Ббк 85. 118. 7 C-85 Рецензенттер



бет2/8
Дата17.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#9548
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды сұрақтар:

  1. Қандай құжатта қалалардың жасыл аймақтарының құрамы мен мөлшері анықталып жазылған?

  2. Орман топтарын және әртүрлі топтағы ормандардың қорғалу категорияларын сипаттаңыз.

  3. Облыстар мен жалпы республика бойынша ормандылыққа баға беріңіздер.


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Агальцова В. А. Горки Ленинские. Сохранение и восстановление ланд-шафтов. М.: Агропромиздат, 1987.

  3. Боговая И. О., Фурсова Л. Н. Ландшафтное искусство: Учебник для вузов. М.: Агропромиздат, 1988. 233 с.

  4. Қазақстан Республикасының Орман кодексі.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.



Тақырып 2. Рекреациялық орман пайдаланудағы нысандар

Мақсаты: студенттерге рекреациялық орман пайдаланудағы объектілердің жіктелуін меңгерту.

Тапсырма:

  1. Рекреациялық орман пайдаланудағы нысандардың классификациясын құрыңыздар.

  2. Рекреациялық орман пайдаланудың объектiлерiн сипаттап зерттеңiз: қалалық ормандар, жасыл аймақтардағы орман-парктік бөліктері, рекреациялық функцияларды атқаратын ормандар. Қостанай, Астана және Қазақстанның басқа қалалары бойынша мысал келтіріңіздер.

  3. Қостанай қаласының Абай даңғылы бойымен отырғызылған көшеттер қаншалықты ойдағыдай қала тұрғындарын қорғайтынын талдаңыз: шу (шамадан тыс инсоляция ) шаң көтерілгенде.



Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бірінші тапсырманы орындаған кезде көгалдандырылған территорияны жіктеу функционалды қызметіне және ауданына байланысты көгалдандырылған территорияның жіктеу тәсілі екенін ескеріңіз.

Қаланың ортақ пайдалануының жүйелі көгалдандырылған аумақтарына саябақтар, бау-бақшалар, гүлбақтар, желекжолдар, әкiмшiлiк және қоғамдық мекемелер жанында отырғызылған көшеттер жатады.

Аталған әр көшеттердің санаттары белгілі бір функционалдық және құрылыстық белгілерімен сипатталады.



Саябақ — бұл кеңейтілген алаң( 10 га бастап), онда табиғат жағдайларына ландшафтық сәулет, жасыл құрылыстың әр түрлi тәсiлдерiн қолдануымен қайта жасақталған және өз алдына жеке дербес ұйымдастырылған сәулетшілік кешен, онда халықтың демалысы үшін эстетикалық және гигиеналық қолайлы орта жасалған. Саябақтың бірнеше типі бар.

Тыным және мәдениет саябағы жасыл массивтен құүралады, көлемі бойынша тұрғылықты халықты орналастыруға жобаланған және халықтың демалысы үшін аса қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін, бұқаралық мәдени-ағарту, спорттық, саяси тағы басқа шараларды ұйымдастыруға болады.

Ондағы жасыл желек екпе ағаштары жалпы ауданның кемiнде 70—80 % алады.Одан басқа, оның аумағында қиыршық тастан, кiрпiштен, плиталармен жабылған абат жаяу жолдары; саябақтың жалпы ауданын кемiнде 25 % суарумен қамтамасыз ететiн су құбырыларын салады;жоба бойынша жобаланған сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізеді.

Саябақтың маңыздылығы оның қол жетімділігіне ие болуы, оны қаланың әр түрлі тұрғын аудандарынан қоғамдық көлікпен 40 минут ішінде жетуге болатындай етіп орналастырады.

 Спорт саябағы (стадион) — әр түрлі спорттық құрылыстар орналастырылған, сонымен бірге халықтың демалысы үшін және мәдени-ағарту жұмыстарын өткізуге арналған территория. Iрi және ең iрi қалалар әр түрлi түрлердiң спорттық саябақтарын желiнi әдетте жасайды.

Союздық және республикалық деңгейдегі спорттық саябақтарда халықаралық, республикалықжәне жалпы қалалық әр түрлі спорт түрлерінен іс шараларды өткізуге арналған, спортсмендердің жаттығуына және көрермендерді күтуіне арналған орындар, ірі демонстрациялық құрылыстарды орнатады.

Аудандық спорттық саябағы- аудандық деңгейдегі сайыстарды, күнделікті жаттығуларды және дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған. Радиусы 1,5 км анықталады. Екпе ағаш көшетіктері жалпы ауданның 50% алады.

Ойын сауық саябағы – көп мөлшерде аттракциондармен көріністік құрылыстар орнатылған жәнекелушілердің дем алуына орындармен, жалпы ауданның 40% екпе ағаш көшеттіктерімен отырғызылған.

Қалалық саябақ – шектеулі құрылыстары бар, тұрғындарды қамтуға яғни соны ішінде дем алумен серуендеуге арналған жасыл массивтен тұрады.

Көрме-саябақ. Мұндай саябақтың негізі - әр түрлі тақырыпта халықаралық, мемлекеттік, республикалық, облыстық, қалалық көрмелерді өткізуге арналған алаңшалар мен павильондар кешені. Көрме павильондарынан басқа мұндай саябақтарда ағартушылық және көруге арналған құрылыстарды орнатады. көрме – саябақ алаңы 35—40 %екпе ағаш көшеттерімен қамтылған болып келеді.

Ботаникалық саябақ — ол ғылыми-зерттеуші және мәдени-ағартушы ұйым. Сонымен бірге қалалық тұрғындардың дем алуына мүмкіндік береді. Онда отандық және дүниежүзілік өсімдіктер ресурстарын зеттеуге, сонымен бірге биология саласы бойынша білімді игеруге мүмкіндік береді.

Зоологиялық саябақ — ғылыми-зерттеуші және мәдени-ағартушы ұйым, онда жануарлар табиғи экологиялық жағдайлары бар орындарға жайғастырылған.

Орманпарк —әр түрлі демалыс түрлеріне арналған, орманды массив. Орманпаркте тұрғындарды қамтуға арналған шектеулі мөлшерде құрылыстарды салады.

Орманпарк ауданының жағдайын жасауына (Благоустройство) жатады, ол жаяужолдарды салуға, шектеулі мөлшерде автомобильді жолдарды , суару суқұбырларын жүргізуге, шаңғы трассасын жарықтандыруға, демалушылардың жаңбырдан қорғалатын орындарды жасауға жатады.

Жаппай дем алу зоналары орман массивтерінде және суқоймалардың жағалауларында құрылады. Онда ұзақмерзімді және қысқамерзімді дем алуына пансионаттар, палаталық лагерьлер, мотельдер, дем алу үйі, демалыс базалары орнатылады.

Қорық – саябақ- өз алдында ғылыми, мәдени және шаруашылық құндылықтарды көрсететін «табиғат ескерткіштері». Саябақтың ауданында эксплуатациялық жұмыстар парктің өзіндік ерекшеліктерін сақтау үшін шектеледі. Ұйымдастырылған экскурсия кезінде ғана қорықтарға баруға рұқсат беріледі.

Ұлттық парк. Әдетте оның ауданы үлкен көлемді болып келеді. Территория его обычно очень больших размеров. Ол қорықтың және орманпарктің функциясын қоса атқарады, ерекше жағдайларда ғана қаланың аймағына кіреді.

Этнографиялық саябақ ерекше үлгідегі тұрғын, тұрмыстық және бұрынғы құрылыстарды табиғи ландшафт жағдайында көрсетуге арналған. Саябақта архитектуралық шығармашылық тарихы бойынша тақырыптық көрмелермен ғылыми-зерттеушілік жұмыстар жүргізіледі. Этнографиялық саябақ тұрғындардың тынығатын орны болып табылады.

Мемориал саябағы тарихи-революциялық немесе маңызды тарихи оқиғамен, саясат, ғылым, немесе мәдениет қайраткерлерімен байланысты болған аймақтарда ұйымдастырылады. Мұнда келушілерді экскурсиялық режимде қабылдайды, өйткені түпкі мақсат - мемориал құрылымдар мен орындарды сақталуын қамтамасыз ету

Қалалық бақ – тұрғын ауданда орналасқан, саябақтан көлемі бойынша кішірек жасыл массив. Жақын тұратын шағынаудандардың тұрғындарының демалысы үшiн арналған бақша. Онда ойынға, дене шынықтыруға, көңіл көтеруге арналған алаңдар мен құрылымдар орналастыруға болады.  

Сквері — қысқамерзімді демалыс үшін және архитектуралық мақсатта қолданатын кішігірім көгалдандырылған участок.

Желекжол (Бульвар) жағалай көлiк жүретiн көшенiң бiр бөлiгiнiң көгалдандырылған жолағы. жаяу жүруге және қысқамерзімді демалуға қолданады. Көшелермен көлік жүретін жолдарды көгалдандыру. Осындай типтегі көгалдандыруды жаяжолдары бар көшелермен аллеяларға қолданады. Алайда ағаштар мен бұталарды жаяужолодың екі жағынан егеді, шаңнан, шудан және күннің көзінен қорғайды.

Екінші тапсырманы орындаған кезде Қостанай, Астана, Қазақстанның басқа қалалары бойынша, және дүниежүзі бойынша жасыл рекреациалық нысандарға мысалдар келтіріп өз жауаптарынды дәлелдеңіздер. Ол үшін қалалық скверлер мен көшелердегі көшеттердің отырғызудың жоспарлау ерекшеліктері мен жағдайларын жақсы білу қажет.

Сквері — ол кішігірім көгалдандырылған территория, алаңдарды, қоғамдық орталықтарды, магистральдарды сәндеуге арналған элемент болып табылады, сондай ақ қысқа мерзімді демалыс пен транзит пайдаланады.

Алаңдағы скверлер оның барлық территориясын немесе бір бөлімнен,немесе бірнеше бөлімнен тұрып алаңда орналасады. Скверлерді үйлердің арасында немесе жеке ғимараттардың алдында орнатады. Cкверлердің тағайындауы әр түрлі болуы мүмкін. Қалалық немесе аудандық деңгейдегі алаңдардағы, және де қоғамдық ірі ғимараттардың алдындағы( музей, театр) скверлер тұрғындардың қысқа мерзімді дем алуына тағайындалған. Екі

Қосалқы алаңшаларда және көшелерде жайғастырылған скверлер ұзақ мерзімді дем алуға және балалардың ойнауына, серуенденуіне арналған.

Жеке ғимараттардың алдында орналасқан арнайы тағайындалған скверлер, осы ғимараттардың қызметімен анықталады. Мысалы, кинотеатрлардың алдындағы скверлерді сеанстың басталуын тосып отырған көрермендер жаз мерзімі кезінде өзіндік фойе ретінде пайдаланады.

 Скверлерді көгалодандырған кезде территорияның 65—75 % көшеттіктерге, алаңшалар мен жолдарға 23—32 %, гүлдерді отырғызуға және декоротивті құрылымдарға —2—3 % отырғызуға ұсынылады.

Қалалық көшелерде көшеттіктерді отырғызу.

Көшелердегі көшеттіктер, көшеттіктерді жаппай қолдану категориясына жатады, себебі қала тұрғындары көшелерде елеулі уақытын өткізеді. Демек, көшелерде оңтайлы саниртарлы-гигиеналық және эстетикалық жағдайларды жасау үлкен маңызды міндет болып табылады. Көгалдандырудың тәсілін таңдау - қала көшелерінің көгалдандырудың маңызды сұрақтарына жауап береді. Отандық және шетел практикаларында қала тұрғызуда көшелерді көгалдандырған кезде әр түлі тәсілдерді қолданады. Жиі көлік жүретін жолдар мен жаяужолдардың арасына бір қатар бойымен ағаштарды отырғызады. Кейде ағаштарды жаяужолдарда егеді. Жеке жағдайларда қатар бойымен отырғызылған ағаштар бұталармен толықтырылады. Осындай қарастырылып отырылған көгалдандырудың бұл типі көшенің бір жағын көгалдандыруға жатады.

Келесі көгалдандырудың типіне, жаяужол мен көлік жүретін бөлігі арасындағы аралық жерде екі немесе одан да көп қатар бойымен ағаштарды егу жатады. Кейде бір көшенің бойында көгалдандырудың екі типі де үйлеседі – екі және одан да көп қатар ағаштар екпелері көшенің бір жағында және бірқатарлы ағаш екпелері екінші жағына отырғызылғанда.

Қосымша көгалдандыру типі – көшенің көлік жүретін бөліктеріндегі айыратын жолақтар. Көптеген жағдайларда жаяужолдар мен көлік жүретін бөліктер қосымша екпелер және құрылыстармен толықтандырады.

Кейде, азқабатты үйлері бар аудандарда, осындай толықтырулар кішкене бау-бақша түрінде, басқа жағдайларда ашық аула түрінде болады(курдонер).

Көше келбетіне бульварларды қосу —келесі көгалдандырудың типі.

Көшелерді көгалдандырудың негізгі міндеттерінің бірі жаяужолдар мен ғимараттарда микроклиматтарды жақсарту үшін көшелерде екпелерді қолдану болып табылады.

Жаяужолдар мен ғимараттардың алдыңғы жағын көлеңкелеуде жасыл желектер ойдағыдай болады.

Жаяужүргіншілерді шамадан тыс инсоляциялар мен қоршаған жабындылардан шығаратын жылу сәулерінен, сондай ақ ғимараттардағы үй жайларды инсоляциядан қорғаудың сұрақтары, көшелердің жарық бағыттарының ориентациялары мен және жергілікті климаттық жағдайларға байланысты.

Көшелер ауқымды болған кезде (көше осінің бағыты шығыстан батысқа, үйлердің беті бір жағы оңтүстікке, басқа жағы солтүстікке бағытталған болса) көгалдандыруға қойылатын талаптар басқаша болады.

Кең бағытты көшелерде күннің көзі түспейтін солтүстікке қараған үйлердің алдындағы жаяужолдарға көлеңке салу қажет. Егер осындай көшелер биік ғимараттармен салынған болса, онда осындай солтүстікке бағытталған ғимараттардың алдындағы жаяужолдарға үйлерден көлеңке түседі, сондықтан ағаш екпелерін егудің қажеттілігі жоқ.

Солтүстікке бағытталған және аз жылынатын қабырғалардан жаяу жүргіншілерге күшті жылу сәулелендірілмейді, осындай жағдайларда ғимараттардың алдына жаяужолдар жақын орналастырылады. Оңтүстікке бағытталған, фасадтардың қызып кетуінен қорғаудың қажеттілігі жоқ, өйткені жазғы айларда Күннің көзі биік тұруынан азын аулақ қызады. Бұл тиiстi зерттеулермен расталады.

Отырғызылған екпелер жаяужүргіншілер мен ғимараттарды шаңнан қорғау үшін пайдаланады. Осындай жағдайларда топталып отырғызылған бұталар немесе тірі қоршаулар және ағаштармен толықтырылған күшті эффект береді.

Отырғызылған екпелер қала көшелерін шудан қорғайды. Осы жағдайда көлік жүретін жолдар мен жаяужолдар арасына аралас екпе жолақтарымен еккен эффективті болады, онда екпелерді баспалдақты профиль бойынша отырғызған жөн: төмен және биік бұталар, биік емес және биік ағаштар. Осындай отырғызылған жасыл өсімдіктер «баспалдағы» бойымен шу, толқын сияқты «аттайды», анағұрлым шу азаяады.

Транспорттар көп жүретін аудандық және қалалық магистральдарда шуғақарсы екпе жолақтары өте қажет.

Көгалдандырудың типін таңдаған кезде келесі жағдайларды еске алсын.

Көгалдандыруға транспорттар мен жаяу жүргіншілер интенсивті жүретін, ауаға түтін, шаң және басқада қалдықтарды бөлетін өнеркәсiптiк кәсiпорындарға жақын көшелер жатады.

Оңтүстік қалаларда күннің көзі түсетін жаяужолдар мен ғимараттардың фасадтарының көлеңкелеуіне көп көңіл аудару қажет, осында линия бойымен егілген тығыз және көлемді ағаш екпелерін отырғызған жөн.

Көшелердің қиылысындағы және көше бұрылыстарында ағаш екпелерін автомобиль, троллейбус,    трамвай жүргізушілеріне және жаяу жүргіншілерге кедергі жасамайтындай қылып егу қажет.

Ауқымды емес көшелерде бір қатардағы биік және қысқа ағаштарды кезектестіруге болады.

Ағаш бөрікбасы астындағы қыздырылған ауа тұрып қалмау үшін, ағаштар арасында интервалдар қалдырады, ол желдетуді қамтамасыз етеді.

Ашық жерлерде еніне сәйкес жолақтарда ағаш қатарларын отырғызады. Сыртқы жарықтандыруға арналған шамдардың тіректері трамвай мен троллейбустардың өткiзгiш сымдары үшiн дiңгектерді екпелерді егуге арналған жолақтарға отырғызу болады. Жаяужолдардың шеттеріне ағаштарды кейбір жағдайларда егуге болады.

Көше бойындағы жаяужолдар үшін тамыр жүйесі үстіңгі беткейлік және қатты бұтақталатын ағаштарды отырғызуға болмайды, себебі жаяужолдардың үсіңгі беткі жабындысын зақымдалуынан қорғау үшін.

Үшінші тапсырманы орындаған кезде жоғарыда келтірілген материалдарға сүйене отырып, Қостанай қаласындағы, Абай даңғылы бойынша өсірілген көшеттіктердің қаншалықты сәтті отырғызылғанын яғни шаңнан, шамадан тыс инсоляциядан қорғайтынына анализ жасаңыз.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Рекрециялық орман пайдалануда нысандардың классификациясын сипаттаңыз.

  2. Рекрециялық орман пайдалануда нысандарды тұрғызуда қандай ерекшеліктер бар?

  3. Саябақ ыкверден қалай ажыратылады?

  4. Тұрғындарды шу мен шаңнан қорғауда ағаштардың маңыздылығы қандай?

  5. Қостанай қаласында жасыл екпелерді отырғызудың нормалары сақталынады ма?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  2. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.

  3. Рекомендации по изысканию и проектированию лесопарков. М.: ВГПИИ «Союзгипролесхоз», 1984.


Тақырып 3. Орманпаркті ландшафты қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары

Мақсаты: студенттерге орман және орманды құрайтын ағаш түрлеріне жалпы түсінік беру.

Тапсырма:

    1. Орман туралы ұғымға сипаттама беріңіз.

    2. Орманның су күзету-қорғаныш маңызыдылығын қарастырыңыздар.

    3. Ауа ортасы аномалиялары және орман.

    4. Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Орман туралы ұғым. Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің – сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағынасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі тіршілік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.

Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар – жан – жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.

Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.

Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т.б. құрастырады.

Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 ... 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері – 0,5 % көп бермейді.

Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т.б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.

Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық , жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т.б. әсер етеді.

Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне жайлы жағдай табады, өйткені олар қоректене және көбейе алады. Ал көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда қоңызының дернәсілін азайтады.

Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың қоректенуін қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды, қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.

Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі.

В.Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео- жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.

Екінші тапсырманы орындау үшін орманның су күзету-қорғаныш маңыздылығын білу қажет. Ормандардың су күзету және су реттеу маңызы - олардың ылғалды жинақтау және оны су балансының жекелеген бөлімдеріне пайдалануда болып табылады, қорғаныш міндеті -топырақты су және жел эрозиясынан, ал су қоймаларын батпақтану мен ластанудан сақтау.

Негізгі міндеті су қоймаларына Судың келуін реттеу және оларды батпақтанудан сақтау болып есептелетін ормандар - су реттеуші ормандар деп аталады.

Топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, сондай-ақ жерді, көлік жолдарын және елді мекендерді климаттық және гидрологиялық зиянды әсерлерден қорғау болып табылатын ормандар - қорғаныш ормандар деп аталады.

Орманды жерлер өздірінің су күзету-қорғаныш функцияларына қарай кластарға (сыныптарға) жіктеледі.

М.Е.Ткаченко жіктеуі (классификациясы). 1939 жылы М.Е.Ткаченко орманды келесі топтарға жіктеген:

1. Су қорғау орманы - су қорының ең аз кезеңінде судың біршама қалыпты келуіне ықпал етеді немесе табиғи және жасанды су қоймаларын ластанудан алдын ала сақтайды.

2. Су реттеуші орман - су көздеріне жалпы судың келуін көбейтпейді, бірақ оның тасқынын жеңілдетеді және батпақтануды болдырмайды немесе топырақтың жақсы дренаждалуына көмектеседі.

3. Қорғаныш орман су және жел эрозиясы нәтижесінде топырақты бүлінуден, ал елді мекендерді - атмосфералық қолайсыз әсерлерден қорғайды.

4. Кешенді су қорғау-қорғаныш орманы - суды күзету және қорғау міндеттерін орындайды.

Б.Д.Жилкин жіктеуі (классификациясы). Б.Д.Жилкиннің (1940, 1958) үш мүшелі бес баллды жіктеуі орманның су күзету-қорғаныш рөлінің бағасын біршама толық бере алады: бірінші мүше - орман есімдіктер аймағы, екінші - жергілікті аймақ түрі, үшінші - орман өсімдіктері қауымдастығының түрі.

Орман өсімдіктер аймағы шегінде орманның өсіп тұрған орнына байланысты учаскеде балл арқылы бағаланады: 100 - орманды тундра, 200-солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 300 - оңтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 400 - қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар мен орманды дала, 500 - тау ормандары.

Орман өсімдіктері қауымдастығының түрі - ағаш түрлерінін тобы және сүрекдіңнің өнімділігі бойынша бағаланады (4-кесте).

Кесте 4 - Орман қауымдастығын бағалау, баллдар




Өнімділік



Ағаш түрлерінің тобы

Қошқыл қылқанды орман

Қарағай және күрделі қошқыл қылқанды орман

Қыста жапырақ тастайтын және күрделі қарағайлы орман

Төмен, IV және одан төмен бонитет класы

1

2

3

Орташа, II, III бонитеттер класы

2

3

4

Жоғары, 1 бонитет класы және одан жоғары

3

4

5

Жергілікті аймақ түрі - жер бедері және топырақтың механикалық құрамы бойынша бағаланады (5-кесте).

Кесте 5 - Жергілікті аймақ түрін бағалау, баллдар


Топырақ

Көлбеулік, градус

3-ке дейін

4-15

16 және одан жоғары

Құм

10

20

30

Құмайт

20

30

40

Саздауыт және сазды

30

40

50



Тюрин мен Козменко жіктеуі (классификациясы). И.В.Тюрин (1946) орманның су күзету-қорғаныш ролін анықтағанда орман өсімдіктері аймағын, жер бедерін, топырақ жағдайын, сүрекдің сипатын және ормандылық деңгейін ескерді. Ол су күзету рөлінің көрініс табу дәрежесі бойынша орман аудандарын төрт класқа (сыныпқа) бөлді және оның әрқайсысы үшін басты мақсатқа пайдалану кесулері мен басқа орман шаруашылығы шараларының нормаларын белгіледі.

I класс, су күзету және қорғаныш рөлі көрініс табуының ең жоғарғы дәрежесі. Оған мыналар жатады:

а) эрозияға қарсы орман жолақтары;

б) топырақ ылғалдаушы орман жолақтары;

в) топырақ қорғаушы орман жолақтары;

г) орманды дала және далалы өңірлердегі eгic қорғайтын орман жолақтары кіреді.

II класс, жоғарғы дәреже:

а) эрозияға қарсы орман жолақтары;

б) топырақ ылғалдаушы орман жолақтары;

в) топырақ қорғаушы орман жолақтары жатады.

III класс, ортаңғы дәреже. Су реттеу маңыздылығы бар ормандар жатады.

IV класс, төменгі дәреже. Ойпаң жазықтарда және жоғары пайызды ормандылығы бар аңғарларда орналасқан ірі орман алқаптары (қылқан жапырақты ормандар өңірі) енгізіледі. А.С.Козменко (1947) - су және жел реттегіш санаттарды белгіледі.

Ауа ортасы аномалиялары және орман. Орманның жел реттегіш рөлінен басқа, атмосфераның физикалық, химиялық және радиоактивті ластануы сияқты қолайсыз құбылыстарды азайтудағы және өзгертудегі маңызын атап өту керек. Орман осындай құбылыстарға қарсы біршама қорғаныш бола отырып, олардан өзі де зардап шегеді. Орманда шаң-тозаң тәрізді бөлшектер, газ тәрізді химиялық қосылыстар — өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары бөгеліп қалады. Әсіресе, күкірт ангидриді, азот және фтор қосылыстары зиянды.

Орман жауын-шашын және шаң-тозанда болатын радионуклидтерді ұстап, қайта бөледі. Ионданған радиация әсерінен ағаштар жойылады және ыдыраған өнімдер желмен қоршаған кеңістікке тарайды. Мұндай ормандардағы өрт салдарынан радиоактивті күлдер мен газдар үлкен қашықтыққа кетеді.

Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану. Халықтың қалаларға шоғырлануы орманды пайдаланудың жаңа түрін (рекреация) -адамдардың табиғатта тынығуын туғызды. Осы мақсат үшін бірінші кезекте халық көп шоғырланған орталықтар төңірегіндегі жасыл аймақ ормандары тағайындалған. Дегенмен, жол қатынасына байланысты орманның басқа санаттары да бүл міндетті табыспен орындай алады.

Рекреациялық міндет атқаратын ормандарда шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше әдістері қажет. Мұндай ормандарды орналастыруда қызмет аймақтары тағайындалады: белсенді немесе жаппай демалыс аймағы, тыныш серуендеп демалу аймағы, туризм аймағы.

Жасыл аймақ ормандарында жаппай демалыс үшін орманды-саябақ бөлімі бөлінеді, ормандардың бөлігін береді, олардың мөлшері халықтың 1000 адамына 10-нан 25 га-ға дейін жетеді.

Шаруашылықтың маңызды ерекшелігі - түрлі пішіндегі орман ландшафтын (жабық, жартылай ашық, ашық) құру үшін арнайы күтіп- баптау кесулерін жүргізу болып табылады.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Орман дегеніміз не?

  2. Орманның суды реттеудегі маңыздылығы қандай?

  3. Ауа үшін орманның маңыздылығы қандай?

  4. Рекреация дегеніміз не?

  5. Рекреациялық міндетін атқаруда орманның маңызы қандай?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Тюльпанов Н. М. Лесопарковое хозяйство. Учебное пособие для техникумов. Изд. 2-е, перераб. Л., Стройиздат, Ленннгр. отд-ние, 1975, 160 Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Строительство и реконструкция лесопарковых зон на примере Ленингра-да / В. С. Моисеев, Л. Н. Яновский, В. А. Максимов и др. М.: Стройиздат, Ле-нингр. отд., 1990. 288 с.

  3. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.

  4. Рекомендации по изысканию и проектированию лесопарков. М.: ВГПИИ «Союзгипролесхоз», 1984.



Тақырып 4. Жеке ағаштың таксациясы

Мақсат: студентерді ағаш жасын, биіктігін анықтауға үйретіп, кәсіби компетенцияны, бақылағыштықты, кәсiби жауапкершiлiктi қалыптастыру.

Тапсырма:

  1. Ағаштың биіктігін анықтау.

  2. Ағаштардың жасын анықтау.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Камбий арқылы ағаш жасын анықтайды.


Камбий көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды, ал камбий жасушаларының бөінуінен ағаштар жыл сайын жуандап отырады және соған сәйкес камбийден ағаштың жылдық шеңберлері түзіледі. Камбийдегі шеңбер саны арқылы ағаштың жасын анықтауға болады

Кейбір қылқанды ағаштарда сыртқы белгілері бойынша бұтақтарының орналасуы олардың жасын белгілі бір шегіне дейін анықтауға мүмкіндік береді: діңгектің ұшындағы бүршіктер әрқашан жатынқы сақиналы бүйірлік бүршіктермен айнала қоршалған, олардың дамуынан бұтақтар түзіледі, олар діңде күлтебастанып (вертикальді) орналасады. Діңгек бүршігі және оны қоршаған бұтақтар жыл сайын түзеді, яғни діңгек толықтай күлтебастармен жабылған болып келеді. Шыршаларда алғашқы күлтебас үшінші жылда түзіледі.



Ормандағы ағаш тектес өсімдіктердің биіктігін көз мөлшері бойынша анықтауға болады. Ол үшін сызғышты немесе таяқты созған қолға ұстайды да, ал оның ұшын ағаштың ен ұшына бағыттайды. Бұдан кейін бақылаушымен ағаштың арасындағы қашықтықты өлшейді және оның биіктігін мына формула бойынша есептеп шығарады:

А
Сурет 1- Ормандағы ағаш тектес өсімдіктердің биіктігін көз мөлшері бойынша анықтау


Х=Аn+ h,

а

мұнда А- бақылаушыдан ағашқа дейінгі қашықтық;



а - бақылаушының көзінен сызғышқа дейінгі қашықтық;

n - бақылаушының көзінен ағаш ұшына дейінгі бағыттаушы сызықпен горизонталь сызықтың арасындағы сызғыштың бөліктер саны;

h — көз деңгейіне дейінгі бақылаушының бойы;

X — ағаштың биіктігі.

Егер ұзындығы созылған қолға, иықтан саусаққа дейін

(n=а) тең таяқ немесе сызғыш алсақ, онда ағаштың биіктігі мына формула бойынша есептеледі: Х=Аn+ h=А+ h


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет