«Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы


Сурет салудағы перспективалық заңдылықтар



бет4/10
Дата05.02.2022
өлшемі253,12 Kb.
#15827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сурет салудағы перспективалық заңдылықтар.


Перспектива- “Перспектива” сөзін латын тілінен аударғанда “анық көремін” деген мағынаны білдіреді. Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілер Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А.Дюрер және т.б. перспектива жөнінде оқытуға көп үлес қосты.
Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені, барлық перспективалық құрылыс осыған байланысты. Көбінесе көкжиек жөнінде айтқанда, аспан мен жердің шектескен сызығы жөнінде ой туындайды. Ал негізінен алып қарағанда географиялық көкжиек перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек барлығын жоғары жағынан және төменгі жағынан көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әр уақытта көз деңгейінде орналасқан. Оны қалай анықтауға болады? Ол үшін стаканға су құйып, оны көз деңгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінді болады. Ал дәл көз деңгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді.
Егер адам отырса перспективалық көкжиек төмендейді, егер жоғары қарай шықса жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.
Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйісу нүктесі деп атайды. Бірнеше параллель сызықтар орналасқан жеріне қарамай барлығы бір нүктеде түйіседі. Мысалы, көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әр уақытта параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер перспективада эллипс түрінде көрінеді.
Сурет салушыға көлеңке перспективасын да білу керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтайды.
Неғұрлым бейне жарыққа жақын болса, соғұрлым көлеңке үлкейеді.
Сонымен қатар, заттардың сәулелерінде де перспектива заңдылықтары бар. Суда өсіп тұрған ағаштың сәулесі дәл сол күйінде қарама –қарсы бағытта көрінеді. Бөлме ішіндегі заттар да перспективаның жалпы заңдылықтарына бағынады. Бөлмедегі көкжиек сызығы да көз деңгейінде өтеді. Адам денесін, басын салғанда да перспективалық өзгерістерді ұмытпаған жөн. Міне, бұл айтылғандар сызықтық перспектива туралы.
Сонымен қатар, сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан алыстаған сайын өзінің айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге /көбінесе көгілдір, кейде қою көк/, ал ашық түстер жылы реңге айналады.
Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып кетеді, силуэтке айналады. Егер заттарды ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын жерде тұрған сияқты көрінеді. Керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.
Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтары жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызға ие.
Әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет