Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет11/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары:

  1. Мемлекет формасы түсінігін айтыңыз.

  2. Республика мен монархия айырмашылығы неде?

  3. Республика ұғымы және оның түрлері.

  4. Мемлекеттің құрылымдық нысаны ұғымын ашыңыз.

5 тақырып.
Мемлекет, құқық, тұлға.
Дәріс 9
1. Мемлекет, құқық, тұлға: арақатынасы.
2. Құқықтық мемлекет ұғымы және белгілері.
Құқық пен жеке тұлғаның байланысының жан-жақтылығы, жеке адамның қоғамдағы орны құқықтық мәртебесіне байланысы.
Жеке адамның мүддесі, қажеттілігі, мемлекетпен қарым-қатынасы, оның еңбек және қоғамдық-саяси қызметі, тұрмыстағы барлық негізгі құқығы қоғамның даму деңгейіне қатысты.
Құқықтық мәртебе дегеніміз – бұл конституция мен заң таныған субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы, қоғамдағы әлеуметтік ролін арттыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілеттігі.
Конституция мен заңдардағы құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің өзеге болып саналады, оның құрамы мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  1. мәртебені білдіретін құқықтық нормалар;

  2. негізгі құқықтар мен міндеттер;

  3. құқық субъектілігі;

  4. заңды мүддесі;

  5. азаматтылығы;

  6. заңды жауапкершілігі;

  7. құқықтық принциптері;

  8. жалпы типтердің құқықтық қатынастары.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі Конституциялық актілерде және басқа маңызды нормативтік – құқықтық актілерде бекітілген. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін құрайтын құқықтары, бостандығы және міндеттері адам және азамат құқығы Декларациясында жарияланған.
Бұл тұлғаның қоғамдағы жағдайын заңды түрде бекіту. Латын тілінен аударғанда «мәртебе» ұғымы «жағдай», «жай-күйі» деген мағынаны білдіреді.
Құқық жеке тұлғаның мәртебелік жағдайын бекітіп, оны заң саласына енгізеді.
Сонымен, құқықтық мәртебе жеке адамның құқықтары, міндеттері және заңды мүдделерінің жиынтығы, оны мемлекет танып қана қоймай, кепілдік береді.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайын заңды түрде бекіту әртүрлі жолдармен, әдістермен және көптеген арнаулы құралдардың көмегімен іске асырады.
Құқықтық мәртебенің бірнеше түрлері бар:

  1. жалпы, немесе азаматтың конституциялық мәртебесі;

  2. арнаулы немесе тектік, бұл азаматтардың кейбір категорияларының мәртебесі;

  3. жеке мәртебесі;

  4. жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі;

  5. шет елдердегі қазақстандық азаматтардың мәртебесі;

  6. азаматтығы жоқ босқындардың, шетелдіктердің мәртебесі;

  7. салалық мәртебе: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық т.б.;

  8. кәсіпқойлық және лауазымды тұлғалардың мәртебесі (депутат, министр,прокурор т.б.);

  9. еліміздің ерекше аймақтарында немесе әртүрлі қауіпті жағдайларда жұмыс істеуші тұлғалардың мәртебесі.

Жалпы құқықтық мәртебе дегеніміз – бұл Конституцияда бекітілген қоғам мүшесі, мемлекет азаматы ретіндегі тұлғаның мәртебесі. Ол барлық адамға тең.
Қоғамның сипатын әлеуметтік табиғатын, демократиялық даму дәрежесін жалпы құқықтық мәртебе бойынша анықтауға болады.
Арнаулы немесе тектік мәртебе дегеніміз – бұл азаматтардың кейбір категорияларының нақты жағдайының ерекшелігін көрсетеді. Оған зейнеткерлер, жұмысшылар, шаруалар, жарымжан адамдар т.б. жатады. Бұл топтар қосымша арнаулы құқықтар мен міндеттерге ие. Бұлардың мәртебесі ағымдағы заңдарда қарастырылып, бекітілген.
Жеке мәртебе – бұл жеке тұлғалардың жалпы жағдайын білдіреді. Оған жынысы, жасы, жұмыс орны, отбасының жағдайы жатады. Єз құқықтары мен міндеттерін білу құқықтық мәдениеттің белгісі. Жеке мәртебе адамның өміріне байланысты өзгеріп отырады.
Құқықтық мәртебе – өте күрделі жинақтаушы категория. Ол адамның қоғаммен, мемлекетпен, қоршаған адамдармен, өз ұжымымен тікелей байланысты.
Жеке адам құқығының кепілдігі өте күрделі, кең әлеуметтік – саяси және заңды құбылыс.
Ол мынадай кезеңдерде сипатталады:

  1. танымдық, бұл мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық саясаты туралы мәлімет береді, олардың әсер ету объектісі ретінде теориялық пәндік білімді қалыптастырады.

  2. тәжірибелік, бұл заң ғылымының құралы ретінде танылған, жеке адамдардың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын алғы шарт:

  3. идеологиялық, бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында демократиялық идеяларды үгіттеу құралы ретінде пайдалануы.

Кепілдік дегеніміз – бұл әлеуметтік-экономикалық, саяси, адамгершілік, заңды, ұйымдастырушылық алғы шарттары,жағдайы, әдіс-тәсілдері.
Кепілдік дегеніміз – бұл жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін іске асырудағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, адамгершілік, заңды, ұйымдастырушылық алғы шарттарының, әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Адам және азамат құқығы кепілдігі:

  1. материалдық кепілдік;

  2. саяси кепілдік;

  3. рухани кепілдік;

  4. заңды кепілдік.

Материалдық кепілдіктің басты ерекшелігі - жеке және мемлекеттік меншікті қорғау, ерікті экономикалық қызмет, экономикалық кеңістіктің бірлігі, қаржы - қаражаты және қызметі, ерікті тауар айналымы, бәсекеге толық еркіндік беру.
Саяси кепілдік дегеніміз – бұл халық билігінің жүйесі, мемлекет және қоғам істерін басқаруға жеке адамның қатысу мүмкіндігі. Ақпарат жұмысына бақылауды жою. Сын мен сөзге толық бостандық беру.
Рухани кепілдік дегеніміз – бұл мәдени-құндылықтар жүйесі. Адамның білімі мен санасының дамуы, әділеттікке және қайырымдылыққа сену, отанды сүю және құрметтеу, теңдікті, парасаттылықты жақтау.
Заңды кепілдік дегеніміз – бұл адам және азамат құқығын қорғаудағы заңды әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Жеке тұлғаның заңды кепілдік түрлерін екіге бөлеміз:

  1. іске асыру кепілдігі, бұған жататындар:

а) құқықтар мен бостандық шегі;
б) заңды фактілер;
в) іске асырудың процессуалды түрі;
г) іске асырудың жеңілдіктер және мадақтау шаралары.

  1. қорғау кепілдігі, бұл екінші топты мыналар құрайды:

а) конституциялық бақылау және байқау;
б) жеке адамның құқығы мен бостандығын бұзушылардың жауапкершілік шаралары және олардан қорғау шаралары;
в) бақылау мен байқауды іске асырудың процессуалды түрлері;
г) жеке адам құқығын бұзудан сақтандыру;
д) басқа құқықтық құралдар.
Адам және адамзат құқығының кепілдігі заңға қайшы келмейтін барлық әдістерді пайдалана отырып, адам және азаматтардың құқығы, бостандықтары және мүдделерін қорғау.
Кепілдіктің кеңістігіне қарай екі түрі болады: мемлекеттің өз ішіндегі кепілдік және халықаралық құқықтық кепілдік.
Нормативтік актілердің мазмұнына қарай кепілдіктің бірнеше түрін топтастырамыз:
а) қарапайым кепілдік;
б) күрделі кепілдік;
в) аралас кепілдік;
г) жалпылама кепілдік;
д) арнаулы кепілдік;
ж) жеке адамдарға төтенше жағдайдағы кепілдік;
з) ұйымдастыру кепілдіктері;
и) техникалық кепілдік;
к) бақылау кепілдік.
Құқықтық мемлекет дегеніміз қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ететін шын мәніндегі конституциялық мемлекет. Ол жеке адамның саяси – заңды құқығын жан – жақты қорғауды қамтамасыз етеді, яғни мемлекет тарапынан болатын зорлық – зомбылықтан, ар – намысты таптаудан, билік тұрғысынан болатын күш көрсетуден қорғайды. Жеке адам мен билік арасындағы қарым – қатынастарды «қоғамдық келісім» түріндегі конституциямен реттейтін және жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекеттің түрі. Мемлекетте заңның шын мәнінде бәрінен жоғары тұруы, оны орындау барлық адамдар мен мемлекеттік органдар, мекемелер үшін міндетті шарт екендігінде.
Заң алдында барлық азаматтар тең және олар бірдей жауап беруі керек. Құқықтық мемлекет адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Мемлекеттік билік құқықты пайдалана отырып, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Жеке адамдар арасында құқықтық ынталандыру тәртібін құрайды. Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі. Бұл принцип құқық субъектілерінің бәріне тән. Әсіресе, адамдарға, заңды тұлғаларға, шаруашылық субъектілеріне т.б.
Құқықтық мемлекеттің мынадай жалпы белгілерін бөліп көрсетеміз:

  1. конституциялық тәртіпке сай биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңның жоғары тұруы;

  2. биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот буындарына бөлінуі;

  3. адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;

  4. заң және құқықтық бірлігі;

  5. мемлекет пен жеке адамның теңдей жауапкершілігі;

  6. азаматтық қоғамның орнауы;

  7. қоғамда құқықытық сана және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы;

  8. құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудің құралы мен моделі ретінде соттардың тәуелсіздігі;

  9. антимонополиялық құрылымдардың күшеюі;

  10. мемлекеттің ішкі заңдарының халықаралық құқық прициптері мен нормаларына дәл келуі;

  11. мемлекеттік билік жүйесінің құқығына және құқықтық ұйымдастырылуына заңдардың сай келуі.

Құқықтық мемлекет туралы идея ежелгі дәуірде-ақ пайда болған.
Құқықтық мемлекеттің элементтері мен соған сәйкес идеялар бірте – бірте қоғам дамуына сай қалыптасты.
Ежелгі грек архонты Солон барлық азаматтар үшін заңның билігі туралы, адамның табиғи құқықтары мен мемлекет заңдарының арақатынасы жөнінде Аристотель мен Цицерон да жазып қалдырған. Цицерон «Сот – сөйлейтін заң, ал заң тілсіз сот», «Заңдар – билік басындағылардың бұйрықшысы, билік басындағылар – халықтың әміршісі» деген ойларын «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» ғылыми трактаттарында баяндады. Ежелгі Римде құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – билікті бөлу туралы бастамалар жасалды. Құқықтық мемлекет туралы ойлар Платонның «Атлантида туралы» әңгімесінде, орта ғасырда Т.Мордың утопиясында, Низамидің «Ескендір – нәме» поэмасында, қазіргі кезде Н.Рерихтың «Шамбале туралы» армандарында сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің басты принципі – билікті бөлу туралы теорияны француз ойшылы Ш.Л.Монтескье өзінің «Заңдар рухы туралы», «Заңдар рухын қорғау туралы» еңбектерінде және ағылшын философы Д.Локк «Мемлекеттік басқарудың екі трактатында» көрсетеді. И.Кант құқық туралы метафизикалық бастама ілімдерінде құқықтық мемлекет теориясын қалыптастырды. Гегель өзінің «Құқық философиясы» еңбегінде саяси мемлекеттегі билікті бөлу туралы талдау жасады.
Кейін «Құқықтық мемлекет» ұғымы XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькердің, фон Молдің т.б. еңбектерінде ғылыми негізделді. Құқықтық мемлекет туралы әртүрлі теориялар азаматтық қоғам тұжырымына негізделеді. Азаматтық қоғамның орнауы құқықтық мемлекеттің орнауымен тығыз байланысты. «Азаматтық қоғам» ұғымын Әл-Фараби, Аристотель, Цицерон, Горций, Т.Гоббс, ДЖ.Локк, Гегель, Маркс т.б. қалыптастырды.
Құқықтық мемлекет - бұл бәрін қамтитын қоғамның саяси ұйымы, заңның үстемдігіне негізделген, адам мен азаматтың толықаралық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші және мемелкеттік билікті біртіндеп тежеу арқылы теріс пайдалануды болдырмау.
Құқықтық мемлекет өзіне үш компонентті қосып алады:
өзіндік құқықтық компонент; жекешеленген - құқықтық компонент (құқық және азаматтардың бостандығы); ұйымдастыру – құқытық компонент.
Құқықтық компонент сондай – ақ құқықтық санада көрінеді, оларда құқықты және заңдарды бөлу сипаты бар және соның негізінде құқықтық заңдардың құқықтық танымын құру көзделген. Құқықты айыратын белгіге формальды теңдік, адалдық жатады. Сондықтан, құқықтық заңдар адалдықты және теңдікті басынан бекітеді, яғни биліктің зорлығы артықшылықтың әсері емес. Құқықтық мемлекетің, “заңдылық мемлекетке” қарағандағы айырмашылығы сонда, ол құқықтық заңдарды жасайды, қабылдайды және іске асырады, яғни зорлықты, құқықсыздықт, адал еместікті іске асыратын заңдарды қабылдамайды.
Жекелеген – құқықтық компонент құқықтық нысандар мен мемлекетпен азаматтар арасындағы құқықтық сипаттағы қарым – қатынасты бекітеді. Ондай қарым – қатынастағы сипат мемлекет пен азаматтар арасындағы бір – біріне деген қарым – қатынасқа негізделген. Мұнда азаматардың құқығы мен бостандығы еріктің жемісі және мемлекеттің көзқарасы ретінде қаралмай, объективті қалыпсатқан қатынастар ретінде қаралып, оны сақтау мемлекттің міндетіне жатады.
Ұйымдастыру құқықтық компонент өзіне бтліктің монополизациялауын алып тастауға арналған факторларды қосып алады, яғни мемлекеттік органды бір адамның қолына шоғырландыруды. Ондай факторларға:
- мемлекттің органдарының әрекетін Конституциялық белгілеу;
- билікті заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлу;
- барлық билік салаларының қызметтеріне Конституциялық бақылау қою.
Құқықтық мемлекеттердің айырмашылық белгілеріне төменіректе көңіл аударатынымызға мыналарды жатқызамыз:

  • азаматтық қоғамның болуы;

  • заңның үстемдігі;

  • азаматтырдың құқығы мен бостандығының шындығы;

  • биліктің бөлінуі;

  • мемлекет пен жеке адамның бір – біріне жауапкершілігі;

  • саяси және идеологиялық плюрализм;

  • құқықтық таным мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейі.

Құқықтық мемлекет идеялары көне замандағы, ортар ғасырдағы және қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы оқымыстылдарды әр уақытта толғандырған. Филоосвтар, заңгерлер, тарихшылар құқықтық мемлекетің мәнін, мазмұнын түсінуге оның негізгі белгілерін және мақсатын білуге талпынған және талпыну үстінде.
Құқықтық мемлекет идеяларынан мәнін және мазмұнын ғалымдар мен әртүрлі белгіленген. Біреулері құқықтық мемлекттті қоғамның белгілі қабатындағы байлыққа, біреудің еңбегіне сүйенген десе, екіншісі, мысалы, белгілі гуманист Т.Морден ойынша, жекеменшік кезінде адалдық туралы барлық қоғамның игілі туралы айтуға болмайды деген. Дегенмен барлық ғалымдардың ойлары бір жерге торғысып, құқықтық мемлекеттің болуы заңдылыққа, гуманизмге, жақсылыққа және адалдыққа жеткізетіндігін анық бағдарлаған.
Құқықтық мемлекет теориясы туралы ойлар Ертедегі Грецияның, Римнің, Индияның, Қытайдың және басқа елдердің юристерінің, ғалымдарының, еңбектерінде басталған.
Белгілі ертедегі грек математигі және саяси қайраткері Пифогордың ойынша барлығына бірдей жауыздыққа заңсыздықты, биліксіздікті, анархияны жатқызған, ал жоғарғы жақсылыққа - заңдарды сақтауды атаған. Платонның пікірінше қай жерде болмаса, мемлекттің жойылып кетуінің алғы шарттары екенін айтқан, және ең жаман мемлекеттік құрылымға заңсыздықтың үстемдігі, бассыздық және мәжбүрлеу деген. Осы идеяларға ұқсас идеяларды Аристотель де айтқан. Ол жеке адамның құқығын жоқтаушы ретінде жекеменшікті қолдаған, қайда болмасын заңның билгі жоқ болса, онда қандай нысанда болмасын мемлекттік құрылымға орын жоқ – деген. Көне Грек тарихшысы Полибий билікті бөлуді ұсынған, яғни бір билік екіншісінен артық жағдайда болмас үшін – деген. Осы көзқарастарға сәйкес ертедегі Рим филосовтарының және қоғам қайраткерлірінің ойлары дәл келеді. Мысалға Цицерон мемлекетті бір – бірімен құқық мәселелері бойынша байланысты келісімге келген адамдардың бірлестігі бойынша құрылған “Жалпы құқықтық тәртіп” деген. Құқық оның ойынша сана мен адалдыққа негізделуі керек; мұнда ол, адамның құқығы мен бостандығы тек өзіне табиғат арқылы жататындығына сенім білдірген, яғни ол ешкімен сыйланбайды және белгіленбейді. Ертедегі Римдік жазушылардың бірі Сенекидің ілімі бойынша барлық адамдар бір – бірімен тең, себебі: олар тағдырдың билігінде. Сондықтан құлдар да сондай адамдар және барлық басқалар, оларға тең ретінде қаралуы керек деген. Сондай гуманистік идеялар бара бара, соған сйа мемлекеттік құқықтық көзқарастарға айналып Көне Индияда, Қытайда да дамыған. Мысалы, мемлекте тәртіп болуы міндетті және ол заңға негізделуі қажет; бастаушы, егер кәрілікке дейін өмір сүргісі келсе қауыптілікке түспей адал болуы міндетті деген.
Келтірілген мемлекеттік құқықтық идеялар құқықтық мемлекет теориясыны әрі қарай дамуындағы алдыңғы негіз болды. XVII – XX ғасырларда ол үшін өте көп жағдайлар жасалды. Ағылшын философы – материалист Д.Ж.Локк биліктің жеке бөліктерімен бір – бірімен әрекеттестік принципін бір адамның озбырлықпен басып алуды болдырмау мақсатында жасады. Артықшылық заң шығару билігіне беріледі, бірақ ол абсолюттік емес, атқарушы және сот оған белсенді ықпал етеді. Оның ойынша тирандық қауыптен сақтану үшін халық болып, әділетсіздікке қарсы күш қолдану керектігін айтқан. Ол халықтың егемендігін мемлекеттің егемендігінен жоғары қойған. Француз философы – ағартушысы Монтеське бтліктің бөліну теориясының логикалық аяқталғанға дейін жеткізді. Оның айтқанындай мемлекеттік басқарудағы тұрақтылық жетік, тек бірін – бірі тежеу мен тепе – теңдік негізінде мүмкін. Ұлы неміс философы И.Кант мемлекетің әр уақытта құқыққа сүйенуінің қажет екендігін бірнеше рет қайталап айтқан. Егер мемлекет бұл принциптен ауытқыса онда ол өз азаматтарының сыйлауы мен сенімінен айырылады деген.
Құқықтық мемлекет идеялары қазіргі кездегі сырқы елдер заңгерлерінің, политологтарының және социологтарының еңбектерінде жарияланып дами түсті. Сонымен бірге батыс мемлекеттерінің заңдарына бекітіліп, Конституцияларына кірді. Мысалы, Испания Конституциясы (1 - бабында) былай жария етеді: Испания бұл “әлеуметтік құқықтық және демократиялық мемлекет, жоғары бағалылығы бостандық, адалдық теңдік және плюрализм”(А.Т).
Құқықтық мемлекет теориясының дамуына үлкен еңбекті отандық ғылымдар сіңірді. Олар өзінің негізгі көңілдерін құқықтық мемлекеттің сипатты белгілеріне ғана бөлмей, көбірек маңызды олардың қалыптасу жағдайына қарайды. Дегенмен, қажетті түрде айтып өтетініміз, қайта құруға дейінгі кезде құқықтық мемлекет концепсиясы ғылыми жұмыстарда тек сын көзбен қаралды. Ол кезде бұл концепсияны буржуазиялық билікті идеялизациялау, батыс мемлекеттерін қоғамның барлық қабаттарының қорғаушысы, адалдықтың, заңдылықтың қорғаны ретінде дәлелденді, бірақ ол әруақытта ондай болған жоқ. Мұнда, жалпы адамдық бағалылық түсіп қалды, себебі бұл теорияда ол өз көрінісін тапқан болатын, бір адамның билігінде оны қолдану факторы есеке алынбады және мемлекеттің әр түрлі қоғам аясына және жекелеген өмірге шектен тыс араласуы айтылады.
Пікірлер плбрализмі мен идеология құқықтық мемлекет идеясын әртүрлі қабылдауға болады, дегенмен, қажетті түрде мойындалатыны, оның негізгі мазмұны әр уақытта жалпыадамдық бағалықты және мүдделерді көрсеткендігі болды.
Құқықтық мемлекетті сипаттай отырып, еске алатынымыз, арнайы ерекшелігіне қарамастан, ол мемлекет болып қалады, яғни басқа кез – келген мемлекет сияқты, мынадай жалпы белгілері мен ерекшелік белгісі бар, мысалы, көпшілік биліктің болуы, арнайы басқару, мәжбүрлеу, егемендік апаттарының барлығы т.б. құқықтық мемлекетті айыру белгілеріне мыналар жатады.
1. Ең алдымен, құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруін болжайды.
Мемлекет азаматық қоғамның жөнді өмір сүруін қаматасыз ететін құрал ретінде қаралады, ол жалпы мемлекеттік билік проблемасын шешу арқылы іске асырылады. Азаматтық қоғам мемлекетке қарсы салмақ сапасында көрінеді, өзінің басты мақсаты мемлекеттің әрекетін бақылап, яғни олардың заңдылық қалпынан шықпауын қадағалау, заңмен рұқсат етлген шараларды қолдану, яғни бұзылған құқықты орнына келтіру үшін мемлекетті мәжбүрлеу. Қаралып отырған белгі белгілі афоризмге көрсетілген(“Не человек существует для государства6 а государства для человека”) - адам мемлекет үшін өмір сүрмейді, мемлекет адам үшін.
2. Биліктің бөлінуі. Биліктің бөліну теориясы бойынша, мемлекетің өз жөнінде қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін онда бір – бірінен салыстырмалы тәуелсіз бтлік болуы қажет заң шығару, атқару және сот. Ол теорияның маңызы сонда, бір адамның не органның қолына биліктің шоғырланбауын болғызбау үшін қажет. Әрбір билік өзінің функциясын орындағанда басқа биліктер оны орындамайды. Заң шығарушы билік заңдар қабылдайды, атқарушысы – олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сот – соның негізінде шешеім шығарады, сонымен бірге, сотқа заң шығарушы орган үкіметтің функциясына араласуына құқығы жоқ не сотқа ұйғарым беруге; үкімет заңдардың орындалуын тоқтатуға және со органдарының қызметіне араласуға құқығы жоқ; соттың төрағасы сотқа заң шығарушы және үкіметті тарта алмайды.
Биліктің бөліну белгісі өмірлік қабілетті болуда, егер ол тежеу жүйесі мен тепе – теңдік пен қамтамасызө етілсе. Мысалы, АҚШ – та биліктің бір бөлігінің екіншісіне мынадай ықпалы алдын – ала белгіленген. Презтдентке Конгреспен қабылданған заңдарға вето қоюға құқық берілген. өз жағынан вето тоқтатылады, егер заңның жобасын қайта қарағанда ол Конгрестің әр палатасынан депутаттардың 2/3 дауыс берсе. Сенат Президентпен тағайындалған үкіметтің мүшелерін бекітеді. Егер Президент қылмыс жасаса, Сенат соттың ролін атқарып, импечмент мәселесін шешеді. Сенатың күштілігі төмендейді, егер оның төрағасы вице – президент болса, себебі ол дауыс беруге сонда қатынасады егер дауыстар бірдей бөлінсе. Конституциялық бақылауды АҚШ – тың жоғарғы соты іске асырады. Мұндай жүйе бір биліктің екіншісін озбырлықпен басып алуға жолды жабады. АҚШ – тың 200 жылдық тарихында бемократиялық басқару жүйесін құртуға арналған бірде – бір ұиын қауіп туған жоқ.
3. Заңның үстемділігі. Бұл белгі бірде – бір мемлекеттік орган, қызметтегі адам, ұжым заңға бағыну міндетінен құтылмайды дегенді көрсетеді. Мемлекет заңды нормаларға бағына отырып, құқықтық бір субъектісіне айналады. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы құқықсыз, теңдіксіз құқықты, құқықтық мемлекетте болмайды. Қандай болмасын мемлекеттік орган не қызметтегі адам құқықтан шығып, өзін адамдардан доғары қойса, ондай жағдай құқық бұзушылыққа жатады.
Заңның үстемділіг дегеніміз – табиғат құқық туралы, мемлекетің заң шығаруға құқығы жоқ, сонымен қатар адамның табиғи құқығын қамтамасыз ететін барлық заңдарды мойындау қажет.
Сайып келгенде қаралған белгінің күшіне сай заңның ең жоғарғы күші бар. Барлық қосымша актылар міндетті түрде соған сай келуі керек. Заңды қосымша заңдар актыларымен ауыстыруға және оған заңдармен алдын – ала белгіленбеген ойдың мәнін кіргізуге болмайды.
4. Азаматтардың құқығы мен бостандығының шындығы. Құқықтық мемлекетте аазаматтардың құқығымен еркіндігі тек жарияланып, қойған мемлекетпен кепілденген. Жоғарыда айтылғандай , ондай кепілдіктерге құқық пен еркіндікті тежеуге мүмкін жерлерде Конституциямен жарияланған құқық пен еркіндікті талдайтын заңдарды қабылдау арқылы жағдайлар жасау.
5. Мемлекет пен жеке адамның бір – біріне жауапкершілігі. Құқықтық мемлекетте азаматтар мемлекет алдында жауапты, сол сияқты мемлекетте өздерінің органдары және қызмет адамдары арқылы азаматтардың алдында жауапты.
6.Саяси және идеологиялық плюрализм. Құқықтық мемлекет көптеген сяаси ұйымдарсыз, партияларсыз және оппозицияларсыз өмір сүруі мүмкін емес. Плюрализм жағдайында қызмет істеп, әртүрлі әлеуметтік күштер, билік үшін мәдениеттілік жолмен күрес жүргізеді. Идеологиялық плюрализм олардың өздерінің саяси пікірлерін еркін көрсетуге, өздерінің идеологиялық концепсисын жариялап үгіт жүргізуге жағдайлар жасайды. Саяси және идеологиялық плюрализм қоғамдағы демократизмнің бейнесі, қоғамның әрбір мүшесіне қай партияға идеологиясына жататындығын өзі шешуге мүмкіндік береді.
Айтылғаннан басқа да белгілер және іздері бар, олар жеткілікті көп және олар әртүрлі(экономиканың көпсалалық белгісін бөліп айтады, мемлекетті экономикалық аяға араласпауын т.с.с.). жиынтығында олардың барлығы құқықтық мемлекеттің мәні, мазмұны, мақсатыы және керектігі жөніде жалпы толық түсінікті береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет