Бейбітшілік көшесі, 19 үй


Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты баспасөз беттеріне шыққан мақалалар



бет2/4
Дата25.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#7940
1   2   3   4

Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты баспасөз беттеріне шыққан мақалалар:
2.Қазақ халқының күй өнері // Балқаш өңірі.-2010.-3наурыз.-4б.

3.Адамов Д. Тəттімбеттің күйлерін жеткізуші: ел іші- өнер кеніші // Орт.Қазақстан.- 2008.- 5 ақпан.- 4 б.

4.Смағұлов Ғ. Ұлы күйшiнi ұлықтаған зерттеушi// Орт. Қазақстан.- 2001.-31

5.Тəттімбет Қазанғапұлы /Қазақ ССР. 4 томдық энциклопедия. Т 4.- Алматы, 1989.- 565 б.

6.Тəттімбет Қазанғапұлы / Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 532 б.

7.Тұрсынбаев Б. Тəттімбеттің бас сүйегін Шаяхметов қана біледі // Жас Алаш.- 2002.- 14 наурыз(N31).-7

8.Тоқтаған А. Күй аңыздары мен мектептері // Ана тілі.- 2004.- N11. -6 б.

9.Тойбек Ж. Шертпе күйдің атасына арналды: Тəттімбеттің туғанына - 190 жыл // Орт. Қазақстан.- 2005.- 3 қараша.-11 б.

10.Тəукейұлы Ы. Тəттімбетке тағзым //Орт.Қазақстан.- 2005.- 10 қараша.-16 б.
Құрастырған: кітапхана меңгерушісі Б.Д.Курманова

құралған.Жинақтың мақсаты ұлы күйшінің асыл мұраларын сақтап, оны халық игілігіне жарату.





Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен Қазақ күйлерінің тарихы. Алматы 2000. 247-248б.

“Қазақ күйлерінің тарихы” атты еңбекте

ежелгі тайпалар: Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы және Көк түріктер заманынан

бастау алатын байырғы көне күйлермен қатар, 52 халық сазгерлерінің сыбызғы,қобыз, домбыракүйлері қамтылған. Кітапта сан ғасырлық күй тарихының мазмұны жүйелі тұрғыдан әңгіме болып, күй аспаптарының даму сатылары уақытмөлшерімен көрсетілген. Бұрындары коп айтылмай келген сазгер күйшілер жайлы және күйлер жөнінде деректер беріліп, күй әуен-ырғағының қазақ тілімен мағыналастығы тұңғыш рет ғылыми негізде сипатталған.



Бұл оқулық республикадағы музыкалық және жалпы білім беретін оку орындарының оқушылары мен студенттеріне, ұстаздарына, сондай-ақ, күй сүйер көпшілік оқырманға арналған.

Тәттімбет тврчествосы қазақтың музыка

тарихында ерекше орын алады, қанша уақыт

өтсе де, қанша ғасыр арта қалса да оның

әсем күйлері талай буынның рухани азығы

болады.

А.Жұбанов

Шертпе күйлердің негізін қалаған – Тәттімбет
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Тәттімбеттің домбыраға құштарлығы отбасынан басталды. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті, ел-жұртына сыйлы, өнерге шын ықыласпен берілген адам болған. Домбырашылық өнерден әкесі Қазанғап та құралақан емес еді. Бұл үйден ән мен күй үзілмейтін. Осы өңірге белгілі Битен, Шитен деген сөзге шешен, шебер күйші, домбырашылар Қазанғап үйінің үнемі сыйлы қонақтары болатын. Зерек бала үйіне келген осы сал-серілерден домбыра шертісін, перне басысын көкейіне түйіп алуға тырысатын.

Баласының өнерге деген талпынысына анасы Ақбөпе де әсер етеді. Әрі-бері өткен өнерлі адамдарды үйіне түсіріп, сыйлы қонақ етеді. Сондағы ойы, осы өнерлі адамдардан

баласы үлгі алса екен дегені. Сөйтіп әке-шешесі балаларының сауықшыл, көпшіл болып өсуіне, халық өнерін сіңіріп өсуіне ықпал етеді. Баласының бетінен қақпай, ағайын-туғандарды емін-еркін аралауына, той-думаннан қалмай, қалаған аулына барып тұруына ерік береді.

Осылайша Тәттімбеттің өнері ұштала бастайды.  Өсе келе халық күйлерінің әуенін бойына сіңіреді. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей өзі күй үйренген домбырашылардан озып, аты шыға бастайды. Осындай толғаныстар легімен бір күйден соң бір күй туындап жатады. Және біртіндеп халықтың сүйіп тыңдайтын күйлеріне айналады. Күйші шығармаларының тақырыбы сан алуан. Олардың өзегінде өмір шындығы, қоғамдық тартыс, сұлулыққа құмарлық, үміт пен арман, сағыныш жатады.

Қарағандыда Тәттімбет атындағы музыкалық өнер колледжі бар. 1952 жылы ашылған бұл училище қазіргі уақытта Республикамызға белгілі оқу орындарының бірі. 1973 жылы училищеге күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімі берілді. 1988 жылы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды.

табиғаты» атты кітабында Тәттімбеттің күй мұралары жайлы қызықты деректер келтіре отырып, орындаушылық ерекшеліктері туралы тұжырымды пікірлер айтады.Автор бұл кітабында Құрманғазы, Дәулеткерей,

Байжігіт, Тоқа, Сүгір сынды басқа да халық композиторларының өмір жолынан, олардың шығарған күйлеріне де талдау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет