Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Қышқыл мен сілті ерітінділерінде индикаторлар



бет83/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Қышқыл мен сілті ерітінділерінде индикаторлар

түсінің өзгеруі

Ерітінділерде сутек және гидроксид-иондарының бар екендігін индикаторлар деп аталатын затпен сынайды.


Таза 9 пробирка әзірлеп, оның үшеуіне 3 миллилитрден дистильденген су құйып, біреуіне лакмус ерітіндісін, екіншісіне фенолфталеин, үшіншісіне метилоранж ерітіндісін тамызыңдар. Индикаторлардың түстеріне назар аударып, төмендегі таблицаны толтырыңыз.



Индикаторлар



Индикаторлардың түстері

Дистильденген суда

қышқылда

сілтіде



Лакмус
Фенолфталеин
Метилоранж










Келесі үш пробиркаға 3 миллилитрден тұз қышқылын құйып, оның біреуіне лакмус, екіншісіне фенолфталеин, үшіншісіне метилоранж ерітінділерін тамызыңыз. Қышқылда индикаторлар түсінің өзгеруіне назар аударып, жоғарыдағыдай етіп таблицаның келесі бағанасын толтырыңыз.


Қалған үш пробиркаға 3 миллилитрден сілті ерітіндісін құйып біріншісіне лакмус, екіншісіне фенолфталеин және үшіншісіне метилоранж ерітінділерін тамызып, сілтілік ортада индикатор түстерінің өзгеруіне назар аударып, таблицаның соңғы бағанасын толтырыңыз.



  1. Ерітінділердің химиялық активтілігін салыстыру

а) Бір пробиркаға 3 мл 0,1 Н. тұз қышқылы, екіншісіне 3 мл 0,1 Н. сірке қышқылы ерітіндісін құйып, олардың үстіне үлкендігі бірдей мырыш түйірін салыңыз. Екі пробиркадағы сутектің бөлінуі бірдей жылдамдықта бола ма? Қайсы ерітіндіде реакция жылдам жүреді? Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.


ә) Бір пробиркаға 2–3 мл 50%-дық және екінші пробиркаға 2 Н. күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, пробирканың әрқайсына үлкендігі бірдей тазартылған темір шеге салыңыз. Қай пробиркада реакция жылдам жүреді? Неліктен?
б) 2 пробирканың біреуіне 1–2 мл концентрлі (тығыздығы 1,84г/мл) және екіншісіне сұйытылған (2 Н.) күкірт қышқылын құйып, оның үстіне абайлап, пробирканың қабырғасы арқылы мырыш түйірін салыңыз. Сутектің бөлінуін бақылап, байқалған құбылысты түсіндіріңіз.
в) Екі пробиркаға кальций түйіршіктерін салып, оның біреуіне тұз қышқылын, екіншісіне сондай концентрациялы сірке қышқылын құйыңдар. Қай пробиркада реакция жылдамырақ жүреді? Неліктен? Реакция теңдеулерін жазып, болған құбылысты түсіндіріңіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет