Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспар



Дата18.06.2017
өлшемі138,89 Kb.
#19192
түріСабақ
Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы

Қанықпаған ашық бояулы гамма. Қанықпаған қою түстер гаммасы


Мақсаты

Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін кеңейту. Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру, дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу.

Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.



Міндеті

Сурет әлеміндегі түстердің алуантүрлі болатынын, оны ажырата білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Белсенділік, ауызбіршілік қасиеттер қалыптасады

Ресурстар

Оқулық, суреттер, Бояу түрлері (акварель, гуашь)

Әдіс-тәсілдері

суретпен жұмыс, жеке-топтық жұмыстар

Сабақ жоспары

Сабақтың жүрісі

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

2 минут

Амандасу. Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып, білім аламыз.




Үй тапсырмасы

3 минут

5-6 жаттығулар. Ережелер сұрау






Негізгі бөлім



25 минут

Қанықпаған ашық түсті шығару үшін гуашь немесе майлы бояуға аздаған ақ бояу қосады. Ал акварель бояуларына көбірек су қосады. Қанықпаған ашық бояулы гамма жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті бола алады. Қанықпаған ашық гаммада орындалған жұмыстар нәзік мұңды немесе қуанышты, сабырлылық пен тыныштық әсерін береді. Мысалы, мұндай гаммада қыс кезіндегі немесе таңертеңгі тылсым тыныштықты не күзгі бұлыңғыр күнді бейнелеуге болады.

Қанықпаған қою түстерді шығару үшін қанық түсті бояуға қара түсті бояуды қосады. Қанықпаған қою түстер гаммасы жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті болуы мүмкін. Мұндай гаммада орындалған жұмыстар, негізінен, үрейді, тұнжыраңқы көңіл күйді туғыызады. Қанықпаған қою түстер мен олардың жиынтығы зор әуенді болғанымен, сәл басыңқы естіледі. Оларды бас дауысымен немесе төмен ноталармен салыстыруға болады.

Практикалық жұмыс

-ұнаған суретті салу


Оқулықтан теориялық анықтамаларды оқу.

Суретпен танысу
Сурет салуға кірісу


Рефлексия

Сабақты бекіту


6 минут

- тақырыпты қаншалықты түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы бекіту

Сұрақ- жауап



Сабақты бағалау

3 минут

Бірін-бірі бағалау




Үйге тапсырма

1 минут

Анықтамаларды жаттау, жекелеген оқушылар суретті аяқтап келу






Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Боранқұл орта мектебі

Нурекешова Тойган

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет