Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары



бет137/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

2. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары


Бақылау сұрақтары мен есептер

1. Заттардың жай және күрделі заттар болып бөлінуі; жай зат, оксид, негіз, қышқыл және тұздар дегеніміз не? Олардың әрқайсы қалай классификацияланады?


2. Қандай тұздар қалыпты (орта), қышқылдық және негіздік тұздар деп аталады? Мысал келтіріңіз.
3. Жай заттар, оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар арасындағы өзара байланыс схемасын сызыңыз.
4.Оксидтерді, гидроксидтерді және қышқылдарды қандай тәсілдермен алуға болады? Мысал келтіріңіз.
5. Тұздарды алудың он тәсіліне мысал келтіріңіз.
6. ВаSO4, FеSO4, CuCl2 тұздарын алудың мүмкін болатын реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.
7. Хлорлы сутек алу үшін хлорлы темірді қандай затпен әрекеттестіру керек? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
8. Хром (ІІІ) гидроксидін алу үшін хром (ІІ) сульфаты ерітіндісіне қандай затпен әрекеттестіру керек? Реакция теңдеуін жазыңыз.
9. Натрий гидроксидінің, барий гидроксидінің, хром гидроксидінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
10. Мына қосылыстарды қалыпты тұздарға айналдыру реакциясының теңдеулерін жазыңыз: Na2HPO4, Ca(H2PO4)2, Al(OH)2Cl, Al(OH)SO4, Bi(OH)2NO3 және осы тұздардың құрылымдық формулаларын жазыңыз.
11. Мына заттар өзара әрекеттескенде қалыпты және қышқылдық тұздар түзілу реакциясының теңдеулерін жазыңыз:
а) Н2SO4 + КОН = ә) Н2SO4 + Ca(ОН)2 =
б) Na2CO3 + HCl = в) Na2CO3 + Ca(OH)2 =
г) H3PO4 + NaOH = д) HNO3 + Al(OH)3 =
12. Мына заттар өзара әрекететескенде қалыпты және негіздік тұздар түзілу реакциясының теңдеулерін жазыңыз:
a) H2SO4 + Al(OH)3 = ә) HNO3 + Ві(OH)3 =
б) H2SO4 + NaOH = в) Cu(OH)2 + HCl =
13. Мына қосылыстарды қазақша химиялық және халықаралық номенклатура бойынша атаңыз:
а) NaNO3, NaNO2, CaCl2, MgSO4, K2CO3, (NH4)2SO4.
ә) NaHCO3, KHCO3, NaH2PO4, Na2HPO4, MgHPO4.
б) MgOHCl, Al(OH)2NO3, (MgOH)2SO4, Cu2(OH)2CO3.
14. Мына өзгерістерді жасауға болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз:
а ) CuCl2 → Cu(OH)2 → CuSO4 → Cu → Cu(OH)2.
ә) Fe(NO3)3 → Fe2O3 → FeCl3 → Fe(OH)3 → Fe.
б) Al → AlCl3 → Al(OH)3 → Al2(SO4)3 → Al(NO3)3.
15. 2 г кальций карбонатын гидрокарбонатқа айналдыру үшін қалыпты жағдайда неше литр көмір қышқыл газы керек?
16. 10 г натрий хлориді мен 17 г күміс нитраты бар ерітінді өзара әрекеттескенде неше г күміс хлориді тұнбаға түседі? Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндіде қандай заттар және қанша мөлшерде қалады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет