Химиялық процестердің жүру бағыты.
Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Есептеулер жүргізбей-ақ берілген реакциялардағы энтропия өзгеруінің белгісін (-) немесе (+) анықтаңыз.
1) NH4NO3(қ) = N2O(г) + H2O(г) (1)
2) N2(г) + 2O2(г) = 2NO2(г) (2)
3) FeO(қ) + H2(г) = Fe(қ) + H2O(г) (3)
4) Ag+(ер) + Cl-(ер) = AgCl(қ) (4)
Шығарылуы. І. 1) Бірінші реакция үшін ∆S0298>0, өйткені реакциядан пайда болған заттардың моль саны көп, әрі олар – газ тәрізді заттар. Молекулалар (бөлшектер) санының көбеюі немесе молекуланың күрделенуі жүйе энтропиясын (тәртіпсіздік өлшемі) жоғарылатады.
2) ∆S0298<0, өйткені реакцияға 3 көлем газдар түседі, ал реакция өнімдері 2 көлем-ақ, газ бөлшектері азайып, жүйедегі тәртіптілік артады.
3) ∆S0298>0, болуы керек, өйткені реакция нәтижесінде моль саны өзгермесе де, газ молекулаларының құрамы күрделенді (Н2-нің орнына Н2О(г)).
4) ∆S0298<0. Ерітіндідегі Ag+ және Cl- иондары тұнбаға түсіп, жүйенің тәртіптілігі артады.
ІІ. Ауызша есептегенімізді тексеру үшін, кестеге қарап, әр заттың формуласының астына ∆S0298 мәндерін жазып, реакцияның ∆S0298 табамыз.
NH4NO3(қ) = N2O(г) + 2H2O(г)
151,0 219,9 2·188,7
∆S1 = (219,9 + 2 · 188,7) – 151,0 = 446,3 Дж/моль·К
N2 + 2O2 = 2NO2
191,5 + (2 · 205) – (2 · 240,2)
∆S2 = 2 · 240,2 – (2 · 205 + 191,5) = -121,1 Дж/моль·К
FeO(қ) + H2 = Fe(қ) + H2O(г)
58,79 130,6 27,15 188,74
∆S3 = 188,74 + 27,15 – (58,79 + 130,6) = 26,5 Дж/моль·К
Ag+(ер) + Cl-(ер) = AgCl(қ)
72,63 56,63 96,11
∆S4 = 96,11 – (56,63 + 72,63) = -33,15 Дж/моль·К.
Достарыңызбен бөлісу: |