Иондық байланыс. Иондардың поляризациясы.
Қайталау сұрақтары.
Иондық байланысқа анықтама беріңіз.
Иондық қосылыстардағы иондардың өзара поляризациялануын қалай түсіндіруге болады?
Электрондық құрылысы ұқсас иондардың поляризациялануы ион радиусының өсуіне байланысты қалай өзгереді?
Аниондар мен катиондардың поляризациялану дәрежесі бірдей ме?
Ионның поляризациялаушы әсері дегеніміз не? Ионның радиусы мен заряды оған қалай әсер етеді?
Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Қай қосылыстың (NaF немесе NaI) балқу температурасы төмен екендігін анықтаңыз.
Шығарылуы. Ғ-- ионның радиусына қарағанда I--ионының поляризациялануы жоғары болады. Сондықтан, КI кристалындағы электрон бұлты анионнан катионға қарай ығысып, олардың эффективті зарядтарын азайтып, байланыс беріктігін кемітеді. Калий иодидінің балқу температурасы калий фторидіне қарағанда төмен болады.
Мысал 2. Қай тұздың (RbCl әлде AgCl) балқу температурасы төмен?
Шығарылуы. Ag+ және Rb+ катиондарының размерлері бір-біріне жақын болғанымен, сыртқы конфигурациясы 18 – электрондық Ag+ катионы, сыртқы конфигурациясы 8 – электрондық Rb+ ионына қарағанда Cl- ионын күштірек поляризациялайды. Бұл иондардағы эффективті зарядтарды азайтып, кристалдағы байланысты азайтады, сондықтан AgCl кристалының балқу температурасы төмен болады.
1. Берілген катиондардың қайсысының поляризациялануы жоғары: Li+, K+, Cs+?
2. Қай анионның поляризациялану қасиеті басым: F-, I-, Cl-, Br-?
3. Катиондарды поляризациялаушы әсерінің өсу бағытында орналастырыңыз: Na+, Al3+, Rb+, Mg2+.
4. Катиондарды поляризациялаушы әсерінің өсу бағытында орналастырыңыз: Ag+, K+, Cu+, Cs+.
5. Қай тұздың (LiCl немесе RbCl) балқу температурасы төмен екендігін анықтаңыз.
6. Берілген тұздардың балқу температуралары CaCl2-7800С, CdCl2-5600С, Са2+ ионының радиусы 0,104 нм, Cd2+ ионының радиусы 0,099 нм. Радиустарының өлшемдері жақын болғанымен, балқу температураларындағы алшақтықты қалай түсіндіруге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |