс әбзелдері көптеп баршылық. Осы сөздердің көбі (мысалы- сырмақ, текемет, бітпес, алаша, бөстек, сол сияқты киімдер: сәукеле, кимешек, қамзол шолпы, саптама, құндыз бөрік, сусар бөрік, түлкі тымақ,шапан, шекпен, қасқыр ішік, түлкі ішік, зорман және күзен ішік, құлынжарғақ, т.б. түрлі қазақы тамақ атаулары...) және киіз үй тарауындағы атаулы сөздер басқа тілге аударылмайды, тек мән мазмұнынынан түсініктеме ғана беруге болады. (Мәселен, шаңырақ - круговое навершие купола; кереге – раздвижка решетчатая основа; уық – куполные жерди, деп қана түсініктеуге болар) ал алтықанатты — шести канатная юрта дейміз бе, әлде, құстың қанаты есебінен крылья дейміз бе, бұдан дәлді мағына болмайды. Қазақ — түркі сөзінен бөтен тілге енген қаншама сөздер бар ғой, мысалы: беркут, товилга, курт, кумыз, айран, катык, сундук, казан, камыш, байга, тумак, ичик, чин, Есил, Едил Торгай, Караоткел т.б.с.с.бұл сөздер де кәнігі еніп, кәсіби тұрмыстық қажетті сөз болары анық дегенмен һаріп қолданысына көбірек мән берсек қазақ сөзі өрескелдіктен адаланар еді, мысалы, Кокшетау, Костанай, Торгай, байге, тобылгы, буркут десек ше? Басқа өзен – суды аудармаймыз, ал Есілді неге Ишим демекпіз, өз атауынан әдемі болып па? Иаки, ойлана түсер ойлар баршылық,тек, көңіл көрсетпесін таршылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет