Ббк 85. 118. 7 C-85 Рецензенттер



бет3/8
Дата17.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#9548
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды сұрақтар:

  1. «Жеке ағаш таксацисы» деген не?

  2. Ағаштардың жасын қалай анықтайды?

  3. Ормандағы ағаш тектес өсімдіктердің биіктігін қалай анықтауға болады?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.

  2. Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.

  3. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

Тақырып 5. Сүрекдіңдердің таксациясы

Мақсаты: студенттерге сүрікдіңдердің таксациясы жайында білім беріп, кәсіби білім мен қабілеттіліктерді қалыптастыру, мақсаттылықтарын дамыту.

Тапсырма:

ҚМУ дің айналасындағы жасыл аймаққа таксация жасаңыз. Алынған мәліметтердің негізінде жоспар бойынша сипаттама жасаңыз:

  1. Сүрікдіңдердің формасы

  2. Сүрікдіңдердің құрамы

  3. Сүрікдіңдердің жасы

  4. Сүрікдіңдердің биіктігі

  5. Сүрікдіңдердің толықтығы

  6. Бонитет

  7. Орман типтері


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Сүрекдіңдердің құрамы– қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан немесе бірлі – жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 – балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал сандар қосындысы 10 болу керек.

Ағаш бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса, ол басым түскен деп аталады. Ал егер бітімдегі тұқым шаруашылықта бағалы болса оны басты деп атайды.

Сүрікдіңдердің формасы-бір биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын қатарлар санымен анықталады. Егер ағаштардың бөрікбасы жалпы қатар құрастырса, онда ол ағаш бітімі қарапайым, немесе бір қатарлы деп аталады, ал егер екі немесе бірнеше қатар құрастырса, онда ол күрделі немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0,3 кем болмаса, онда ағаш бітімін күрделіге жатқызады. Олар топырағы және климаттық жағдайлары қолайлы жерлерде қалыптасады. Жоғарғы қатарда тез өсетін, жарықты жақсы көретін тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде жарықтың, аздығына көнетін ағаштар. Күрделі ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін келтіруге болады - қайың бірінші қатарда өседі, ал екінші қатарда – шырша.

Іс жүзінде өсімдіктердің нысанын бөледі, оған қатарлар саны, ағаштар, бұталар, мүктер, қыналармен қалыптасқан. Бұл жағдайда ең жоғарғы қатарда ағаштар, сосын бұталар, ең төменінде – шөптер, мүктер, қыналар, олар топырақты жауып тұрады.

Сүрікдіңдердің жасы – ол қатарды қалыптастыратын ағаштардың жасы, оның биологиялық және шаруашылық маңызы зор. Егер ағаштардың жасы жас классының шамасында болса бір жастағы болады, ал егер ол шамадан шықса, онда әр түрлі жастағы деп аталады.

Ағаш бітімінің жасына байланысты бөледі – жас, орта жаста, пісіп қалған, піскен, тұрып қалған деп. Жас ағаш бітімі – ағаш бітімінің қабысуынан екінші класстағы жасының аяғына дейінгі кезең. Бұл орманның ұрпағына жатады - өзі себілгенненөскендер, жаңа өсулер, балақ шыбықтар, олар қабысқаннан кейін шатқал қалыптастырады, яғни өте жиі және толық орман участогі, күтілмейді, I класс жасындағы балаусаға жатады. Ағаштар жылдам жіктелу, биіктікке тез өсу, қарқынды бұтақтанып және жапырақтану кезеңінде жас ағаш бітімі II классқа өтіп сырықтанады.

Ағаштардың жіктелуі саябырлау кезеңі басталады, бірақта өсуі қарқындап сүрекдіңнің қоры көбейіп тұқым беру кезеңі басталады. Ондай ағаш бітімін орта жастағыға жатқызады, яғни III класс басынан пісу жасына дейінгі кезең. Пісіп қалған ағаш бітімі, класс жасымен пісу жасын алдын – алады. Бұл кезеңде ағаштардың шаруашылық және техникалық белгілері анықталып, жақсы өнім беріп, биікке өсуді саябырлатып, диаметрі үлкейуі мен сүрегі жуандауы азаяды. Яғни табиғи сиреу және жіктелу төмендейді.

Пісу жасына келген ағаш бітімінің сандық және сапалық көрсеткіштері белгіленіп шаруашылық мақсаттарына сәйкес болады. Ол кесуге дайын, негізгі ағаш сортименттерінің шығымы мен қоры өте жоғары. Ондай ағаш бітімдерінде дәндердің өнімі өте болуы байқалады. Тұрып қалған ағаш бітімдерінің жасы, пісу кезеңінің басталу уақытынан, екі немесе одан көп жас класстарымен жоғары. Ол уақытта өсу бәсеңдейді, жел сұлатпасы және зақымдану, ауыру әсерімен ағаштар өледі. Ағаш бітімі көп сирейді.

Сүрікдіңдердің бонитеті – орманның өсіп және даму сапасын сипаттайтын көрсеткіш, және онымен байланысты - өнімділік. Ол ағаш бітімінің негізгі қатарының орта биіктігі және жасымен анықталып класстарға бөлінеді. Егер ағаш бітімі биік және жас болса, онда орманның бонитет классы мен өнімділігі жоғары болады. Іс жүзінде бонитеттің 7 класстарын (5 негізгі және 2 литерлық) бөліп рим цифрларымен белгілейді (Iа,I,II...Vа), кейбір жағдайларда оларды көбейтеді. Бонитеттің I классы жоғары және жақсы топырақта өсетін, жоғары өнімді орманды сипаттайды. Бонитеттің келесі класстары топырақтың нашарлауын және сүректің саны азайуын көрсетеді. Бонитет классын анықтау үшін арнайы шкалалар дайындалған. Мысалы, дәннен дамыған қарағай ағаш бітімі келесі көрсеткіштермен сипатталады (Кесте 6).

Ағаш бітімінің толықтығы - өсіп тұрған ағаштардың тығыздық дәрежесі, яғни алып тұрған көлемін қолдануын сипаттайды. Егер тұрған ағаштардың тығыздығы өте жоғары болса, онда ол көлемді ағаштарды араларына орналастыруға болмайды, яғни тығыздығы өте жоғары деп 1,0 белгіленеді. Егер бар ағаштар санына сондай көлемді және санды ағаштар қосу мүмкін болса, онда толықтық 0,5 болады.

Толықтықты бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Ағаш бітімі 0,8…1,0 толықтықпен өте жоғары толықтыларға жатады, 0,6…0,7 толықтықпен – орташа толықтыларға, 0,3…0,5 толықтықпен – төмен толықтыларға, ал 0,2…0,1 толықтылықпен – сиректерге.

Сүрікдіңдердің толықтылығы – мүмкішілігін, өнімділігін, қорды және шаруашылық іс-шараларын анықтауды сипаттайтын маңызды көрсеткіш.

Шымылдықтың қабысуы ағаш тұқымдарының орман шаруашылық қасиеттерімен, ағаш бітімінің бонитет классымен, құрамымен және жасымен, орман өсімдіктері жағдайымен және орман өсу аймағымен байланысты, сондықтан ағаш бітімінің бөрікбасының қабысу дәрежесін анықтайды. Кең бөрікбасын дамытатын ағаштарда шымылдық қабысуы биік болады. Оны бөрікбасының кескінімен анықтайды және бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Шымылдық қабысуымен толықтықтың мәні мен мағынасы бірдей емес, бірақта екеуінің арасында тығыз қатынас бар. Егер қабысу жоғары болса, онда ағаш бітімінің толықтығы көп болады. Қабысуда да толықтағыдай ағаш бітімінің жоғары қабысқан, орташа қабысқан және төмен қабысқандығын анықтайды, сондықтан ол күтім кесуін жүргізгенде маңызды көрсеткіш болып есептеледі.

Сүрікдіңдердің жиілігі – бір көлемдегі ағаштар саны.Бұл көрсеткіш ағаштардың биік және жуан өсуіне, жапырақтануына, бұтақтардан тазаруына әсер етеді.Жиі ағаш бітімінде ағаштардың жапырақсыздануы қарқынды, биіктігі мен диаметрі кіші, бұтақатрдан тазаруы жақсы.Оның ағаш бітімінің толықтығы және қабысуымен айқын байланысы бар. Көлеңкені ұнататын ағаш тұқымдарында (жөке ағашы) перде қабысуы жоғары болады, ал жарық сүйгіштерде (қарағай,қайың) керісінше. Жиілік ағаш бітімініңжасы мен орман өсу жағдайлары өзгеруімен өзгереді.

Кесте 6 – Бонитет класстарына сәйкес (Орлов және Тюрин бойынша) қарағай өсімдіктерінің биіктігі және жалпы өнімділігі




Жасы,


жыл

Биіктігі, м (алымы), жалпы өнімділігі, м3/га (бөлгіші)



Бонитет классы




I

II

III

IV

V

20

40



60

80

100






9-8

127
17-15

402
23-20

662
27-24

860
30-27

1015



7-6

103
14-13

329
19-17

555
23-21

730
26-24

867



6-5

75
12-10

254
16-14

447
20-17

604
23-20

726



4-3

53
9-8

189
13-11

343
16-14

472
19-16

571



2

33
7-5

125
10-8

249
13-11

350
15-13

427

Бонитеттің I классында ең төмен, ал V класста – ең жоғарғы. Ал өсу жағдайлары жақсарса ағаштарда көлемді болып өседі.

Сүрікдіңдердің қоры – бір көлемдегі сүректің жалпы саны, әсіресе 1 га. Ағаш бітімінің қоры, маңызды экономикалық көрсеткіш болып есептеледі, өйткені екпе ағаштардың өнімділігін көрсетеді. Ал өнімділік тек ағаш діңінің қоры емес, ол бұтақтар, жапырақтар, тамырлар, сонымен қатар бір көлемдегі жаңа өсулер, майда тоғай, бүркеме дақылдар. Ағаш бітімінің қоры көлемдік дәрежеде (м3), ал өнімділік массасымен (т) есптеледі.

Халық шаруашылығында қолдану көз қарасымен ағаш бітімінің ағаш қорының сапасы ағаш бітімінің тауарлылығы. Ол іскерлік және отындық діңдердің арақатынасымен анықталады, сосын қорды сапалық және сандық категорияларға бөлумен, яғни іскерлік сүрек ірілік және сорттар категорияларымен, шикізат технологиялық өңдеумен, отын, қалдық. Барлық ағаш діңдері тауарлылық класстарға бөлінеді, оның негізі іскерлік сүректің шығымы.

Ағаш бітімінің таксациялық сипаттамасының маңызды көрсеткіштерінің біреуі диаметр, яғни тамыр мойынынан 1,3 м биіктікте немесе кеуденің биіктігінде өсіп тұрған ағаштардың жуандығы.



Орман типінің ұғымының анықтамасы. Орман алабы бір текті емес. Орманды жеке участоктерге мүшелеуге бөлуге мүмкіндік беретін белгілердің мөлшері жоғары. Сондықтан орманды зерттеумен адамның онда шаруашылық жұмыстарды жүргізуге қиындық туғызады. Алайда бірдей жағдайы бар орманда мінездемелері ұқсас сүрекдіңді участоктер қайталанады.

Погребняктің жіктелуін қолдана отырып, орман желектерінің типін анықтаңыз.

Кесте 7- П.С. Погребняктің орман типтерінің жіктелуінің схемасы


топырақ құнарлығы

топырақ

дымқылдығы


аса жүдеу

(орман типтері)

салыстырмалы

жүдеу(орман типтері)

салыстырмалы

бай(орман типтері)

аса бай

(орман типтері)

өте құрғақ

А0

В0

С0

Д0

құрғақ

А1

В1

С1

Д1

жас

А2

В2

С2

Д2

дымқылдау

А3

В3

С3

Д3

дымқыл

А4

В4

С4

Д4

сулы

А5

В5

С5

Д5



Қорытынды сұрақтар:

  1. Сүрекдіңділердің қандай көрсеткіштерімен таксция жүргізіледі?

  2. Сүрекдіңділерге таксацияны қандай әдіспен жүргізеді?

  3. Сүрекдіңділердің толықтығы қалай анықталады?

  4. Сүрекдіңдңлердің қандай формалары бар?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное

хозяйство Казахстана.Алматы.

  1. 1996.-244 с.

  2. Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.

