Дәріс 24
1. Құқықтық сананың қалыптасуына құқықтық нормалар мен институттардың ықпалы.
2.Қоғамның, жеке адамдардың құқықтық мәдениеті. Құқықтық мәдениет пен саяси мәдениеттің байланысы.
Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құбылыс. Ол жеке тұлғаның құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының, қатынастары мен бағасының жиынтығын білдіреді.
Құқықтық сана адамдардың жаңадан қабылданған заңдарды, нормативті актілердің жобаларын қолдауы немесе қабылдамай тастауы т.б.
Құқықтың сана – сезім белгілері мыналар:
құқықтық қажеттілікті ұғынуы және сезінуі;
құқықты бағалауы;
құқықты жете түсіну, дамыған заң шығару жүйесін құрудың қажеттілігі;
қимылдағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мұқтаждығы.
Сана кез-келген қызмет процесінде пайда болады. Құқықтық сананың қызметі оның субъектісінің қызметінің нәтижесі.
Құқықтық сананың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
танымдық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау;
бағалаушылық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау.
Құқықтық сананың мазмұнына төрт негізгі бағалаушылық қатынас түрлері кіреді:
а) құқыққа және заң шығарушылыққа (оның принциптеріне, нормаларына, институттарына);
б) айналадағы адамдардың құқықтық мінез-құлқына және олардың қызмет объектілеріне (қылмысқа, қылмыс жасаушылыққа, қылмыскерлерге т.б.);
в) құқық қорғаушылық органдарға (проқуратураға, адвокатураға, сотқа, юстицияға, ішкі істер органдарына т.б.) және олардың қызметкерлеріне;
г) өзінің құқықтық іс-әрекетін бағалауы;
3) реттеушілік қызметі, бұл құқықтық қондырма және құқықтық-бағалау арқылы іске асырылады.
Құқықтық сананың құрылымы екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология.
Құқықтық психология қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасып, пайда болатын, құқықтық сананың алғашқы, бастапқы тәжірибелік сатысы. Ол қоғамның құқықтық сезімін, ақыл ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіреді және адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолдануына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдері жатады.
Құқықтық психология арқылы мыналар іске асырылады:
а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрып және салт-дәстүр, жеке адамға тән әдетке айналған, тұрмысындағы, мәдениетіндегі нәрсенің бәрі;
б) өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетін құқықтық нормаларға сай бағалауы арқылы т.б.
Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру.
Құқық жөніндегі пікірлер мен көз-қарастар белгілі бір жүйеге келтіріліп ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Құқықтық идеология қоғамдағы түрлі бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп дамытады.
Құқықтық идеология – құқықтық сана құрылымының негізгі элементі.
Құқықтық сананы мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:
мазмұнының тереңдігіне қарай үшке бөлеміз;
а) күнделікті құқық саналығы – бұл адамдардың өмірлік тәжірибелеріне сай пайда болған, құқыққа деген көзқарастарының түсінігі;
б) кәсіпқойлық құқық саналығы – бұл заңгерлердің құқықтық тәжірибесінің негізіндегі қалыптасқан сезімі, сенімі, дәстүрлері;
в) ғылыми құқық саналығы – бұл құқықтың теориялық қамтуын көрсететін идеялар, ұғымдар, концепциялар;
субъектілері бойынша құқықтық сана бірнеше түрге бөлінеді:
жеке құқықтық сана;
топтық құқықтық сана;
қоғамдық құқықтық сана.
Сонымен, құқықтық сана – қоғамдығы құқықтық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың функциялары:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);
- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.
Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.
Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Құқықтық сананың түрлері:
1. Субъектілері бойынша:
- дербес (жеке);
- топтамалық;
- қоғамдық.
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:
- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;
- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;
ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;
Құқықтық сананың қалыптасуы туралы мәселе өте қыйын және бір ғана маңыздылықта емес, тек заңның ғана емес, басқа да гуманитарлық ғылымдардың артықшылығы.
Жеке адамның құқықтық санасын қалыптастыру дегеніміз, мынандай жағдайлар жасау деген сөз, яғни сондай жағдайларда азаматтарда құқыққа деген жағымды қатынастар пайда болады, құқықтық шығармашылыққа, құқықты қолдануға, жалпы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыйлаушылық пайда болады.
Құқықтық сананың қалыптасуына ықпалды, міндетті түрде жасайтындар: психологтар, педагогтар, құқықты зерттеушілер, социологтар, философтар, яғни олар жеке адамның санасына, оның бар шындықты бағалайтын қатынасына әсер ететін шараларды жасайды. Бұл өте күрделі және глобальды мақсатқа жатады.
Құқықтық сананың құрамында нақтылы-социологиялық бағытта мынандай, көбірек үлкен элементтерді бөледі, яғни заңгер - кәсібилерде өздерінің белгілі мазмұны мен сапалық деңгейі бар:
құқық нормалардың жүйесі ретінде, заңға айналдырылған мемлекеттік ерікті көрсетеді;
құқықтық қатынас қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде, оларға қатынасушылардың өзара құқықтары мен міндеттері бар;
құқықтық сана, барлық құқықтық шындықтың рухани жүйесінің көрсеткіші ретінде;
құқықтық мекемелер, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың құқықты іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін, құқықтық тексеру жүйесі;
құқықтық тәртіп, әрекет.
Құқықтық сананың қалыптасуына жанама әсер ететін құралдың біріне, солай айтылатын құқықтық тәрбие, қоғамдағы бір мақсатқа бағытталған әрекет, яғни құқықтық тәжірибені, құқықтық идеалдарды және келіспеушілікті шешетін тетікті бір ұрпақтан екіншіге беру.
Әдетте құқықтық тәрбие жөнінде кең және қысқа мағынада айтылады. Бірінші жағдайда әңгіме адамды құқықтық социализациялау туралы болып отыр, онда ол тұтасымен қоршаған ортадағы жағдайларға байланысты «тәрбиеленеді», яғни барлық заңды тәжірибемен, адамдардың тәртібімен және қызметтегі адамдармен – құқықтық аядағы мемлекеттік аппараттың өкілдерімен. Мұнда олардың құқықтық әрекетті іске асырып, біреуге құқықтық тәрбие беруге және ықпал жасауға тікелей мақсаттары жоқ, бірақ ондай жағдайлар болады.
Қысқа мағынадағы құқықтық тәрбие өзінің бағытымен өзгешеленеді, яғни ондағы мақсаттарға топтағы адамдрдың, тұтасымен қоғамның құқықтық мәдениетін көтеру жатады.
Тәрбиелеу оқытусыз болмайды, ал оқыту қалай болса да тәрбиелік эффект береді. Бұлардың айырмашылығын ықпал ету аясы арқылы білуге болады: тәрбие негізінен эмоциональды – ерікшілікке, бағалылыққа, сананың дүние-танымына әсер етеді, ал оқыту – когнитивно-рационалдығына, мақсаты информациялық –таныстыру арқылы адамға ықпал ету.
Бағалылық, эмоциональды – еріктегі ықпал, өз жағынан , өте қатты нағыз тәжірибемен тежелген, себебі адамда сондай бағалылықты сыйлауды тәрбиелеу мүмкін емес, егер барлық жақсылық істер сөзбен ғана декларацияларда және демагогиялық сөздерде жарияланса.
Бағалылық және идеалдар фонтанға ұқсап «жарып шығады», өмірдің өзімен, барлық қоршаған жағдайлармен қалыптасады және мақсатты әрекеттегі субъективтік факторлар мұнда маңызды, бірақ алып жүруші емес, оған қоса жалғыз ғана қажетті және жеткілікті болса да .
Ең маңыздысы сонда азаматтардың үлгілерімен, идеалдарымен, құқықтық тәжірибелерімен, дәстүрлерімен сол мемлекеттің, яғни жеке адамның құқықтық қорғану деңгейі жоғары, соған байланысты құқықтық мәдениет деңгейі жоғары, Қазақстандағы тұрғындарды үлгілермен және идеалдармен таныстырудың ерекше қажеттілігі сонда, оған болашақ заңгерлерді оқыту қажет, себебі олар сондай жағдайларды өз елінде жасауға ұмтылуы керек, ондай жағдай, жалпыдүниелік, жалпыадамдық моральдың, адамгершіліктің және тұтасымен мәдениеттің орталық постулаттарыныңың біріне жатады. Құқықтық сананың нысаны өзгергендерге- кәсіби қалыптасқан құқықтық сананың әртүрлі бұрмалануы, оның қайта туғанына куә.
Бұрмаланудың сипатына байланысты екі кейіптегі нысанның өзгеруін бөліп айтуға болады: репресивті (қудалану) және криминалды (қылмыстық).
Құқықтық сананың қудалану (репресивті) нысаны өзгерсе, құқыққорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарды құқық бұзушылар ретінде қарап, оны болдырмауға әртүрлі шараларды, оның ішінде заңсыз қинауды да қолданады.
Қылмыстық нысан өзгерсе құқыққорғау органдарының қызметкерлері қылмыс жасайтын элементтер мен қарым-қатынасқа түседі, бұл қылмыстың қайта тууының куәсі.
Ақаулы (дефектал) құқықтық сана – бұл құқықтық сананың жетімсіздігі, оның қалыптаспағандығының және біржақтылығының куәсі.
Құқықтық сананың көбірек таралған ақауына жататындар: құқықтық фетишизм, идеализм, релятивизм, субъективизм, инфантилизм және нигилизм.
Құқықтық идеализм – ешқандай сөзсіз құқықтың үстемдігіне сенім, құқық үшін күресуден толық бас тарту.
Идеалистердің пікірлерінше, соған қызығушы адамдардың араласуынсыз –ақ, азаматтардың мүддесін құқық автоматты түрде қорғайды.
Құқықтық релятивизм – құқықтық сананың ақауы, ол құқықтың салыстырмалы екендігіне сену, яғни құқықты салыстырмалы деген сенімділікте көрінеді. Өзінше «тәжірибелі» деген адамдардың қолындағы заңдар кәсіби талқылауға түсіп, теріс түсіндіріледі. Іскер заңгер құқықты бұзып, өзінің талқылауының қорытындысын ұсынады. Мұндай жағдайда ондай субъектінің тәртібі сырттан қарағанда құқыққа сай сияқты көрінеді, бірақ оның мәні бүркелген заңсыздық болады.
Құқықтық субъективизм – жеке адамдардың құқықтық ұйғарымдарға біржақты қатынастары: өзінің құқығын мойындау және өзінің міндеттерін жоққа шығару. Ондай құқықтық санадағы адамдар өзінің өкілеттігін оңай көтеріп, басқа адамның құқығын бұзады.
Құқықтық инфантализм – бұл құқықты аз білу және оған сауатсыз қатынас жасау, яғни оны күнделікті емес, сырттағы қашық құбылыстарға теңеуі. Инфантильді құқықтық сананы алып жүрушілер, көп жағдайларда өздерінің құқықтарының бұзылғанына көңіл аударып, одан қорғанудың құралдарымен жолдарын білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |