5. Химиялық байланыс
Қайталау сұрақтары
Химиялық байланыс дегеніміз не?
Химиялық байланыстың негізгі типтерін атаңыз.
Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмін (дара электрондардың жұптасуы және донорлық- акцепторлық) түсіндіріңіз.
Полюсті және полюссіз ковалентті байланыстардың айырмашылығы неде?
Молекулалардағы электрон тығыздығының ығысуы мен байланыс түзуші элементтер атомдарының салыстырмалы электртерістіктерінің айырмасы арасында қандай байланыс бар?
Химиялық байланыс ұзындығы деген не?
Молекуланың дипольдік моменті деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
Дипольдің эффективті заряды дегеніміз не?
Байланыс энергиясы дегеніміз не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Фторсутектің дипольдік моменті (HF) = 6,38·10-30 Кл∙м. Байланыс ұзындығы 9,17∙10-11 м. НҒ молекуласындағы атомдардың эффективті заряды мен байланыстың иондану дәрежесі қандай?
Шығарылуы. Молекуланың дипольдік моменті =l, мұндағы -байланысқа қатысушы атомның эффективті заряды; l-байланыс ұзындығы:
Химиялық байланыстың иондану дәрежесі (иондану пайызы) деп эффективті зарядтың электрон зарядына қатынасын айтамыз.
Мысал 2.
HI, ICl, I2 молекулаларындағы байланыстырушы электрон бұлты қай атомға қарай ығысатынын анықтаңыз.
Шығарылуы. Сутек, иод және хлор атомдарының салыстырмалы электртерістіктері 2,1; 2,6; 3,0 тең. Олай болса HI молекуласындағы электрон жұбы иодқа қарай: ; ICl молекуласындағы хлорға қарай: ығысқан; I2 молекуласы I-I полюссіз.
Мысал 3. Толқын ұзындығы 5,01∙10-7 м сәуленің әсерінен хлор молекуласындағы байланыс үзілген.
Cl2 молекуласындағы; 2) 1 моль Cl2 байланыс энергиясын есептеңіз.
Шығарылуы. 1) Cl–Cl байланысын үзуші фотон энергиясы тең:
1 моль Cl2 байланыстарды үзуге жұмсалатын энергия:
E=3,97∙10-19∙6,02∙1023=2,39∙105 Дж/моль=239 кДж/моль
1. Н2, Cl2, HCl молекулаларындағы химиялық байланыс түрлері қандай?
2. Элементтердің салыстырмалы электртерістіктерінің шамасына қарап НF, NaF қосылыстарындағы байланыстың түрін анықтаңыз. Қай байланыстың иондану дәрежесі басым?
3. Мына молекулалардағы NCl3, Cs2, ICl5, NF3, OF2, ClF, CO2 байланыс түрлері қандай? Әрбір молекула үшін ортақ электрон жұбының ығысу бағытын көрсетіңіз.
4. Н–О–Сl молекуласындағы қай байланыстың полярлығы басым?
5. Байланыстың иондану дәрежесі төмендегі қатар бойынша қалай өзгереді:
H2O – Li2O – Na2O – K2O – Rb2O – Cs2O?
6. NH3 молекуласы мен NH4+ ионындағы коваленттік байланыстың түзілу механизмін көрсетіңіз.
7. Қосылыстардағы оттек атомдарының тотығу дәрежесін анықтаңыз:
О2, О3, Н2О, Н2О2, Na2O2, KO2
8. Түрлі молекулалардағы бірдей атомдар арасындағы байланыс ұзындығы әртүрлі болатындығын қалай түсіндіруге болады?
N2 – l(N-N) = 1,10∙10-10 м;
N2H4 – l(N-N) = 1,47∙10-10 м.
9. Күкірт (ІV) оксидінің дипольдік моменті (SO2)=5,38∙10-30 Кл∙м, ал (CO2)=0. SO2 мен СО2 молекулаларындағы байланыс бұрыштары тең бе?
10. HCl молекуласымен CsCl молекулаларындағы байланыстың иондану дәрежесін есептеңіз.
(HCl)=3,44∙10-30 Кл∙м, (CsCl)=35,1∙10-30 Кл∙м,
l(H–Cl )=1,27∙10-10 м, l(Cs–Cl)=3,46∙10-10 м.
Достарыңызбен бөлісу: |