  3. Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.



Тақырып 6. Орманбақтың адамға эстетикалық, физиологиялық, психо-эмоционалды тигізетін әсері.

Мақсаты: ормандардың адамға эстетикалық, физиологиялық, психо-эмоционалды тигізетін әсерін білу.

Тапсырма:

  1. ҚМУ маңындағы жасыл желектердің адамға тигізетін эстетикалық әсеріне талдау жасаңыздар.

  2. Адамдарға ланшфтардың психоэмоциональді тигізетін әсерін анкета арқылы зерттеңіз.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21,2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9,1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2,4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.

Ағаш қоры кешендi түрде пайдалану тиiс, яғни тек ағаш даярлау үшiн ғана емес оның басқа да қызметтер мен үлесiмдi пайдаланылуы тиiс. Ағаш қорын кешендi пайдалану деп – ағаштың өзiн ғана емес, басқа бөлiктерiн (бұтақтарын), түбiрiн, қабығын пайдалана бiлу керек. Орман қорын тиiмдi пайдалану қорғау экономикасы орманды өсiру құнын қорғау шығындарының тиiмдiлiгiн талап етедi. Орман қорын бағалау мынандай қажеттiлiктерден туындайды:

Орман қоры ұлттық байлық болып табылады. Орман шаруашылығы материалдық өндiрiстiң жеке саласы.

Орман жерiнiң сапасына орналасу аймағына байланысты оның өнiмдерiнiң әр түрлі болуында.

Орман шаруашылығының шығындары соның нәтижесiнде алынған өнiмдер арқылы толығымен қайтарылуы тиiс.

Орман қорын өсiрудi, қорғауды және тиiмдi пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдiрушiлер және оған зиян келтiрушiлер материалдық жауапкершiлiкке тартылады.

Орманды жерлерде дем алған адамда күш-қуаты еңбекке қабілеті жылдам қалпына келеді, көңіл-күйі жақсарып, эстетикалық талғамы күшейеді.



Орманпаркті ландшафтың адамға психоэмоционалды тигізетін әсерін зерттеу үшін анкета жүргізіңіздер. Қорытындыны талдаған кезде адам эмоциясына назар аударыңыздар.

Ландшафтың психоэмоционалды маңыздылығы мен емдік қасиеттері жайында П. Г. Мезерницкий , В. А. Александров , А. Е. Гриценко және тағы басқалары жазған.

Ландшафты факторлар адамдарға әдетте кешенді әсер етеді, олардың осы немесе басқа ландшафта олардың үйлесуіне қарамастан.
Қорытынды сұрақтар:

  1. Орманбақтардың адам үшін маңызы қандай?

  2. Адам психикасына орман ландшафтысы қалай әсер етеді?

  3. Орманпаркті ландшафтың адамға психоэмоционалды тигізетін әсерін талдаңыз


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  3. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.



Тақырып 7. Орманшаруалық-таксациалық қалыптасудың негіздері және орманпарктік көшеттерді кесу арқылы өсіру.

Мақсаты: күту кесулерінің түрлері және әдістерін білу, ағаштарды күту кесу үшін дұрыс таңдау жолдарын, кәсіби компетенцияларды қалыптастыру.

Тапсырма

1. Алқа ағаштарды кесулердің міндеттері және түрлерін зерттеңіз. Өзіңіз ұйымдастырып жатқан, университетіңіздің айналасындағы жасыл алқаптардағы ағаштарды кесуге қандай кесудің міндеттері мен түрлерін қолданатыңызды анықтаңыз.

2.Күту кесу үшін ағаштарды дұрыс таңдау ережесін, кесудің әдісі мен тәсілдерін оқыңыз. ҚМУ-дің айналасындағы саябақтағы ағаштардан ішіндегі кесуге жататындарын және олардың жою әдісін анықтаңыз.
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бірінші тапсырманы орындау үшін алқа ағаштарды кесудің міндеттерін оқыңыз. ҚМУ-дің ағаштар өсіп тұрған участоктерін қарап бақылап, кесудің нақты міндеттері мен түрлерін анықтаңыз. Жұмысты орындау барысы, күту кесудің негізгі нормативтерінен шығатынын ескеріңіз:

1) Күту кесулердің басталу уақыты мен аяқталуы;

2) күту кесулердің интенсивтілігі;

3) күту кесулердің қайталанатындығы

Басты мақсатқа пайдалану кесулері

Кесулер жүйесі дегеніміз- ұйымдастырушылық-техникалық көрсеткіштері мен олардың орманның жаңаруына ықпал ету ерекшеліктері бойынша өзара бір-біріне жақын кесу тәсілдері деп түсіну қажет.

Барлық кесуді пайдалану 3 топқа немесе жүйеге бөлінеді, яғни кесудің түрлерінің жиынтығына байланысты: жалпы, таңдамалы (ішінара), кезектесіп.

1. Жалпы кесу – бұл бір жылдың ішінде бір уақыт аралығында барлық ағаштарды кесу. Кесудің – орманды қайта қалпына келтіру түрі – ағашты пайдалануды жетілген ағашты кесу. Орманды қайта қалпына келтіру І топты ормандарда жүргізіледі және кесудің басты қолдану түрінен қатаң тәртіппен ерекшеленеді.

2.Таңдамалы кесу түрі кезінде кесудің басты түрі немесе орманды қайтадан қалпына келтіру түрі қолданылады, бұл кесу кезінде ағаштың жасы, мөлшері, сапасы қарастырылады.

3.Кезектесіп кесу кезінде бір немесе екі класс жасындағы ағаш кесу арқылы кесудің басты түрімен амалды қайтадан қалпына келтіру түрлері жүргізіледі. Кесудің басты пайдасы кезінде орманды пайдалану қызығушылығы орманды қайта қалпына келтірумен ұштасады.

Осыған байланысты орманды қайтадан қалпына келтірудің табиғи 3 санаттары бар; алдын - ала, кейінгі және ілеспелі.

Орманды алдын – ала қайта қалпына келтіру – бұл ағаштардың табиғи түрде қайта қалпына келуі бұл кесу кезінде табиғи қайта қалпына келуі.

Орманның ілеспелі қайта қалпына келу- бұл ағаштың кезектесіп немесе іріктеп кесу арқылы табиғи қалпына келуі.

Ресейде ірі региондарындағы ережелерге байланысты кесудің басты пайдалану түрі жүргізіледі. Кесудің бұл ережелері орман өсімдіктерінің орман экологиясын, орманды пайдалану және экологиялық жағдайларды толық бақылауды қамтамассыз етеді.

Іріктеп кесу - бұл жасы, мөлшері, сапасы, күйі жағынан бірдей ағаштарды мерзімдеп кесу арқылы орманды қалпына келтіру. Бұл ағашты кесудің екі түрі: іріктеп кесу кезінде орманның негізгі элементтері (бөлшектері) сақталады, сонымен бірге әр-түрлі жастағы ағаштарда ормандарда алдын – ала және ілесу қайта қалпына келу жүзеге асырылады. Іріктеп кесу кезінде ағаштарды таңдау экономикалық және орман өсірушілікке, қабылдануына және өткізу технологиясына тәуелді болады. Халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыруда белгілі түрлері, яғни өлшеміне байланысты кесіледі. Мысалы авиация өнеркәсібінде, гидротехникалық құрылыста және пайдалануда ағаштың көп мөлшері қажет болған. Бұл мақсатта сапасы және мөлшері жағынан ағаштар таңдалады (авиациялық, сіріңке және шаңғы өнеркәсібінде). Басқа жағдайларда жоғары сапалы ағаштарды сақтау мен өсіру мақсатында көбінесе ауру, қураған, кеуіп қалған ағаштарды кесу.

Орманды күту үшін кесу

Күту мақсатындағы кесу жұмыстарының биологиялық негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а) қолайлы өнімділікті орман бітімін құрастыруда, ағаш бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің көлемін ағаштармен толықтыру; в) ағаштарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп жылдық, жоғары сапалы қарқынды дамитын ағаштардан құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және орманға көп пайда әкелетін микроорганизмдерге қолайлы жағдай жасау. Таза отырғылардағы түрішілік байланысын реттеу .

Ағаш жасы және шаруашылық мақсатына байланысты күту кесулерінің келесі түрлерін ажыратады:

• Жарықтандыру – бұл жұмыс жас ағаш бітімінде вегетация кезеңінде ағаштың тұқымдық және сапалық құрамының, басты ағаш тұқымдарының өсу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалады. Жарықтандыру жұмысы жасы 10-дағы, кейде 20-дағы қылқанды орман аймақтарында, тұқымдардың орман түзу ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар ағаш бітімінің өнімділігіне және орман түзу аймағына байланысты жасалады. Жас ағаштар ішінен жақсы дамып, өсіп келе жатқан ағашқа өз септігін тигізетін жағымсыз, аралас ағаштардың көзін жояды. Кесетін кезде ағаш тұқымдасына, оның биіктігімен диаметріне қарамастан, тіреп тұрған және жарықты түсірмей, жауып тұрған ағаштарды кеседі.

• Тазарту жұмыстары-бұл күту кесулері жас ағаш бітімінде жүргізіледі. Ол кесу жұмыстары ағаштардың жақсы өсіп, басты ағаш тұқымдардың аумаққа дұрыс орналасуын реттейді. Тазарту жұмыстарын жарықтандырудан кейін 20 немесе 40 жастағы ағаш бітімінде жасалып, құнды ағаш екпелерінің ары қарай өркендеп өсуін қамтамассыз етеді. Кейде орман шаруашылық практикасында жарықтандыру мен тазарту жұмыстарын бір күту кесулері түріне біріктіреді, себебі екеуінің де мақсаты бір бағытта, яғни басты ағаш тұқымдары басым болып келетін ағаш бітімін құру болып табылады. Тазарту жұмыстары кезінде кесуге алынатын ағаштарды іріктеу мен оларды өсіру принциптері жарықтандыру жұмыстарымен бірдей болады. Аралас орман және орманды-далалы аймақтарда жарықтандыру жұмыстары қарағайлы, балқарағайлы, шыршалы және майқарағайлы ағаш бітімдерінде көп жағдайларда 10 жасқа дейінгі, тоғайда – 20 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Ал тазарту жұмыстары 11 жастан 20 жасқа дейінгі және 40 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Сібірдің тойғайлы ормандарында ағаштар өте бояу өсетін болғандықтан оларда жарықтандыру жұмыстары жүргізілмейді.Еменді шағанды, үйеңкі ағаш бітімді далалы және орманды-далалы аймақтардағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарының жасалу мерзімі аралас орман аймағындағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарымен бірдей болады.

• Сиректендіру жұмыстары – бұл күту кесулері, ағаштары ІІ класс жасындағы және орта жастағы ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Сиректендіру жұмыстары ең жақсы ағаштардың бөрік басы мен діңінің дұрыс қалыптасуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі. Сиректендіру жұмысы тазарту жұмысынан кейін жасы 30-40 жастағы немемсе 60 жастағы ағаш бітімінде жасалады. Сиректендіру жұмыстары суалу кезеңіндегі, өліп бара жатқан, зиянкестер және аурумен зақымдалған ағаштарға белгіленеді. Мұнда қисайған ұзын өскен бұтасы көп, бөрік басы төмен салбырап кеткен ағаштар кесіледі.

Орман шаруашылық тәжірибесінде сиректендіру жұмыстары аралас орман, орманды-далалы және далалы аймақтардың қылқанды екпелерінде тағы қатты жапырақтылар тұқымдарының туысында және бірінші генерация кезінде жүргізіледі, ерекшелігі желектер 21 жастан 40 жасқа дейінгі ағаш бітімдерінен құралу керек. Мұндай аймақтардың қылқанды екпелеріндегі басты кесу жұмыстары жасы 101 жас және одан жоғары, ал басқа тұқымдар үшін басты кесу жұмыстары жасы 61-ден және 21 жастан 40 жасқа дейін жүргізіледі.

• Өтпелі кесулер – бұл күту кесулерін орта жастардағы ағаш бітімдерінде, ең жақсы ағаш өскіндерінің көлемін үлкейту мақсатында оларға қолайлы жағдай жасайды. Бұл күту кесулері сиректендіру жұмысынан кейін басталып, басты қолданыс кесулеріне дейін 5...10 жыл бұрын аяқталады. өтпелі кесулердің басты мақсаты, ол ағаштың пісу кезеңіне дейін басты қолданыс кесулерінен көбірек техникалық сапасы жоғары ағаштарды өндіріп алу болып табылады. Соңында діңінің жағдайы, сапасы және пішіндері жағынан толықтай шаруашылық мақсаттарына сай келетін ең жақсы ағаштарды алып қалады.

Ұсақ жапырақты ағаш бітімінде, тағы да емен, шаған және үйеңкі ағаштары бар жерлерде келесі жұмыстар жүргізіледі. Басты қолданыс кесулерінің жасы 41-дегі және одан жоғары жастағы ағаштарда, жарықтандыру 10 жасқа дейінгі ормандарда, тазарту жұмыстарын 11-ден 30 жасқа дейінгі, жол салу кесулерін 31-ден жоғары жастағы ағаштарда жасайды.

ГОСТ 56-108-98 және күту үшін кесулер нұсқауда күту үшін кесудің бірнеше түрін белгілейді:

Майда тоғайларды жаңғырту – майда тоғайды келешекте кесудің бұл түрін көбінесе Ресейдің орманды- далалы және далалы аймақтарында жүргізеді. Майда тоғайды жаңғырту жұмыстары орманның климатпен топырақ қорғау қасиеттерін жоғарылатады Бұта тұқымдастарын күзде немесе ерте көктемде тамыр мойны деңгейінен кесіп тастайды, оның ұйқыдағы немесе бүрлерінен жас өскіндер өсіп шығады.

Ашық алаңды күту, яғни бұл жұмыс 200 м болатын ашық алаң шекарасымен бойлай орналасқан орман жолақтарында жүргізіледі. Оны жоғары қарқынды шаруашылықтарда мынадай ең басты мақсаттарды көздейді, олар: орман бітімдеріндегі болатын сұлатпалардың алдын алу, олардың су қорғау функцияларын күшейту және әсемдік және рекреациялық қасиеттерін жақсарту.

Ашық алаңдарды күту, алуан түрлі белгілі бір пайдалы функцияларды орындайтын ағаш құрамын өсіруді көздейді. Ол мақсат ашық алаңдарды бірқалыпты кесу арқылы, яғни жағымсыз, жел сұламаларды, суалу кезіндег және т.б. екпелаердің әсемділігі мен төзімділігін төмендететін ағаш түрлерін кесіп тастау арқылы жүзеге асырады.

Күту кесулеріне ландшафтық кесулер де жатады. Ландшафтық кесулер – рекреациялық тағайындалған, ормандардағы орман парктік ландшафтарды құруға және олардың эстетикалық, сауықтыру құндылықтарын және төзімділігін арттыруға бағытыталған күту кесулері. Бұл кесулердің арқасында ағаш бітімдірінің әр жасында әр түрлі композициялар құрылады, олар төзімді ландшафтар құрастыруды, өйткені керек тұқымдар арқасында жасалады. Ландшафтық кесулерді рекреациялық ормандарда жасайды, ол тұрғындардың демалуына арналған орын болып табылады.

Ландшафтық кесу бойынша кесу мөлшері әлсіз ауытқудан (15%-ға дейін) өте күшті ауытқуға дейін (36%-ға дейін) барады, ол кесулер ландшафтың жабық (толықтығы 0,6 және жоғары), жартылай ашық (0,3...0,5) және ашық (0,2 және төмен) типтерін жасау үшін қолданылады. Ол типтер демалушыларға ыңғайлы болуын, орманның сауықтыру қасиеттерін жақсартуды қамтамассыз теді. Мұнда ағаш сүрегін өндіру басты мақсат емес, сондықтан олардың ішінен есуге арналған ағаштарды іріктеп алу және өндіру типтері олардың ағаш бітімінде орналасу жағдайымен және орман парктік ландшафт құрудағы алатын орнына байланысты анықталады.

Екінші тапсырманы орындаған кезде күту кесулерін жүргізу үшін ағаш жіктемелерін, әдістері мен кесу тәсілдеріне сүйене отырып орындаңыздар.

Күту кесулерін жүргізу үшін көптеген ағаштар жіктемелері жасалған, олардың ішіндегі ең көп таралғаны өсуі бойынша жіктеу және арнайы соған бағытталған шаруашылық –биологиялық белгілері бойынша жіктеу. Бұл жіктеме барлық ағаштарды 3 түрге бөледі: ең жақсы, қосымша (пайдалы) және жағымсыз (кесуге арналған) ағаштар.

Ең жақсы ағаштарға сау, діңі түзу, толық сүректі, ұшар басы жақсы дамыған даналарды жатқызады. Олар тұқымнан пайда болған және І және ІІ , көбінесе ІІІ-ші өсу классындағы ағаштардан таңдалады. Ең жақсы ағаштар басты ағаштар болып табылады, себебі олар шаруашылық мақсаттарға сай келеді.

Қосымша ағаштар. Оған бұталары кесілген ең жақсы ағаштардың түзу діңді, ұшар басы жақсы дамыған ағаштар жатады. Олар топырақ қорғау және топырақ жақсарту функцияларын орындайды, екпенің кез келген бөлігінде орналасады, көбінесе ІІ - қатар құрастырады.

Жағымсыз ағаштар. Ол ең жақсы және қосымша ағаштардың ұшар басының өсіп дамуына өз септігін тигізетін ағаштар(оратылады, көлеңкелейді, қысады). Бұл ағаш түрлеріне суалмалы, сұламалы, қар сұлатпаға ұшыраған, өліп бара жатқан, саңырауқұлақ ауруларымен және зиянкестермен зақымдалған ағаштар жатады. Бұл ағаш түрлеріне қисайған, ірі өгей бұтақтары қалыптасқан, яғни ірі бұталы және діңінің қалыптасуы ірі ағаштар да жатады. Кесуге жарамды ағаштарға: жағымсыз және қосымша ағаш тұқымдастары ең басты ағаштарға қарағанда шаруашылық құндылығы аз, сонымен қатар өте тығыз өскен жақсы ағаштар даналары жатады.

Түзілген ағаш бітімінің құрылысы мен сапасына ағаш тұқымдастарының орман түзу қасиетіне, олардың өсу класстары бойынша бөлінуіне, орман түзу жағдайларына және т.б. жағдайларға байланысты ағаш шығымдығының әр бөлігінен ағаштарды кесіп тастайды, осыған баланысты 2 негізгі күту кесулері әдіс те бөліп көрсетеді:


  1. Төменгі күту кесулері әдісіне бір қатарлы шымылдық пайда болады, ал жоғарғы күту кесулері әдісіне – көп қатарлы шымылдық түзіледі (2 және одан көп қатарлар).

Төменгі күту кесулері әдісіне ағаш діңінің құрастыру тапсырмаларын және топырақ қорғау функцияларын негізгі шымылдық атқарады. Сондықтан ол ашылмайды, өйткені ағаш шымылдығында «терезелерді» қалыптастыру болмайды. Бұл әдіс таза ағаш бітімдерінде жасалады, ағаш бітіміне бағынышты ағаштар жойылады, яғни IV…V өсу класстарындағы және сирек – ІІІ өсу класындағы ағаштар жойылады. Егер І, ІІ кластың ағаштарының діңі қисық болса әр түрлі зақымдануы болса, оларды орманнан алғанда, жоғарғы шымылдықтың ашылуына соқтырмаса, оларды да кеседі.

2) Жоғарғы күту кесулері әдісін көбінесе аралас ағаш бітімдерінде қолданады, мұнда жоғарғы шымылдық ағаштарын алып тастайды. Олар жағымсыз және екінші ретті ағаш тұқымдастарымен, сонымен қатар ұшар басының пішіні дұрыс емес және діңінің сапасы төмен басты ағаштармен сипатталады. Бұл әдіспен қатар ағаш бітіміне бағынышты ағаштарға да күтім жүргізіледі. Жоғарғы қатары қайың мен көктеректен болған, ал ІІ қатары қылқанды ағаш тұқымдастарынан құралған ІІ қатарлы шыршалы ағаш бітімдеріндегі күту кесулері, жоғарғы күту кесулері принципіне мысал ретінде бола алады. Бұл жерде көлеңкелер, ортайып тұрған жапырақты ағаш тұқымдастарын кесу арқылы шыршаны жоғарғы қатарға көтеру мақсаты көзделген.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет