Бейнеадаптердің типтік мәселелері
Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, яғни сурет тікбұрышты нүктелер матрицасы түрінде беріледі, әрбір нүктенің берілген түстер жиынтығынан таңдалатын өзінің түсі болады.
Компьютерде графикалық ақпараттарды өз жадысына сақтауға арналған бейнеадаптер болады. Онда әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит саны бөлінеді. Сонымен қатар бейнеадаптер монитор экранында бейнежадыны секундына 70-100 рет ұдайы көрсете алады.
Негізгі бейнеадаптерлерге:CGA (Color Graphics Adapter 320x200,1982), EGA (Enhancad Graphics Adapter 6400x350,1984), VGA (Video Graphics Array, 640x480), SVGA (Super Graphics Array,800x600 ден 1248x1024 дейін) және т.б. жатады.
Қазіргі кезде экранда 16 млн.түсті беретін VGA және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен қолданылады.
Барлық бейнеадаптерлердің негізгі төрт бөлігі болады.
жүйелік логикалық микросхемалар жинағы(бейнечип);
жедел бейнежады (Video RAM)
цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)
базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS)
Жүйелік логикалық микросхемалар жинағы – деректерді жедел бейнежадыға жазып, іс жүзінде экранда ақпараттың бейнелеуін басқарады.
Цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)-жедел бейнежадыдағы ақпаратты оқиды да, оларды цифрлық түрден аналогтық мониторды басқару сигналдарына айналдырып, оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншақты рет орындалады, ол экранның ауысу жиілігі деп аталады. Қазіргі кездегі эргономикалық талаптарға сай экранның ауысу жиілігі 85 Герцтен аспауы қажет.
Базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS) –енгізу/шығарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырады.
Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюмдегі диаганаль өлшемі, нүктені ажырату қабілеті және герцтегі қайталау жиілігі бойынша жіктеледі.
Монитордың ажырату қабілеттілігі мен қайталану жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді.
Графикалық ақпараттармен жұмыс істеген кезде кем дегенде 17 дюмдік мониторды пайдаланған ыңғайлы.
Сонымен қатар, монитор кем дегенде 1208х1024 нүктені тануы керек, ал 1600х1200 болса одан да жақсы. Түстің тереңдігі ең аз дегенде 16 бит болуы керек, ал 32 бит болса одан да жақсы. Онда бір мезгілде 64 мың түстен 16 млнға дейінгі түстерді беруге болады. Компьюерде жұмыс істеген кезде көз шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 Герцтен кем болмауы керек.
Суреттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлердің жедел жадысы кем дегенде 128 Мбайт, қатты дискінің көлемі ең аз дегенде 20 Гбайттан кем болмауы керек.
Бейнеадаптердің бейнелерді тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді. Мәтіндік режимде кәсіби компьютер экранына 80 символдан 25 жол сияды (80х25). Графикалық режимде, монитор үлгісіне қарай, экран бетіне 320х200, не одан да көп пиксельдердің орналасуы мүмкін.
Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі түсті боялып көрсетілуі бейнеадаптердің үлгісіне байланысты (2-кесте).
2 к е с т е Бейнеадаптер үлгілері
Бейнеадаптер
үлгілері
|
Экран сыйымдылығы
|
Мәтіндік режим
|
Графикалық режим
|
CGA-Color graphics Adapter
|
80х25,16 түс
|
320x200, 4 түс
|
EGA-Enhanced Graphics Adapter
|
80х25,16 түс
|
640-350, 16 түс
|
VGA-Video Grapich Array
|
80х25,16 түс
|
720х350, 16..256 түс
|
SVGA-SuperVGA
|
80х25,16 ..256 түс
|
800х600, 16..256 түс
|
Соңғы кездерде көбірек пайдаланатын бейнеадаптер - SVGA. SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптер орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |