Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет115/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Мысал 4. 2NO2 N2O4 реакциясының (250С) тепе-теңдік константасын анықтаңыз.
Шығарылуы. Тепе-теңдік константасымен реакция нәтижесінде жүйедегі изобара-изотермиялық потенциалдың өзгеруінің арасындағы байланыс
∆Gреакция = -RTlnK теңдеуімен өрнектеледі.
Мұндағы R – универсал газ тұрақтысы; Т – жүйенің температурасы
Т = 273+25 = 298 К болғандықтан, ∆G = ∆G0298
Кестеге қарап ∆Gреакция есептейміз:
∆G <∆Gреакция = ∆G0298 (N2O4) – 2∆G0298(NO) = (1∙98,3 – 2∙51,8) = 5,3 кДж/моль
Ондық логарифмға көшсек: -RTlnK = -RTlgK,

Мысал 5. Ле-Шателье принципі бойынша мына реакцияның 2SO2(г)+O2 2SO3(г) тепе-теңдігінің тіке бағытта өзгеруінің жолдарын табу керек. ∆Нр = -284,2 кДж/моль.
Шығарылуы: а) Тепе-теңдікті оң жаққа қарай ығыстыру үшін SO2, O2 реагенттерінің концентрациясын өсіру керек немесе SO3 өнімінің концентрациясын азайту керек.
ә) 2SO2(г)- + O2 2SO3(г)
3 моль 2моль
Тепе-теңдікті оң жаққа қарай ығыстыру үшін, тепе-теңдік жүйедегі қысымды өсіру керек.
б) Тіке реакция экзотермиялық (∆Н<0), сондықтан реакция осы бағытта жүру үшін температураны төмендету керек.
в) Химиялық тепе-теңдікке катализатор әсер етпейді.
1. Берілген реакциялар үшін (газ фазасында) химиялық тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңыз.
1) 2СО + О2 2СО2 4) N2O4 2NO2
2) CO + SO3 SO2 + CO2 5) 4HCl + O2 2H2O + 2Cl2
3) H2 + I2 2HI 6) N2 +3H2 2NH3
2. Берілген гетерогендік реакциялар үшін тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңыз.
1) С(қ) + СО2 2СО
2) Ғе3О4(қ) + 4Н2 3Ғе(қ) + 4Н2О(г)
3) Cқ + 2H2 CH4
4) S(c) + O2 SO2
3. Фосгеннің бастапқы концентрациясы [COCl2]0 = 2,2 моль/л, көміртек (ІІ) оксидінің тепе-теңдік концентрациясы [CO]т.т. = 0,2 моль/л болған жағдайдағы
C OCl2 CO + Cl2
реакциясының тепе-теңдік константасын анықтаңыз. Жауабы: Кт.т. = 0,02 моль/л.
4. Тұрақты температурада жабық ыдыста
C O + Cl2 COCl2 реакциясы жүргізілген
Реакцияға түсуші заттардың әрқайсысының мөлшері 1 моль, ал тепе-теңдік кезіндегі СО мөлшері 0,5 моль болған. Реакция барысында қысым бастапқыға қарағанда қанша өзгереді? Тепе-теңдік константасын табыңыз. Жауабы: 1,3 есе, К=2.
5. Берілген 2HI H2+I2 реакциясындағы иодсутектің бастапқы концентрациясы [HI]o= 2,6моль/л, тепе-теңдік концентрациясы [HI]т.т.=2,0моль/л, ([H2]o=0, [I2]o=0) болған жағдайдағы реакцияның тепе-теңдік константасын есептеңіз. Жауабы: Кт.т.=0,0225.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет