Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет14/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Дәріс 12
1. Қоғамда құқықтың өзге әлеуметтік нормалармен өзара әрекеттесуі.

Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.


Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қолданылатын заң құралдарының жиынтығы. Қоғамдағы барлық тәртіп түрлері әртүрлі құралдармен реттеледі.
Мұндай заң құралдары мыналар:
а) құқық нормалары;
б) құқықтық қолданушылық актілер;
в) келісім түрлері;
г) заңды фактілер;
д) субъективтік құқық;
е) заңды міндет;
ж) тиым салу;
з) түрлі жеңілдіктер;
и) жәрдем ақы түрлері;
к) жаза т.б.
Құқық құралдарының негізгі белгілері:

  1. құқық субъектілерінің мүддесін қамтамасыз ету үшін құқықтық әдістерді қолдану;

  2. құқықтық, құқықтық реттеудің, құқықтық тәртіптің негізгі бөліктері ретінде көрінуі;

  3. заңды күшінің болуы және мемлекеттің қолдауы.

Құқықтық құралдардың түрлері:

  1. Құқық салаларына байланысты – конституциялық, әкімшілік т.б. болып бөлінуі.

  2. Сипатына байланысты – материалдық және процессуалды-іс – жүргізу.

  3. Қызмет роліне байланысты – реттеушілік және қорғаушылық.

  4. Ақпараттық-психологиялық бағытына қарай – ынталандыру және шек қою болып бөлінеді.

Заң құралдары құқықтық реттеуге және құқықтық әсер етуге қатысады.
Құқықтық реттеу дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, барлық құқық құралдарының әсер етуі.
Сөйтіп, құқықтық реттеу дегеніміз мүмкін және мүмкін емес тікелей жазбаларға қатысты, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің белгілеуіне байланысты, құқықтық қатынастар арқылы іске асырылатын арнаулы – заңның әсер етуі.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина» , «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.
Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мысалы, кейбір топтағы техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына байланысты әлеуметтік нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық – заңдылық сипаттағы нормалар атауына ие болады. Ол дегеніміз – техникалық жағдайлар, әртүрлі мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды, темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті сақтау). Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады: мүліктік, әкімшілік – құқықтық және қылмыстық –құқықтық.
Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар құқықпен жанаспайды, сондықтан оларды бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы,әртүрлі тұрмыстық заттарды пайдалану – телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны жөндеу соның иесіне жүктеледі).
Әлеуметтік нормалардың жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін белгілі нормалардың жиынтығы.
Әлеуметтік нормалар – қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды тәртібінің жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен қызмет жасауын, адамдардың бір – бірімен келісуін және адам құқығын қамтамасыз ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік – саяси және қоғамның рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық ерекшелігін және мемлекеттік биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар қоғамдық даму тенденциясының объективтік заңдарының әрекетін көрсетеді және нақтылайды. Бұл заңдардың объективтік сипаты, олардың ғылыми танымы мен мақсатқа бағытталған әлеуметтік қимылды пайдаланудағы органикалық байланыстылық
Әлеуметтік нормалар бір-бірімен белгілі, өзара байланыста әрекет жасайды. Әлеуметтік нормаларды жіктеуе келгенде, нормалар негізгі және қосымша белгілерімен қолданылуы мүмкін. Нормалардың түрлерін бөлгенде нормалардың әрекет аясы есепке алынады, тәртіп жолының сапасы, нормаларды іске асырудағы ынталандыру мен кепілдік, сонымен қатар, сезіну жолы және тәртіпті реттеу, нормаларды сақтамағандығы үшін санкция нысандары.
Жоғарыдағы көрсетілгендердің бәрі әлеуметтік нормалар жүйесінен оның мынандай түрлерін шығаруға мүмкіндік береді: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни эстетикалық және басқа нормаларды.
Қоғамның шаруашылық аясында базарлық қатынастар қызмет етеді, сонымен қатар, белгілі мөлшерде, өндірісті қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік басқару іске асырылады, онда маңызды рөл экономикалық нормалар мен нормативтерге жатады. Бұл нормалар өндірістің дамуын, бөлу мен тұтыну қатынастарын, өндіріс салаларының өз арасындағы қатынастарды, ауылшаруашылығын, сауданы реттейді. Экономикалық нормалар және нормативтер ақша-финанс жүйесін, банктердің әрекетін, биржаларды, салық жүйесін реттейді. Базарлық экономика ең алдымен, өзін-өзі басқаратын базарлық қатынасқа сүйенеді, дегенмен барлық дамыған: АҚШ, ФРГ, Франция, Англия сияқты елдерде мемлекет экономиканың дамуына ықпал етіп, қоғамның әлеуметтік –саяси тұрақтылығын сақтауға ұмтылады. Сондықтан мемлекет тұрақтанған еркін кәсіпкерлікті қорғайды, ғылыми – техникалық жетістіктердің негізінде өндірістің төмендеуін болдырмайтын шаралар қолданады. Соған ықпал ететін, салық, кредит, инвестиция, басқа құралдар пайдаланылады.
Әлеуметтік нормалардың маңызды тобын саяси нормалар құрайды. Олар әлеуметтік топтардың, таптардың, азаматтардың мемлекеттік билікке қатынасын, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастарды, мемлекеттің қоғамдағы саяси жүйесінің басқа ұйымдармен байланысын реттейді. Саяси нормалар өздерінің көлемі мен мазмұнына байланысты, саяси қатынастарды реттейді және әртүрлі нысандарда көрініс табады: саяси декларацияларда, мемлекеттің манифестерінде, саяси партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттердің конституцияларында, саяси париялардың уставтары мен бағдарламалық құжаттарында. Мемлекеттің заңды актілеріндегі көрсетілген саяси нормалар, құқық нормаларының маңыздылығын қабылдайды.
Саяси нормалар азаматтардың мемлекетпен және оның органдарымен қарым-қатынасын реттейді. Сайлау тәртібі, азаматтардың және олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдарына және басқа қызмет адамдарының сайлануы саяси нормалармен реттеледі, олар заңды актілерде көрсетілген. Саяси нормаларға сонымен бірге, белгілейтін, реттейтін нормалар жатады және заң шығаратын, орындайтын және сот биліктеріне бақылау жасайтын қатынастар жатады. Әрбір заң мемлекеттік билікпен қабылданса, ол тікелей саяси қатынастарды көрсетпесе де, экономикалық, әлеуметтік, саяси негіздеуден өтеді және қоғамның өзіне сай құқықтық және өнегелік сезім бағасына ие болады.
Әлеуметтік нормалардың көпшілік бөлігін корпоративті нормаларды қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпкерлік одақтарда қабылданған белгілеулер құрайды. Бұл нормалар бірлестіктердің, мекемелердің уставтарында, ережелерінде, басқа актілерінде көрінісін табады. Мысалы, қандай болмасын университеттердің өз ережелері болады. Корпоративті нормалардың көпшілік бөлігі – ұйымдастыру сипатындағы тәртіптер. Олар қоғамдық ұйымдардың қалыптасу, құрылу, қызмет ету тәртібін бекітеді, сонымен бірге, сол ұйымдардың мүшелерінің қарым-қатынасын, құқығын, жауапкершілігін белгілейді.
Әлеуметтік әрекет, қоғамдағы адамдардың тәртібі әдетпен де реттеледі. Әдет - қоғамдық тәжірибеде көптеген қайталануының нәтижесінде бекіген, белгілі қатынастар үлгісі, адамның, адамдар әрекетін бағалау тәсілі. Әдет дегеніміз қоғам мүшелеріне, адамдар тобына үйреншікті әлеуметтік реттеу нысаны. Өнегелі сипаттағы әдеттері барлар, мінез деп аталады. Мінезде белгілі әлеуметтік топтардың психологиясын көруге болады. Қоғам мәдени, ұйымдастырушылық шараларды пайдалану арқылы мәдениеттілік қоғамға сай келмейтін мінездермен күрес жүргізуде.
Адамдардың өміріне ықпал жасау үшін, қоғам әдеттік дәстүрге өте жақын - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, әлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан тәртіп жолы. Әдет пен дәстүрдің бекітушілік белгілері бар. Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым. Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.
Әлеуметтік өмірде, ең алдымен тұрмыстық, жанұялық қатынастарда, әдеттер, дәстүрлік салттарда, оның өткізілуінде көрінеді.
Жора – белгілі сипаттағы адамның, бір топ адамдардың, комплекс қылықтары (мысалы, дәстүрлі үйлендіру ырымы, жорасы). Той кезіндегі шерулерді салт – жоралық деп атайды, яғни жоралардың жиынтығы.
Әлеуметтік нормалардың көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді – адамның рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан тәртіп жолы, діни сенімдердің және діни сезімдердің ықпалымен орындалады. Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға сенушілердің қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді. Моральдық – этикалық белгілеу жинағы – діни сенім ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның өнегелік өміріне ғана өз ықпалын жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.
Библияда, Құранда, Талмудта, басқа қайнар көздерде, діни канондар мен қатар жалпыадамдық нормалар өз көріністерін тапты. Мысалы, «Моисеевтер заңдарында» алты күн жұмыс істеу міндеттілігі мен жетінші күні демалыс алу бекітілген, ата –анасын сыйлау талабы көзделген, кісі өлтіру, ұрлау, өтірік куә болуға тыйым салынған. Әлеуметтік нормалар өз көрінісін христиан шіркеуі мен канондық құқықта тапты. Бұл нормалар шіркеудің ішкі ұйымын, шіркеудің органдарының арасындағы қарым – қатынастарды реттейді. 1917 жылы Рим –католиктік шіркеуі канон құқығының Кодексін жариялады. Өмір үлгісі, материалдық игілік жағдайының жетілген деңгейі және қоғам мен адамның мәдениеті өзінің көрінісін мәдени тәртіпте, әдептілік нормаларында, этикетте көрінеді. Этикет дегеніміз адам баласының қарым –қатынасының сыртқы көрінісін реттейтін тәртіптердің жиынтығы: аралау нысаны, қоғамдық орындардағы тәртіп, манералары мен киімдері. Қоғамдық пікір екіжүзділік тәртіпті, формальды, әрекеттер мен ішкі теріс ниеттерді кінәлайды.
Мораль нормаларына - жалпыға бірдей қабылданған жақсылық пен жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен орындалатын қоғамда қалыптасқан тәртіп жолы жатады.
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.
Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа қатысты мүдделер мен бағалылықты көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.
Құқық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің бөлігі ретінде әлеуметтік нормалар жүйесінде ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті – құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден – белгіленетін, санкция берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.
Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден бөлетін негізгі белгілерін, сипатын білу.
Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір – бірінен тәуелсіз нормативті – реттеуші ретінде қалады.
Мораль нормативті реттеудің ерекше кейпі, нормалар мен принциптердің жиынтығы, өз ықпалын барлығына және әрқайсысына жаяды, егер олар өздеріне өнегелік бағалылықты сіңірсе. Дұрыс айтқандай, моральдың жалпыадамдық мазмұны жалпылама түрде «алтын жолда» көрсетілген: («Поступай по отношению к другим так, как ты хотел бы, чтобы они поступали по отношению к тебе») «Басқа адамдар, саған қалай жасасын десең солай жаса, себебі олар да саған солай жасауы үшін». Мораль өзінің нормаларына абсолютті бағаларды сіңіреді, соған сай мораль нормалары құрылады және бағалау құқықтық тәртіптің жоғарғы белгісі болып табылады.
Мемлекет пен құқық теориясында құқық пен моральдің арақатынасы, олардың бірлігі тұрғысынан, өзгешелігі мен қарым – қатынасынан байқалады.
Құқық пен моральдің бірлігі былай сипатталады:

  • құқық пен моральдің нормативтігімен қорыта келгенде, адам тәртібін бағалаудағы белгі мен эталон болатын, белгілі нормалардың жиынтығы;

  • құқық пен моральдің универсальдығы, ол қоғамдық қатынастарға таралуымен көрінеді, яғни әлеуметтік нормалар жүйесіндегі нағыз универсальді реттеуші ретінде;

- құқық пен моральдің жалпылығы, ол экономикалық базисті және идеологияны, сонымен бірге саясатты және адам баласы өмірінің басқа аясын бағалағандығынан көрінеді;
Құқық нормалары мен моральдік нормалардың айырмашылығы:
Пайда болуына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен белгіленеді және санкция беріледі, мораль нормалары қоғаммен қалыптастырылады, есепке алынатындары жақсылық пен жамандық, адалдық және ар, абырой т.б.
Сонымен қатар, мораль нормалары құқық нормаларынан бұрын пайда болған, өйткені ол мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты.
Әрекет аясына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен заңға айналдырылған қатынастарды реттейді, оның мәжбүрлеу күшімен оны қорғау қамтамасыз етіледі, мораль нормалары құқықтық қатынастарға ғана ықпал жасамай, құқықпен реттелмеген қоғамдық қатынастардың жиынына ықпал етеді.
Бекітілу нысанына байланысты - құқық нормалары арнайы нормативтік актілерде (заңдарда, қарарларда, қаулыларда) бекітіледі, ал моральдік нормалар адамдардың сезімінде болады.
Құрлысына байланысты - құқық нормалары үш бөліктен тұрады – гипотеза, диспозиция, санкция, соның нәтижесінде нақтылы түрде кімнің не істеу керектігі болжанады және қандай жағдайда, қандай нәтижеге байланысты. Мораль нормалары біріктірілген жолдардың және принциптердің түрлері ретінде ғана көріне алады.
Қамтамасыз ету тәсіліне байланысты - құқық нормаларын іс жүзіне асыру мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қолдауға ие болса, мораль жеке адамның ұятына бағытталады. Құқық нормалары бұзылса, кінәлі адамға әртүрлі ( заңмен белгіленген) жазалау түрлері қолданылады, моральдық нормалар бұзылса тек қоғамдық наразылық қолданылады.
Құқық пен моральдің әрекеттестігін (келісушілігін) олардың бір – біріне өтімділігі мен біріне – бірінің ықпалынан көруге болады:

  • бір-біріне ықпал етушілігінен көрінетіні сонда, мораль құқықтық санаға белсенді әсер етеді, соған байланысты құқық нормаларының іске асырылуына көмектеседі. Өз жағынан құқық моральдің талаптарын заңды санкциялармен қолдап қажетті адамгершілік минимумын қорғайды.

Құқық пен әдеттің арақатынасын әртүрлі тұрғыдан қарауға болады: осы әлеуметтік нормалардың ұқсастығынан, олардың өзгешеліктері мен олардың бір – біріне ықпалынан.
Құқық нормалары мен мораль нормаларының ұқсастығы сонда, құқық және әдет белгілі нормалардың жиынтығы, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, яғни қатынастардың бір жағы адамдар («адам – адам») және адамдардың әртүрлі оқиғадағы тәртіп жолын ұстайды.
Құқық нормаларының әдеттен айырмашылығы сонда, құқықтың реттеу аясына қоғамдық қатынастардың көп бөліктері кіреді, ол әдет нормаларының реттеу аясына қарағанда айырмашылыққа жатады. Құқық пен әдеттің бір-біріне ықпалын айта отырып мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік бар:

  1. Құқықтың әдетке ықпалының жалпы схемасы мынандай: прогрессивті әдеттер құқықпен қолданылады, ал заңға қарсы келетіндері құқықбұзғандық болып есептеледі. Мысалы қылмыстық заңдарда сондай заңдар көрсетілген және ескінің қалдығы ретінде қаралады.

  2. Әдет құқықтың өзіне жасаған ықпалын сынай отырып, өз жағынан, құқыққа да әсер етеді. Белгілі уақытта әдет құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалады. Соның ішінде, азаматтық құқық әдетті іс айналымы ретінде мойындайды.

Құқық нормалары мен діни нормалардың ұқсастығы іс жүзінде құқық нормасы мен мораль нормалары сияқты нормативтенген (белгілі нормалардың жиынтығы, олар адам тәртібін бағалайтын белгілер, эталондар); универсальдігінде (нормалары барлық қоғамдық қатынастарға таралады, яғни жеткілікті түрдегі әлеуметтік нормалар жүйесіндегі универсальды реттеуші); құқық пен діннің жалпылығы (адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған).
Сонымен бірге, құқық пен діннің арасында принципиальды өзгешелік бар. Қоғамдық өмірді секуляризациялау, ұяттық бостандықты бекіту. Мысалы, «Торы» ұйғарымы иудаизмді қолдаушыларға ғана таратылады, «Құран» соған сай ислам дінін уағыздаушыларға таратылады. Дін мен құқықтың әрекет жасау тетігі әртүрлі. Соның ішінде, діндер ( әсіресе эстетикалықта) өзінің қасиетті кітаптарында абсолютті мызғымас алдын - ала көрсетілген жағдайларға сеніп, кодекске бағынбайды, яғни философтар айтқандай құдайшылдар « дүниенің трансценденттік басталуына» сілтейді.
Белгілі мөлшерде, діннің жеткілікті арнайылығына қарамай, құқық өз ықпалын жүргізеді. Мысалы РФ Конституциясындағы « Ұяттың бостандығы» жөніндегі федеральдық заңда және сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясында да дінге берілген бостандықтар кепілденген.
Құқық нормаларының және қоғамдық ұйымдар нормаларының жалпылама белгісі сонда, олар нақты тәртіп жолын көрсетеді, арнайы актілерде бекітілген және олар арнайы нормалар жүйесі.
Құқықтық пен корпоративтік нормалардың арасындағы айырмашылық сонда, құқық нормалары мемлекетпен қабылданса және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілсе, қоғамдық ұйымдардың нормалары өздерімен қабылданады, яғни қоғамдық пікірмен сол ұйым қамтамасыз етіледі, құқық нормаларының корпоративтік нормаларға қарағанда артықшылық маңызы бар. Бұл қоғамдық ұйымдармен мойындалады.
Құқықтың корпоративтік нормаларға ықпалы, олардың қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттеудегі шегі мен сипатына қарай белгіленеді. Бұл жағдайлар ҚР Конститутциясында және басқа да нормативтік актілерде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет