Сабақ Мәтінді оқыңыздар және мазмұнын айтып беріңіздер



Дата08.01.2017
өлшемі7,31 Kb.
#6536
  • КИІЗ ҮЙДІ ТІГУ
  • 17-тарау
  • 32-сабақ

Мәтінді оқыңыздар және мазмұнын айтып беріңіздер

  • Киіз үйді тігу өте қызық. Киіз үйді тіккенде, ең бірінші, керегені жаяды. Оның сағанақтарын таңғыштармен байлайды.
  • Одан кейін бақанмен шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншады. Уықты керегенің басына балақ бау арқылы байлап, бекітеді де , есігін орнатады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік деп аталатын киізден жасалған бөлшектермен жабады. Оларды баумен бекітеді.
  • КИІЗ ҮЙДІ ТІККЕНДЕ , ЕҢ БІРІНШІ, КЕРЕГЕНІ ЖАЯДЫ
  • УЫҚТЫ КЕРЕГЕНІҢ БАСЫНА БАЛАҚ БАУ АРҚЫЛЫ БАЙЛАЙДЫ
  • ЕСІГІН ОРНАТАДЫ
  • ОЛАРДЫ БАУМЕН БЕКІТЕДІ

Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңыздар.

  • Киіз үйді соғады.
  • Киіз үйді керегеден бастап тігеді.
  • Бақанмен керегені көтереді.
  • Киіз үйдің сыртын киізден жасалған бұйымдармен жабады.
  • Бір-бірін киізбен бекітеді.

Сұхбатты мәтін ретімен жалғастырып жазыңыздар .

  • 1. Киіз үйді тігуді үйренуге бола ма?
  • 2. Иә. Киіз үйді тігуді үйренуге болады.
  • 1. Киіз үйді тігуді неден бастайды?
  • 2. _____________________________
  • 1. _____________________________
  • 2. _____________________________
  • 1. _____________________________
  • 2. _____________________________

Бос орынға керекті сөздерді қойыңыз

  • Олар
  • Керегені жіппен
  • киіз үйдің есігін
  • киіз үйді
  • киіз үйдің шаңырағын
  • киіз үйдің кергесін
  • шеш
  • құлат
  • байла
  • тұрғыз
  • бекіт
  • көтер
  • -ды
  • -ді
  • -ты
  • -ті

Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыздар.

  • 1. баспаны / халқының / киіз үй / ежелгі / қазақ
  • 2. жасалған / көшіп-қонуға / киіз үй / лайықталып
  • 3. оңай / тігу / киіз үйді / емес
  • 4. киіз үйді / ең / тіккенде / жаяды / керегені / бірінші
  • 5. бөліктерін / киіз үйдің / дейді / сүйектері

Дұрыс жауап

  • 1. Киіз үй-қазақ халқының ежелгі баспанасы.
  • 2. Киіз үй көшіп-қонуға лайықталып жасалған.
  • 3. Киіз үйді тігу оңай емес.
  • 4. Киіз үйді тіккенде ең бірінші керегені жаяды
  • 5. Киіз үйдің бөліктерін сүйектері дейді.

Мәтінді оқыңыздар.

  • Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Солар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берген.
  • Үйге қатысты тыйым сөздер де баршылық. Олар:
  • 1. Босағаны керме.
  • 2. Табалдырықта тұрма.
  • 3. Есікті теппе.
  • 4. Үйде жүгірме.
  • 5. Үйді айналма.
  • 6. Үйде ысқырма.
  • 7. Есікті қатты жаппа.

  • Сөздерді жұптастырыңыз .
  • Киіз үйдің жабатынды шаңырақ уық түндік сықырлауық кереге дейді
  • қабырғасын шанырақ
  • төбесін уық
  • Киіз үйдің есігін жабатынды түндік дейді
  • шанақтарын сықырлауық
  • төбесін кереге

ТАПСЫРМА

  • “Киіз үй” деген тақырыпта әңгіме жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет