Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


тақырып. Мемлекет типологиясы. Мемлекет нысандары. Дәріс 7



бет9/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

4 тақырып.
Мемлекет типологиясы. Мемлекет нысандары.
Дәріс 7
1. Мемлекет типологиясының ғылыми маңызы.
2. Мемлекет типтері.

Мемлекет типі дегеніміз белгілі бір тарихи дәуірде пайда болып дамыған мемлекеттердің маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Мемлекеттер тарихи дамуға байланысты белгілі өлшемдерге сүйеніп ғылыми түрде топтастырылады.


Мұндағы негізгі өлшемдер: а) жеке меншік; ә) таптар; б) тауар өндірісі. Осы белгілеріне қарап қоғамның экономикалық формациясы анықталады.
Тарихты бес қоғамдық экономикалық формацияға бөлеміз: алғашқы қауымдық; құл иеленушілік; феодалдық; буржуазиялық (капиталистік); социалистік (коммунистік). Тарихи процесті бұлай бөлу 1938 жылы «Жалпыодақтық коммунистік партияның (большевиктер) тарихы» қысқаша курсында көрсетеді. Сталин өндіріс қатынастарын бес негізгі типке бөлді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Ол мұнда «формация» ұғымын пайдаланбағанымен тарихты бес қоғамдық-экономикалық формацияға бөлу бастама алды.
Дегенмен, алғашқы адамзат қоғамының мемлекеттік - құқықтық өмірінің тарихын ғылыми түрде жүйелеген К.Маркс болды. Ол үш макроформацияны атап өтті. Алғашқы (архайкалық); екіншісі (экономикалық) және теориялық (коммунистік). Бұл макроформациялар «қоғамдық» деген атау алды. Сөйтіп, мемлкеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының негізіне байланысты болды.
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілін қолданамыз:

  1. формациялық тәсіл;

  2. өркениеттік тәсіл.

Формациялық тәсілдің өлшемі ретінде қоғамдық - экономикалық формациядағы әлуметтік және экономикалық қозғаушы күштер алынады. Олар белгілі бір қоғамның таптық құрылымына сай мемлекеттердің ерекшеліктеріне байланысты топтастырылады. Адамзат баласына танымал қоғамның экономикалық базисіне байланысты мынадай 4 типке бөлеміз:

  • құл иеленушілік;

  • феодалдық;

  • буржуазиялық;

  • социалистік.

Бұл формациялық тәсілдің өзгешілігі өндіріс қатынастарындағы азиаттық өндіріс тәсілдерінің болмауы.
Бұл типологияның маңыздылығы мемлекеттерді әлеуметтік– экономикалық қорғаушы күштерге қарап бөлуінде. Мемлекеттің дамуын табиғи-тарихи түрде сатылап көрсетеді. Бірақ, бұл тәсілде тарихтың көпжақтылығы және рухани қозғаушы күштері қалып қойылады.
Қазіргі кезде ғалымдар құл иеленушілік қоғамдық бизнеске тән шығыстық мемлекеттік типін атап көрсетуде. Шығыстық мемлекеттік типке үлгі етіп Египет пен Вавилонды аламыз. Бұл мемлекеттердің географиялық және табиғи жағдайлары ірі ирригациялық құрылыстар жүргізуді қажет етті. Бұл мемлекеттердің экономикалық негізіне жерге мемлекеттік меншік және ирригациялық құрылыстар жатты. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру шығыстық диспотия түрінде болды. Барлық билік күшті әскери бюрократтық аппараты бар мұра арқылы ие болған монархқа жатты.
Шығыстық мемлекеттердің қызметіне:

  1. қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  2. өз аумағын қорғау немесе басқа аумақты жаулап алу;

  3. салық жинау;

  4. қауым мүшелері мен құлдардың көтерілісін басу жатты.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық күштер қауымдық - жер иеленушілер болды. Дамыған құл иеленушілік батыстық мемлекеттер Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим болды. Бұл мемлекеттердің экономикалық базисіне өндіріс құрал - жабдықтарына және өндіріс күші - құлдарға жеке меншік болды. Мұндағы негізгі тап – құл иеленушілер мен құлдардан тұрды. Қоғамда қолөнершілер және т.б. әлеуметтік топтар өмір сүрді.
Ежелгі Римдік құқық негізінде қазіргі азаматтық құқық жүйесінің рим-германдық бағыты қалыптасты. Бұл мемлекеттердің негізгі қызметі:
а) құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау және жұмыс күшін қамтамасыз ету;
ә) құлдар көтерілісін басу;
б) қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында идеологиялық әсер ету болды.
Ежелгі Греция және Ежелгі Римде құлдар еңбегі қоғамның экономикалық өмірін құрады, қоғамның мәнін және олардың құл иеленушілік мемлекет екендігін анықтады. Құлдық-экономикалық және заңды хал-жай. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі - унитарлы монархия және республика болды.
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізіне феодалдың жерге жеке меншігі және жартылай басы байлы шаруаларға құқығы жатты. Мемлекеттегі негізгі тап – феодалдар және басы байлы шаруалар. Олардың ішінде аралық топтар-қолөнершілер т.б. өмір сүрді.
Феодалдық мемлекеттің негізгі қызметі:
а) феодалдық меншікті қорғау;
ә) қоластындағылардың қарсылығын басу;
б) сыртқы жаулардан қорғау және жаулап алушылық соғыстар жүргізу болды.
Бұл мемлекеттерде билікті ұйымдастыру түрі - әртүрлі монархияның түрлері болды. Биліктің ежелгі бұл түрі б.д.д. 4-3 мыңжылдықтарда пайда болған. Биліктің республикалық түрі тек қала мемлекеттер Генуя және Псковта болды. Республикалық басқару – бұл ұжымдық басқару болып есептелінеді.
Буржуазиялық мемлекеттің экономикалық негізі өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы. Мемлекеттегі негізгі тап – буржуазия және жұмысшылар. Бұл таптардың арасында – люмпен пролетариат өмір сүрді.
Буржуазиялық мемлекеттің қызметіне:
а) экономикаға белсенді араласу арқылы мемлекеттік экономиканы реттеу;
ә) әлеуметтік қызмет, яғни тұрғындардың нашар тобына т.б. көмегі;
б) құқықтық тәртіп орнату жатады.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі – республикадан монархияға дейін болды.
Социалистік мемлекеттің экономикалық негізіне жерге қоғамдық меншік т.б. жатты. Негізгі тап – жұмысшылар және шаруалар болды. Аралық топтарға интелегенция т.б. жатты.
Бұл мемлекеттердің қызметіне:
а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін қорғау;
ә) экономикалық;
б) әлеуметтік қызмет жатты.
Социалистік мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі – республика, федерация болды. Шын мәнінде социалистік мемлекеттің экономикалық фундаменті – өндірістік құрал-жабдыққа қоғамдық меншік болғанымен еңбекте құл иеленушілік және крепостниктік езіп-жаншу түрін пайдаланды. Жалпы алғанда мемлекеттің социалистік типі «өндірістің азиаттық тәсілінен» пайда болған шығыстық деспотияның бір түрі болды.
Тарихи процесс көптеген бір-бірінен айырмашылығы бар мемлекет типтерін алып келді. Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени қорғаушы күштерімен салыстыра отырып шешеді. Өркениеттің өзі әлеуметтік – мәдени жүйе.Өркениеттік тәсілдің өлшемдеріне рухани қорғаушы күштер – мәдени, діни, ұлттық т.б. күштер жатады.
Өркениеттің дамуы бірнеше сатыдан өтеді. Олардың әрқайсысын даму кезеңіне, діни, психологиялық, мәдени, географиялық және т.б. ортақ белгілеріне қарай топтастырамыз.
1-ші кезең - жергілікті өркениеттілік. Мұндай өркениетте тән мемлекеттердің өздеріне ғана тән тығыз байланысты әлеуметтік – экономикалық институттары қалыптасты. Бұл өркениетті елдер тобына: ежелгі Египетті, Шумер, Үнді, Эгейді т.б. жатқызамыз.
2-ші кезең - ерекше өркениеттілік, бұл кезеңнің де өзіне тән мемлекет типтері болды. Үнділік, қытайлық, батыс европалық, шығыс европалық, исламдық т.б.
3-ші кезең - қазіргі өркениеттілік, бұған қазіргі қалыптасып жатқан мемлекеттер жатады. Оларды қазіргі бірлескен түрде өмір сүруіне қажетті әлеуметтік – саяси құрылымына қарай топтастырамыз.
Мемлекетті типтерге бөлудің әртүрлі тәсілдері бар: хронологиялық, генетикалық, кеңістіктік, діни және мемлекеттік құрылымын ұйымдастыру дәрежесіне қарай т.б.
Мемлекеттік – саяси институттарының ұйымдастыру дәрежесіне қарай өркениеттілікті екіге бөлеміз: бірінші өркениеттілік және екіншісі өркениеттілік. Біріншісін мемлекеттік - елдік мәніне қарай топтастырамыз: оған ежелгі египеттік, шумерлік, ассиро-вавилондық, ирандық, бирмалық, сиамдық, кхмерлік, вьетнамдық, жапондақ т.б. жатады. Екінші өркениеттілікке: батыс европалық, шығыс европалық, солтүстік американдық, латын американдық, буддалық т.б. жатады. Бұл жерде мемлекеттік билік пен мәдени – діни жағына қарай топтастырамыз.
Жер бетінде өмір сүріп отырған 230-ға жуық мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық құбылыстарын зерттеу үшін заң ғылымында «құқықтық жүйе» ұғымы пайданылады. Қоғамның тарихи дамуына байланысты әр елдің өзіндік құқықтық жүйесі қалыптасуда.
Құқықтық жүйе дегеніміз – бұл шынайы құқықтың, құқықтық идеология және сот тәжірибесінің бірлігі.Жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретінде құқық заңдарда және құқықтың қайнар көзіндерінде жазылады.Құқықтық идеология – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтық санасы мен сот тәжірибесінің белсенді жағы. Олар құқықтық жүйені қалыптастырады. «Құқықтық жүйе» ұғымы мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесін білдіреді. Құқықтық жүйе бірнеше құқықтық құбылыстарды – нормативті, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-мәдени аспектілерін, құқықтың шынайы жақтарын қамтиды.Құқықтық жүйе құрылымын үш түрге бөлеміз:

  1. нормативтік жағы, бұған заңды нормалар, принциптер жатады;

  2. ұйымдастырушылық жағы, құқықтық мекемелер жиынтығы;

  3. идеологиялық жағы, бұл сол қоғамға тән құқықтық құбылыстардың, түсініктердің, идеялардың жиынтығы.

Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылығын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін білдіреді.
Бұл тарихи қалыптасқан құқықтық жүйелердің бір-біріне өз ұқсастықтары болады. Құқықтық жүйелердің дамып, қалыптасуына дін, философия, мораль, мәденит, ғылым әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттің дамуындағы құқықтық мәдениетке мемлекеттік саясат және саяси мәдениет те әсерін тигізеді. Ежелгі дәуір елдері – Ежелгі Қытай, Үндістан, Египетте, Римдік мемлекеттердің құқықтық жүйесінің қалыптасуына діннің де қатысы болған. Бұл құқықтық жүйелер бір-бірімен сабақтастық түрде дамыған. Оларды ұқсастығына қарай топтастырып құқықтық жүйеге келтіреміз.
Құқықтық жүйеге топтастыруда мынадай өлшемдер пайдалынылады:

  1. идеологиялық, оған дін, философия, экономика және әлеуметтік құрылымдар кіреді.

  2. заңды техника, оның негізіне құқықтың қайнар көздері жатады.

Осы өлшемдер арқылы құқық жүйесінің түрлерін анықтаймыз: романо-германдық, англо-саксондық, социалистік, діни және дәстүрлік.
Романо-германдық құқық жүйесінің қалыптасуына Рим құқығының ықпалы зор болды. Бұл Европа континентіндегі нормативті-заң жүйесін құрайды.
Бұл құқықтық жүйеге Италия, Франция, Германия, Португалия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының көптеген мемлекеттері, Таяу Шығыс елдерінің заңдары жатады. Романо-германдық құқықтық жүйенің кейбір ерекшеліктері Жапония, Индонезия т.б. елдердің заңдарында көрініс табады.
Бұл құқықтық жүйенің мынадай ерекшеліктерін атап өтуімізге болады:

  1. Барлық романо-германдық жүйеге жататын елдердің, өздеріне тән жазба конституциялары бар.

  2. Бұл мемлекеттерде кәдімгі заңдарының үш түрі өмір сүруде: кодекстер, арнаулы заңдар (ағымдағы заңдар) және норма жазбаларының жинағы.

  3. Құқықтық деректемелердің арасында маңызды ролді заң негізіндегі актілер алады: регламенттер, әкімшілік, бұйрықтар, министрлік декреттер т.б.

  4. Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Бұл жүйе бойынша сот құқықтық шығармашылық орган болып саналмайды, ал судьялар заң шығарушы болып есептелмейді. Судьялар іс жүргізу процесінің сапасын жақсартушы ретінде жұмыс істейді. Құрылықтық құқықтық жүйеде материалдық нормалардың маңызы іс жүргізу нормаларынан жоғары болды. Бұл жүйеде заң -сот прецеденттері мен мемлекет қорғайтын әдеттерден де жоғары тұрды.

Англо-саксондық құқықтық жүйе немесе «жалпы құқық» жүйесі.
Нормативті – соттық, англо-саксондық жүйеге Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зелендия, яғни Британ қоғамдастығына кіретін 36 елдің прецедентті құқығы жатады. Бұл құқықтық жүйеде ерекше орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент алады. Бұл жүйені кей жағдайларда жалпы құқық (Coman lav) жүйесі деп те атаймыз. Ол X-XIII ғасырларда Англияда сот дәстүрлері нәтижесінде қалыптасты.
Англо-саксондық құқық жүйесінің негізгі ерекшелігі:

  1. Соттың құқық жасаушы ретінде көрінуі.

  2. Кодекстелген заңдар жинағының болмауы. Англияда бүгінгі күнге дейін жазылған Конституциясының жоқтығы.

  3. Құқықтың қайнар көзіне – заңдар, сот прецедентінің (шешімінің) жатуы. Бұл шешімдер басқа соттарға үлгі ретінде қарастырылуы.

  4. Сот билігінің басқа мемлекеттің биліктерге тәуелсіз болуы, прокуратура және әкімшілік юстициясының болмауы.

Англиядағы азаматтық-құқықтық негіздер басқа құқық жүйесіндей шектелмеген, құқықтың терминдер, институттары, құрылысы жағынан өз ерекшеліктері бар. Ағылшын құқығының қайнар көздері: жалпы құқық, әділеттік құқық, статут құқығы.
Жалпы құқық-әдет құқығы – бұл түсінікті формулаларға жазған құқық нормасы.
Статут – парламент қабылдаған заң. Іс жүргізу нормаларының маңызы оның материалдық нормалардан жоғарылығы. Кейбір жерлерде англо-саксондық құқық жүйесін ағылшын-американдық деп атайды.
Діни-дәстүрлі құқықтық жүйеге Азия және Африканың көптеген елдері жатады. Олардың құқықтық жүйесі басқа құқықтық жүйелер сияқты біртұтас емес. Оның себебі, бұл елдерде құқықты басқаша түсінеді. Мұнда құқық пен дін бірге жүреді. Бұл құқық жүйесіне мұсылман, индус және иуда құқықтары жатады. Бұл елде қоғамдық қатынастар құқық арқылы емес, діни-дәстүр әдістерін пайдалану арқылы реттеледі.Бүгінгі күнде ең көп тараған мұсылман құқығы. Ол осы күнге дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр, және ол миллиардқа жақын мұсылмандардың өзара қатынасын реттейді. Бұл елдер мұсылман құқығының әділетті екендігін жариялайды.
Бұл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.
Мұсылмандық құқықтың негізгі төрт қайнар көзін атап өтуге болады:

  1. Құран - ислам діни қағидалары жазылған қасиетті кітап.

  2. Сунна – Алланың елшісі Мұхаммедтің хадистері (өсиеттері).

  3. Иджма, немесе мұсылман қоғамының қабылдаған, бекіткен шешімдері, келісімдері.

  4. Қийас - өмірде кездесетін мәселелерді Құран аяттарымен шешу.

Мұсылман құқығының негізгі белгілері мыналар:
а) құқықтың көптеген институттарының көнелілігі;
б) жалған, теріс пікірді дәлелдеушілік нормалардың болуы;
в) нормаларды жүйелеудің жоқтығы;
г) дәстүрлердің құқық нормаларына енбеуі.
Сөйтіп, мұсылмандық құқық – бұл дін мен адамдардың сеніміне негізделген құқықтың түрі. Ислам дініне сыйынушыларға арналған, мұсылман құқығын құрайтын жүйені – шариат немесе шар деп атайды.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл елдердің конституциясы, заңдары және басқа актілері исламға негізделіп жазылуға тиіс.
Ежелгі дүниеден келе жатқан екінші діни – дәстүрлі жүйеге жататын индустық құқық. Бұл құқық жүйесіне Үндістан, Пакистан, Бирма, Сингапур, Малайзия, Африканың біраз елдері жатады. Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басты, күрделі жүйесі. Бұл құқық жүйесінің өз ерекшеліктері бар:
1. Адамдар туылғаннан бастап әлеуметтік топтарға, яғни касталарға бөлінген. Әрбір кастаның өзіне тән құқығы және міндеттері бөлініп көрсетілген. Әрбір кастаның өзіне тән моралі анықталған.
2. Мінез-құлықты реттеуші салт-дәстүрлер болып саналады. Салт-дәстүрлердің бірнеше түрлері аталған.
3. Әрбір қауым құқығымен бірге заң, сот прецеденті қолданылады.
Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында. Үндістанда индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тиым салып, ағылшын нормативтік актілерін қолдана отырып, «англо-индус-құқық» жүйесін қалыптастыруда.
Социалистік құқықтық жүйені төртке бөлеміз:

  1. кеңестік құқық жүйесі;

  2. европалық социалистік мемлекеттердің құқықтық жүйесі;

  3. азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі;

  4. Куба республикасының құқықтық жүйесі.

Бұл құқық жүйесінің ерекшелігі: қоғамдық меншікті қорғау, орталықтан жоспарлау, ұжымдастыру т.б.
Бұл мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі – заң шығарытын органдардың нормативтік актілері.
Қазіргі күнде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда өмір сүруде. Бұрынғы КСРО мемлекеттері бұл жүйеден бас тартып, романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі қалыптасу кезеңінде. Жалпы алғанда - бұл құқықтық жүйе романо-германдық құқықтық жүйеде дамытылуда.
Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік – құқықтық актілер пайдалынады. Нормативтік – құқықтық актілерге мыналар жатады:
а) Конституция нормалары;
б) заңдар және заң негізіндегі нормативтік құқықтық актілер;
в) халықаралық келісімдер;
г) Конституциялық кеңес және жоғарғы соттың нормативтік
қаулылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет