Зертханалық жұмыс №8.
Индикаторлар. Тұздардың гидролизі.
Тұз ерітінділерінің гидролиздену реакциясы
а) 4 пробирканың біріншісіне дистильденген су, екіншісіне натрий карбонаты, үшіншісіне мырыш хлориді, төртіншісіне натрий нитраты ерітінділерінен 2–3 миллилитрден құйыңыз. Осы пробиркалардың әрқайсына 2–3 тамшыдан күлгін лакмус (нейтрал) ерітіндісін тамызыңыз. Бұл тұздардың қайсылары гидролизденеді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
ә) Мыс сульфаты, натрий сульфиті ерітінділерінің гидролиздену реакциясының теңдеулерін жазыңыз. Ол ерітінділердің әсерінен лакмустың түсі қалай өзгереді? Алдын ала жасалған жорамалдың дұрыстығын тәжірибені орындау арқылы дәлелдеңіз.
б) Ас тұзы ерітіндісі лакмусқа қалай әсер етеді? Жасалған болжамды, тәжірибені орындау арқылы дәлелдеңіз.
в) Пробиркаға хлор темір (ІІІ) ерітіндісін құйып, шыны таяқшаның жәрдемімен оның күлгін лакмусқа тигізетін әсерін бақылаңыз.
FeCl3 тұзының гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз. FeCl3 ерітіндісіне аздап магний ұнтағын салып, газ көпіршігі бөлінгенін, оның сутек екендігін дәлелдеп, сутектің бөліну себебін түсіндіріңіз.
Жоғарыда жасалған тұз ерітінділерінің индикаторға тигізетін әсерін мына таблица түрінде жазыңыз.
г) Үш пробирка алып, олардың әрқайсына 2–3 миллилитрден біріншісіне дистильденген су, екіншісіне NаН2РО4, үшіншісіне Na2НРО4 ерітінділерін құйып, әр пробиркаға 2–3 тамшыдан күлгін лакмус ерітіндісін тамызыңыз.
Тұздардың гидролизденуінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Тұз ерітінділерінде лакмустың түрліше боялуының себебін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |