Термодинамикалық жүйе дегеніміз не? Жүйенің күйі қандай параметрлерімен сипатталады.
Жүйенің күй функциясы дегеніміз не? Жүйенің ішкі энергиясының күй функциясы ретіндегі физикалық мәні қандай? Жүйенің ішкі энергиясының мәнін тәжірибе жүзінде анықтауға болады ма?
Жүйенің энтальпиясы (Н) дегеніміз не?
Химиялық реакцияның жылулық пәрмені (эффектісі) дегеніміз не? Қандай жағдайларда ол реакцияның энтальпиясының өзгеруі деп аталып ∆Н белгіленеді?
Қандай теңдеулер термохимиялық теңдеулер деп аталады? Экзотермиялық және эндотермиялық процестер қалай жазылады?
Химиялық қосылыстар түзілуінің стандарттық энтальпиясы ∆Н ,298 дегеніміз не?
Лавуазье-Лаплас заңы дегеніміз не?
Гесс заңын тұрақты қысымда немесе тұрақты көлемде жүретін процестерге ғана қолдануға болатындығын қалай түсіндіресіз?
Қандай процестердің энергетикалық пәрмендерін ∆Н0298 – кестелік мәндерімен есептеуге болады?
Есептер мен жаттыгулар. Мысал 1. N2(г) + О2(г) =2NО(г) теңдеуі бойынша жүретін реакция нәтижесінде 180 кДж жылу сіңіріледі. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. 1 моль NO түзілуінің термохимиялық теңдеуі қалай жазылады?
Шығарылуы. Азот пен оттек газдарынан азот (ІІ) оксидінің түзілу эндотермиялық реакциясының термохимиялық теңдеуін екі түрде жазуға болады:
1). N2(г) + О2(г) =2NО(г) – 180 кДж
2). N2(г) + О2(г) =2NО(г), ∆Н0=+180кДж
Бұл термохимиялық теңдеулер 1 моль азот пен 1 моль оттек 2 моль азот (ІІ) оксидін түзетіндігін және 180 кДж жылуды сіңіретіндігін көрсетеді. Ал азот пен оттектен 1 моль NО түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуі:
1/2 N2(г) + 1/2О2(г) =NО(г), ∆Н0=+90кДж