Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет104/189
Дата23.12.2022
өлшемі5,37 Mb.
#164010
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189
Байланысты:
Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары

Есептер мен жаттығулар



    1. Құрамындағы Н, С, О және N элементтерінің қатынасы 1:3:4:7 тең заттың қарапайым формуласын табыңыз.

    2. Құрамы бірдей үш зат берілген. Бұл заттардың құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектікі – 14,3%. Осы заттардың 1 л көлемдерінің массасы 1,87; 2,50; 3,75 г сәйкес. Заттардың формулаларын табыңыз.

    3. Мына қосылыстардағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеңіз:

1) Fe(NО3)3; 2) (NH4)24; 3) Ca3(PО4)2

    1. Көлемдік құрамы 45% Н2, 40% СН4, 5% СО, 5% С2Н4 және 5% жанбайтын қоспалардан тұратын 1 м3 газды жағу үшін қанша көлем ауа (ауаның құрамындағы оттектің көлемдік пайызы 20%) қажет?

    2. Ішінде 68 г AgNО3 бар ерітіндіге 68 г NaCl бар ерітінді қосылған. Реакция нәтижесінде түзілген AgCl массасын табыңыз.

    3. Темір (ІІІ) хлориді мен алюминий хлоридінің 1,563 г қоспасын суда ерітіп, осы ерітіндіге артық мөлшердегі калий гидроксиді ерітіндісін қосқан. Түзілген тұнбаны фильтрлеп, жуып, күйдіргеннен кейінгі қатты қалдықтың массасы 0,64 г. Қоспадағы тұздардың массалық үлесін есептеңіз. 83% FeCl3, 17% AlCl3.



2. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары


Қайталау сұрақтары



  1. Қандай бейорганикалық қосылыстарды оксидтер деп атайды? Оксидтердің тұз түзуші және тұз түзбейтіндер болып бөлінуі неге негізделген; қандай химиялық қасиеттері бойынша оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлікке жіктелінеді?

  2. Негіздердің басты қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  3. Қандай заттарды қышқылдар дейді?

  4. Қандай заттарды тұздар дейді? Қандай белгілері бойынша тұздар орта, қышқыл, негізді, қос және кешенді болып бөлінеді?

  5. Бейтараптану реакциясы деген не? Мысал келтіріңдер.

  6. Амфотерлік гидроксидтердің қандай химиялық қасиеттері болады? Мысал келтіріңдер.

  7. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыс деп нені айтады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет