Байланысты: Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»
Дәріс 18 1. Рене Давид «құқықтық отбасы» және қазіргі құқықтық жүйелер
2. Романо-германдық, англо-саксондық құқықтық жүйелер және мұсылман құқығы.
Жер бетінде өмір сүріп отырған 230-ға жуық мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық құбылыстарын зерттеу үшін заң ғылымында «құқықтық жүйе» ұғымы пайданылады. Қоғамның тарихи дамуына байланысты әр елдің өзіндік құқықтық жүйесі қалыптасуда.
Құқықтық жүйе дегеніміз – бұл шынайы құқықтың, құқықтық идеология және сот тәжірибесінің бірлігі.
Жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретінде құқық заңдарда және құқықтың қайнар көзіндерінде жазылады.
Құқықтық идеология – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтық санасы мен сот тәжірибесінің белсенді жағы. Олар құқықтық жүйені қалыптастырады. «Құқықтық жүйе» ұғымы мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесін білдіреді. Құқықтық жүйе бірнеше құқықтық құбылыстарды – нормативті, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-мәдени аспектілерін, құқықтың шынайы жақтарын қамтиды.
Құқықтық жүйе құрылымын үш түрге бөлеміз:
нормативтік жағы, бұған заңды нормалар, принциптер жатады;
идеологиялық жағы, бұл сол қоғамға тән құқықтық құбылыстардың, түсініктердің, идеялардың жиынтығы.
Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылығын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін білдіреді.
Бұл тарихи қалыптасқан құқықтық жүйелердің бір-біріне өз ұқсастықтары болады. Құқықтық жүйелердің дамып, қалыптасуына дін, философия, мораль, мәденит, ғылым әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттің дамуындағы құқықтық мәдениетке мемлекеттік саясат және саяси мәдениет те әсерін тигізеді. Ежелгі дәуір елдері – Ежелгі Қытай, Үндістан, Египетте, Римдік мемлекеттердің құқықтық жүйесінің қалыптасуына діннің де қатысы болған. Бұл құқықтық жүйелер бір-бірімен сабақтастық түрде дамыған. Оларды ұқсастығына қарай топтастырып құқықтық жүйеге келтіреміз.
Құқықтық жүйеге топтастыруда мынадай өлшемдер пайдалынылады:
идеологиялық, оған дін, философия, экономика және әлеуметтік құрылымдар кіреді.
заңды техника, оның негізіне құқықтың қайнар көздері жатады.
Осы өлшемдер арқылы құқық жүйесінің түрлерін анықтаймыз: романо-германдық, англо-саксондық, социалистік, діни және дәстүрлік.
Романо-германдық құқық жүйесінің қалыптасуына Рим құқығының ықпалы зор болды. Бұл Европа континентіндегі нормативті-заң жүйесін құрайды.
Бұл құқықтық жүйеге Италия, Франция, Германия, Португалия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының көптеген мемлекеттері, Таяу Шығыс елдерінің заңдары жатады. Романо-германдық құқықтық жүйенің кейбір ерекшеліктері Жапония, Индонезия т.б. елдердің заңдарында көрініс табады.
Бұл құқықтық жүйенің мынадай ерекшеліктерін атап өтуімізге болады:
Барлық романо-германдық жүйеге жататын елдердің, өздеріне тән жазба конституциялары бар.
Бұл мемлекеттерде кәдімгі заңдарының үш түрі өмір сүруде: кодекстер, арнаулы заңдар (ағымдағы заңдар) және норма жазбаларының жинағы.
Құқықтық деректемелердің арасында маңызды ролді заң негізіндегі актілер алады: регламенттер, әкімшілік, бұйрықтар, министрлік декреттер т.б.
Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Бұл жүйе бойынша сот құқықтық шығармашылық орган болып саналмайды, ал судьялар заң шығарушы болып есептелмейді. Судьялар іс жүргізу процесінің сапасын жақсартушы ретінде жұмыс істейді. Құрылықтық құқықтық жүйеде материалдық нормалардың маңызы іс жүргізу нормаларынан жоғары болды. Бұл жүйеде заң -сот прецеденттері мен мемлекет қорғайтын әдеттерден де жоғары тұрды.
Англо-саксондық құқықтық жүйе немесе «жалпы құқық» жүйесі.
Нормативті – соттық, англо-саксондық жүйеге Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зелендия, яғни Британ қоғамдастығына кіретін 36 елдің прецедентті құқығы жатады. Бұл құқықтық жүйеде ерекше орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент алады. Бұл жүйені кей жағдайларда жалпы құқық (Coman lav) жүйесі деп те атаймыз. Ол X-XIII ғасырларда Англияда сот дәстүрлері нәтижесінде қалыптасты.
Англо-саксондық құқық жүйесінің негізгі ерекшелігі:
Соттың құқық жасаушы ретінде көрінуі.
Кодекстелген заңдар жинағының болмауы. Англияда бүгінгі күнге дейін жазылған Конституциясының жоқтығы.
Құқықтың қайнар көзіне – заңдар, сот прецедентінің (шешімінің) жатуы. Бұл шешімдер басқа соттарға үлгі ретінде қарастырылуы.
Сот билігінің басқа мемлекеттің биліктерге тәуелсіз болуы, прокуратура және әкімшілік юстициясының болмауы.
Англиядағы азаматтық-құқықтық негіздер басқа құқық жүйесіндей шектелмеген, құқықтың терминдер, институттары, құрылысы жағынан өз ерекшеліктері бар. Ағылшын құқығының қайнар көздері: жалпы құқық, әділеттік құқық, статут құқығы.
Жалпы құқық-әдет құқығы – бұл түсінікті формулаларға жазған құқық нормасы.
Статут – парламент қабылдаған заң. Іс жүргізу нормаларының маңызы оның материалдық нормалардан жоғарылығы. Кейбір жерлерде англо-саксондық құқық жүйесін ағылшын-американдық деп атайды.
Діни-дәстүрлі құқықтық жүйеге Азия және Африканың көптеген елдері жатады. Олардың құқықтық жүйесі басқа құқықтық жүйелер сияқты біртұтас емес. Оның себебі, бұл елдерде құқықты басқаша түсінеді. Мұнда құқық пен дін бірге жүреді. Бұл құқық жүйесіне мұсылман, индус және иуда құқықтары жатады. Бұл елде қоғамдық қатынастар құқық арқылы емес, діни-дәстүр әдістерін пайдалану арқылы реттеледі.Бүгінгі күнде ең көп тараған мұсылман құқығы. Ол осы күнге дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр, және ол миллиардқа жақын мұсылмандардың өзара қатынасын реттейді. Бұл елдер мұсылман құқығының әділетті екендігін жариялайды.
Бұл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.
Мұсылмандық құқықтың негізгі төрт қайнар көзін атап өтуге болады:
Құран - ислам діни қағидалары жазылған қасиетті кітап.
Иджма, немесе мұсылман қоғамының қабылдаған, бекіткен шешімдері, келісімдері.
Қийас - өмірде кездесетін мәселелерді Құран аяттарымен шешу.
Мұсылман құқығының негізгі белгілері мыналар:
а) құқықтың көптеген институттарының көнелілігі;
б) жалған, теріс пікірді дәлелдеушілік нормалардың болуы;
в) нормаларды жүйелеудің жоқтығы;
г) дәстүрлердің құқық нормаларына енбеуі.
Сөйтіп, мұсылмандық құқық – бұл дін мен адамдардың сеніміне негізделген құқықтың түрі. Ислам дініне сыйынушыларға арналған, мұсылман құқығын құрайтын жүйені – шариат немесе шар деп атайды.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл елдердің конституциясы, заңдары және басқа актілері исламға негізделіп жазылуға тиіс.
Ежелгі дүниеден келе жатқан екінші діни – дәстүрлі жүйеге жататын индустық құқық. Бұл құқық жүйесіне Үндістан, Пакистан, Бирма, Сингапур, Малайзия, Африканың біраз елдері жатады. Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басты, күрделі жүйесі. Бұл құқық жүйесінің өз ерекшеліктері бар:
1. Адамдар туылғаннан бастап әлеуметтік топтарға, яғни касталарға бөлінген. Әрбір кастаның өзіне тән құқығы және міндеттері бөлініп көрсетілген. Әрбір кастаның өзіне тән моралі анықталған.
2. Мінез-құлықты реттеуші салт-дәстүрлер болып саналады. Салт-дәстүрлердің бірнеше түрлері аталған.
3. Әрбір қауым құқығымен бірге заң, сот прецеденті қолданылады.
Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында. Үндістанда индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тиым салып, ағылшын нормативтік актілерін қолдана отырып, «англо-индус-құқық» жүйесін қалыптастыруда.
Социалистік құқықтық жүйені төртке бөлеміз:
кеңестік құқық жүйесі;
европалық социалистік мемлекеттердің құқықтық жүйесі;
азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі;
Куба республикасының құқықтық жүйесі.
Бұл құқық жүйесінің ерекшелігі: қоғамдық меншікті қорғау, орталықтан жоспарлау, ұжымдастыру т.б.
Бұл мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі – заң шығарытын органдардың нормативтік актілері.
Қазіргі күнде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда өмір сүруде. Бұрынғы КСРО мемлекеттері бұл жүйеден бас тартып, романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі қалыптасу кезеңінде. Жалпы алғанда - бұл құқықтық жүйе романо-германдық құқықтық жүйеде дамытылуда.
Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік – құқықтық актілер пайдалынады. Нормативтік – құқықтық актілерге мыналар жатады:
а) Конституция нормалары;
б) заңдар және заң негізіндегі нормативтік құқықтық актілер;
в) халықаралық келісімдер;
г) Конституциялық кеңес және жоғарғы соттың нормативтік
қаулылары.
Пысықтау сұрақтары
1. Қоғамның құқықтық жүйесі және оның элементтері.
2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің ырғақтық динамизм айырмашылықтары.
3. Рене Давид «құқықтық отбасы» және қазіргі құқықтық жүйелер туралы.