Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет19/181
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154383
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   181
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Атом ядросының құрылысы

Нейтрондар ашылғаннан кейін совет ғалымдары Д.Д. Иваненко, Е.Н. Гапон ядро құрылысының протондық-нейтрондық теориясын ұсынды. Бұл теория тұрғысынан қарағанда атом ядросы п р о т о н д а р мен н е й т р о н д а р д а н тұрады. Протонның массасы 1 м.а.б., ал заряды +1 тең. Нейтрон – массасы шамамен протон массасына тең зарядсыз бөлшек. Протондар мен нейтрондар – ядроның екі түрлі күйдегі қарапайым бөлшектері.


Атом ядросының қасиеттері оның құрамындағы протондар мен нейтрондардың санына байланысты. Ядродағы протондардың немесе оң зарядтардың саны периодтық жүйедегі сол элементтің реттік нөміріне тең болады.
Атом ядросының қасиеттерін сипаттайтын екінші жағдай – ол оның массалық саны (А).
Ядроның массалық саны А, оның құрамына кіретін протондар (р) мен нейтрондар (п) санының қосындысына тең: А=Nn+Np.
Ядродағы протондар саны элементтің реттік нөміріне тең, ал нейтрондар саны массалық А сан мен протондар санының айырмасына тең: Nn=А – Np. Мысалы, калий элементінің ядросындағы протондар мен нейтрондар санын табу үшін оның периодтық жүйедегі реттік нөмірін анықтайды. Калийдің реттік нөмірі 19, яғни протондардың саны да 19-ға тең. Нейтрондардың санын табу үшін оның массалық санынан (39),протондар санын 19) алып тастайды. Nn=А – Np=39 – 19=20. Калийдің нейтрондарының саны 20-ға тең.
Атом ядроларын белгілеу үшін элементтің химиялық таңбасының сол жақ төменгі жағынан оң зарядтардың санын, ал сол жақ жоғары жағынан массалық санын көрсетеді, мысалы:


Изотоптар және химиялық элемент

Әр түрлі элементтердің атом ядроларын зерттеу нәтижесі ядро зарядтары бірдей, бірақ массалары әр түрлі атомдар болатынын көрсетті. Мұндай атомдар бір элементке жатады. Ядро зарядтары бірдей, ал массалық сандары әр түрлі болатын атомдардың түрлерін изотоптар деп атайды. Изотоптардың протондарының саны бірдей, ал нейтрондарының саны әр түрлі болады. Қазіргі кезде барлық элементтердің 300-ге жуық тұрақты, 1500 радиоактивті изотоптары белгілі. №43, 61 және 84 – 105 элементтер тек радиоактивті (тұрақсыз) изотоптардан тұрады. Көптеген элементтер изотоптардың қоспасынан тұрады. Мысалы, калий элементі массалары 39, 40, 41 болатын кальций элементі массалары 40, 42, 43 болатын изотоптардың қоспаларынан тұрады.


Изотоптардың ашылуына байланысты химиялық элементтерге дәл анықтама берілді. Ядро зарядтарының саны бірдей атомдардың белгілі бір тобын химиялық элемент дейді.
Химиялық элементтің басты сипаттамасы ядродағы протондар саны болып табылады. Ядроның заряды өзгерсе бір элемент басқа бір элементке айналады.
Химиялық элементтің анықтаушы белгісі ядродағы протондар саны екенін изобарлардың болуы да дәлелдейді. Ядро зарядтары әр түрлі, бірақ массалық сандары бірдей атомдардың тобын изобарлар дейді. Массалары бірдей бола тұрса да, ядро зарядтары әр түрлі болғандықтан изобарлар әр түрлі химиялық элементтерге жатады. Мысал ретінде массалары 40-қа тең болатын атомдар тобын келтіруге болады. Бұлардың массалары бірдей болғанмен ядро зарядтары әр түрлі болғандықтан әр түрлі химиялық элементтерге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет