Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет31/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары:
1. Заңдылық ұғымын айтыңыз және оның қағидаттарын (принциптерін) сипаттаңыз.
2. "Құқықтық тәртіп" деген заң аталымы қандай ұғымды білдіреді?
3. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің арақатынастылығын түсіндіріңіз.

15 тақырып Дәріс 29
Құқықтық реттеу механизмі.

1.Құқықтық реттеу механизмі түсінігі.


2. Құқықтық реттеу механизмі элементтері.
Құқықтық реттеу механизміндегі құқық нормаларының, құқықтық қатынастардың, құқық қолданушылық актілердің, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілерінің рөлі. Құқықтық реттеу механизмі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдык тұрмыс жағдайлары. Құқықтық реттеу механизмі құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойылды.
Құқықтық реттеу механизмі құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады. Құқық (объективтік тұрғыдан карағанда) жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қолданылатын заң құралдарының жиынтығы. Қоғамдағы барлық тәртіп түрлері әртүрлі құралдармен реттеледі.
Мұндай заң құралдары мыналар:
а) құқық нормалары;
б) құқықтық қолданушылық актілер;
в) келісім түрлері;
г) заңды фактілер;
д) субъективтік құқық;
е) заңды міндет;
ж) тиым салу;
з) түрлі жеңілдіктер;
и) жәрдем ақы түрлері;
к) жаза т.б.
Құқық құралдарының негізгі белгілері:

  1. құқық субъектілерінің мүддесін қамтамасыз ету үшін құқықтық әдістерді қолдану;

  2. құқықтық, құқықтық реттеудің, құқықтық тәртіптің негізгі бөліктері ретінде көрінуі;

  3. заңды күшінің болуы және мемлекеттің қолдауы.

Құқықтық құралдардың түрлері:

  1. Құқық салаларына байланысты – конституциялық, әкімшілік т.б. болып бөлінуі.

  2. Сипатына байланысты – материалдық және процессуалды-іс – жүргізу.

  3. Қызмет роліне байланысты – реттеушілік және қорғаушылық.

  4. Ақпараттық-психологиялық бағытына қарай – ынталандыру және шек қою болып бөлінеді.

Заң құралдары құқықтық реттеуге және құқықтық әсер етуге қатысады.
Құқықтық реттеу дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, барлық құқық құралдарының әсер етуі.
Сөйтіп, құқықтық реттеу дегеніміз мүмкін және мүмкін емес тікелей жазбаларға қатысты, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің белгілеуіне байланысты, құқықтық қатынастар арқылы іске асырылатын арнаулы – заңның әсер етуі.
Құқықтық әсер ету дегеніміз – бұл қоғамдық өмірге, адамдардың санасына және мінез-құлқына құқықтық әсер етуі.
Құқықтық әсер ету құқықпен реттелмейді, тек оған әсерін тигізеді. Бұл құқықтық ғана емес, экономикалық, саяси, әлеуметтік қатынастарға әсер ету.
Құқықтық реттеудің мақсаты – қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу, субъектілердің позитивті мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ету, басқару процесіне, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық мүддесін қанағаттандыруына әсер ететін түрлі және көптеген кедергілерді жою.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің құндылықтарға жету мүдделеріне кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, яғни олардың әділетті түрде мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету.
Құқықтық реттеу механизмінің құрылымы:

  1. Құқық нормасы арқылы мүдделерді қанағаттандырудың моделінің жасалуы.

  2. Заңды факт немесе шешуші факті болып саналатын ұйымдастыру-атқарушы құқық қолданушылық актісі бар факт құрамы ретінде болуы.

  3. Құқықтық қатынас.

  4. Құқықтар мен міндеттерді іске асырушы актілер.

  5. Құқықтық қорғаушылық және құқықтық қолданушылық актілер. Бұл актілер құқық бұзылған жағдайда қолданылады.

Құқықтық реттеу тиімділігі дегеніміз – бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдындағы мақсаттың ара-қатынасы.
Құқықтық реттеудің тиімділігін арттырудың мынадай жолдарын көсетеміз:
1. Құқықтық шығармашылықты дамыту, соның нәтижесінде жоғары дәрежелі заң техникасын қолдану арқылы құқық нормаларын көтеру, оның шеңберіндегі қоғамдық мүдделер мен заңдылық толық айқындалады.
Бұл жерде заң және хабар құралдарының көмегіне сай заңды бұзғаннан ғөрі сақтағанның көп пайда келтіретін жағдай жасалынады.
2. Құқықтық қолданушылықты дамыту нормативтік реттеуді күшейтеді.
Құқықтық қолдану нақты жағдайды ескереді, әрбір заң жағдайының өз ерекшелігі бар.
Құқықтық шығармашылық пен құқықтық қолданудың бір-біріне сай болуы, құқықтық реттеудің жан-жақтылығы мен икемділігін көрсетеді.

  1. Құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетін көтеру құқықтық реттеудің сапалылығын арттырады, заңдылық және құқықтық тәртіптілік процесін бекітеді.

Пысықтау сұрақтары




1. Құқықтық реттеу механизмі түсінігі.
2. Құқықтық реттеудің пәні және әдістері.
3. Құқықтық реттеу механизмі элементтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет