Бәйдібек ауданы мыңбұлақ жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі



бет1/6
Дата15.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#112125
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
00010462-ac4c9f18
1 в, вербальды емес қажетті

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ
Мыңбұлақ жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Физика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану

Орындаған: Н. Тажибай

Мәдениет 2014-2015




Өтінім қағазы
Баяндама тақырыбы Физика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану

Мектеп аты «Мыңбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Тегі, аты, әкесінің аты Тажибай Наргиза Мирзакаримқызы

Туылған күні, айы, жылы 30.07.1993 жыл

Білімі Жоғары

Бітірген оқу орны ХҚТУ, 2014 жыл

Мамандығы Физика пәнінің мұғалімі

Педагогикалық өтілі 10 ай

Қызметі Физика пәнінің мұғалімі

Сымтетік 87029312120

Электрондық почтасы Nargiza_2120@mail.ru
Аннотация

Оқытудың жаңа технологияларының бірі – сабақ барысында ақпараттық технологияларды пайдалану. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушыларды даярлау мұғалімнің басты міндеті. Бұл баяндамада физика сабағында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.



Кіріспе

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында».
(Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін – өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  - коммуникациялық технологияны пайдалану физика пәнін оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Физика сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстар алуын қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Физика пәні күрделі екеніне ешкімніңде дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы тиіс.

Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Бұл жағдайда оқыту барысында арнайы интерактивті әдістерді және заманауи ақпараттық техникалық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Мұғаліммен оқушы арасындағы психологиялық байланыс сабақтың нәтижелі өтуіне ықпалын тигізеді. Игеретін білім мен ғылымды одан әрі терең меңгере түсуде интерактивті тақтаны қолдану және оны оқу процесінде жүзеге асырудың маңызы зор.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде алдымен мұғалімнің басқаруымен, содан соң бала өз бетімен құрылған жоспарға сүйене отырып жұмыс жасауға тырысады. Компьютер де баланы қызықтырады, сауатын ашады, ойлау қабілетін дамытады.

Оқушылардың физикалық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық – коммуникациялық технологияның кейбір әдісін физика сабағында қолдану ерекшелігіне тоқталып өтсем. 7 – сынып физикасы бойынша «Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті» тақырыбында өткен ашық сабағымды ұсынамын:

Сабақтың тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларда толық және пайдалы жұмыстың ұғымдарын қалыптастыру, пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) формуласын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез  шешім, қабылдай білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет