Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Негіздік оксидтің қышқылмен әрекеттесуі



бет80/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Негіздік оксидтің қышқылмен әрекеттесуі

0,5 г шамасындағы қорғасын оксидін пробиркаға салып, оның үстіне тұз қышқылының 10 проценттік ерітіндісін құйып, бірнеше минут қайнатыңыз. Түзілген ерітіндіні басқа пробиркаға тұндырып құйып алыңыз да, хлорлы қорғасынның ақ түсті кристалы түзілуі үшін пробиркадағы сұйықты салқындатып, реакция теңдеуін жазыңыз.





  1. Гидроксидтің қышқылдық оксидпен әрекеттесуі

Пробиркаға 1 – 2 мл ізбес суы Са(ОН)2 ерітіндісін құйып, оған түтік арқылы үрлеңіз, не Кипп аппаратынан көмір қышқыл газын жіберіңіз. Тұнба түзілуін және одан әрі СО2 жібере бергенде алғаш түзілген тұнбаның еруін еске алып, реакция теңдеулерін жазыңыз.





  1. Қышқылдың гидроксидпен әрекеттесуі

Пробиркадағы 1–2 мл барий гидроксиді ерітіндісінің үстіне 1–2 мл сұйытылған Н2SO4 құйып, тұнбаның түзілуіне және оның түсіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.



  1. Қышқылдың металмен әрекеттесуі

Пробиркадағы 1–2 мл күкірт қышқылы (2 н) не тұз қышқылы (10 проценттік) ерітіндісіне магний жаңқасын, не мырыш түйіршігін салыңыз. Реакция жылдамдығын арттыру үшін аздап қыздыруға болады. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңыз.



  1. Тұздың қышқылмен әрекеттесуі

а) Аз мөлшердегі күміс нитраты AgNO3 ерітіндісіне сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісін құйып тұнба түзілуін байқап, реакция теңдеуін жазыңыз.


ә) Барийдің еритін тұзының ерітіндісіне күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, қышқылдарда ерімейтін тұнба түзілуіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.

  1. Тұздың тұзбен әрекеттесуі

а) Барий хлориді (не барий нитраты) ерітіндісіне калий сульфаты (не натрий сульфаты) ерітіндісін құйып, тұнба түзілуін байқаңыз.


ә) Барий тұзы ерітіндісіне MgSO4, Al2(SO4)3 ерітінділерін құйып тұнбалардың түсуіне көз жеткізіңіз. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет