Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет4/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары
1. Саяси жүйе дегеніміз не?
2. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттарының түрлерін атаңыз.
3. Саяси жүйенің құрылысын сипаттаңыз.

Дәріс 4

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы.

  2. Саяси және мемлекеттік-құқықтық институттар

Адамзат қоғамы әр-түрлі факторлардың әсерінен болатын өзгерістердің нәтижесінде, адамдарда өзгеру процессінде болады. Сол адамзат қоғамының өсуі нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынас күрделеніп, жаңа талаптар мен өзгерістер орын алып, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру керек. Сондықтанда қоғамның өзгеріп отырған талаптарға бейімделуі туралы мәселе әрқашанда актуалды болып табылады. Осы адамдар қоғамында орын алатын жағдайларды, сұраныстарын (рухани және материалдық) қанағаттандыратын жүйе –саяси жүйе болып табылады.


Кез-келген қоғам саяси түрде, өзінің дербес билік механизміне ие және ол қоғамның біртекті әлеуметтік организм ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік жасайды. Өйткені олардың басты мақсаты – адам өмірі болып табылады. Саяси жүйе мен оның құрылымдарының қызметінің арқасында, саяси жүйе қоғамның әр-түрлі саласына өз ықпалын тигізу арқылы, өз орнын алады. Саяси жүйе механизмдерінің қызмет етуі, билікті жүзеге асыру арқылы, қоғам ішінде бағалы құндылықтар мен ресурстарды тарату, (мемлекеттік идеология, патриотизм, т.б.), адамдарға белгілі бір нормативтік актілер мен стандарттарға бағыну, адамдардың мүдделері мен құқықтарын сақтау т.б. осы сияқты қызметтерді орындау арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Сонымен бірге саяси жүйе билік етуші органдар мен атқарушы органдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамассыз етеді. Осы жерде Хропанюк В.Н "Саяси жүйеге кіретін барлық субъектілер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар – заңдардың негізінде жұмыс істеп, қоғамдық және саяси жүйенің құқықтық негізін салады" деген ойын айта кетуге болады»[1] былайша саяси жүйе мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жалпы ұғымы болып табылады. Көптеген дамыған елдерде саяси жүйе құрылып, негізі салынған, бірақ толықтай зерттеліп біткен жоқ және жалпы қоғамда, сол қоғамның қатысушыларының барлық талаптарын қанағаттандыратын идеалды саяси жүйе құрудың жолдарының табылмауы, мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіріледі, осыған байланысты әр-түрлі пікірлер, ойлар, идеялар айтылуда.
"Саяси жүйе" термині XX ғасырдың 50-60 жылдары қолданысқа енгізілді. Бұған дейін биліктік қатынастардың аталуы келесідей, "басқару типі", "басқару жүйесі" деген сияқты терминдер қолданылып келген болатын. Қоғамның өсуі процесі барысында азамат тек қана мемлекетке ғана бағынып қоймай, әр-түрлі партиялар, ассоциациялар, ұйымдар құру арқылы мемлекетке керісінше өз ықпалын тигізе бастады. Осы жағдай салдарынан, мемлекеттегі билік басты монополист болудан қол үзіп, мемлекет күрделі құрылымға айналады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында саясаттану ғылымында мемлекет ұғымын зерттеу өте қарқынды түрде жүрді. Саяси жүйе туралы әр-түрлі ойлар айтылған және оны әр-түрлі салаларда көрсеткен:, биліктің мүддесін, еркін білдіру; шешімдер мен бағдарламалар қабылдау мен орындау. Жалпы "саясат жүйесі" теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ деп түсіндіреді[2]. Жалпы "жүйе" терминін неміс биологы Л. фон Берталанфи XX ғасырдың 20 жылдарында қолданысқа енгізді[3].
Л. фон Берталанфи бұл сөзді қолданысқа енгізуін, мемлекеттегі элементтердің бір-бірімен байланысты жиынтығы деп түсіндірді. Кейіннен бұл терминді саясаттану ғылымына Т. Парсонс енгізіп, ол жалпы қоғамды бір-біріне байланысты төрт жүйе арқылы түсіндірді оларды: экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани деп көрсетіп, олардың әр-қайсысы өздеріне жүктелген белгілі бір функцияларды атқарады деп түсіндіреді. «Ал жалпы саяси жүйе ұғымын қолданысқа енгізген XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Дэвид Истон болды»[4]. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен "кіріс" пен "шығыс" қағидалары арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар – талаптар мен қолдау. Талапты қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс немесе бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі деуге болады. Мысалы, мұғалімдерге жалақыны немесе ауыл шаруашылығына қаржы бөлуді көбейту туралы және т.б. талаптар. Мұндай талаптар көбейіп билік басындағылар өз уақытысында назар аудармаса саяси жүйе әлсірейді деп Д. Истон өз теориясын түсіндіреді. Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар деп, Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:
1)топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2)өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа да қорларды табуға байланысты қоғамдық мүмкіндігі;
3)қорларды игілікті, қызметті т.б. бөлу және қайта бөлу бөлу мүмкіндігі;
4)әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап бере алатын ал өзгерген жағдайларда бейімдеушілік мүмкіндігі, деп ойын осылай Д. Истон мен Г. Алмонд түсіндіреді. Саяси жүйенің осы аталған төрт мүмкіндіктеріне Үндістанның саясатшысы П. Шарон, бесінші ішкі жағдайын реттей алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады.
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөлшектерге бөлмей қоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан тек оның өзіне ғана тән құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады : ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөлшектерінің мұндай құрылымы болмайды. Мұны – мемлекеттің механизмі дейді. Осы механизм арқылы мемлекет өзінің сан алуан түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет тек қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, байланыстар жасауға байланысты да қызмет атқарады. Тек мемлекетке ғана азаматтық деген құбылыс тән, сондықтан азаматтық – мемлекет пен адамдардың арасындағы тұрақты саяси құқықтық байланыс болып саналады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет орындары ғана қабылдай алады, олар қоғамдық қатынастарды ресми түрде реттейтіндіктен, барлық қоғам мүшелерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын жолға салған құрал болып саналады.
Жалпы қай автор болсын саяси жүйені өздігінше өз мысалдарын алға тарту арқылы түсіндіруге тырысатындығын жоғарыда келтірілген мысалдардан байқауға болады. Ал негізінде көптеген әдебиеттерде "Саяси жүйе "термині XX ғасырдың ортасына қарай ауқымды және жеткілікті түрде негіз тапқандығын, сонымен қатар саяси ғылымдардың дамуы нәтижесінде, саяси өмірді жүйелік тұрғыда сипаттау арқылы, осы терминнің кең қолданысқа ие болғандығымен түсіндіреді. Саяси жүйе - қоғамды басқарудың әмбебап жүйесі болып табылады. Нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік топтар мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамассыз ету мақсатында мемлекеттік билікке сүйенеді. Осы орайда саяси жүйе туралы ой, пікір, еңбек жазған бірнеше автордың еңбектерін көрсетіп кетуді жөн көріп отырмын. Сондықтанда саяси жүйе ұғымы туралы еңбек жазған бірнеше авторлардың еңбектерін көрсетіп кетуге болады:
-Сапарғалиевтың айтуы бойынша, "Қоғамның саяси жүйесі - саяси, әлеуметтік, заңи, идеологиялық, рухани нормалардың кодекстеріне, тарихи дәстүрлерге, нақтылы қоғамның саяси режимінің бағдарламаларына бағынышты саяси институттардың, қозғалыстардың тәртіптелген тұтастай жиынтығы" деп түсіндіреді. Осы түсінікке ұқсас болып келетін автор болып Хропанюк В.Н еңбегі болып табылады. Оның берген түсінігі келесідей болып табылады: "Саяси жүйе дегеніміз – мемлекеттің саяси өмірінде көрініс табатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы болып табылады" деп ой қорытады.
–Осы тақырып бойынша өз ойын білдірген келесі бір автор болып Лазарев В.В. табылады. Оның ойынша "Саяси жүйенің негізін құрайтын әр-түрлі ұйымдар мен институттар, билік үшін талас жүргізетін, қызмет ететін, элементтердің жиынтығы құрайды" деп өз ойын білдіреді. Жалпы осы авторлардың қарастырылып жатқан мәселе бойынша берген тұжырымдарынан, олардың ойларының түбірі бір болып табылатындығын көруге болады. Жалпы авторлардың саяси жүйе туралы айта келе, олардың айтуынша саяси жүйе анықтамасын С.К. Гаджиев көрсете білген деп санайды және сол еңбекті алға тартады. Осы оймен бізде келісеміз және ол түсінік келесідей болып табылады: "Саяси жүйе – деп өзара әрекет ететін нормалардың, идеялардың негізіде құрылған саяси институттар, ұйымдардың бірігіп, жиынтық құру нәтижесінде саяси билікті құратын, азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты айтамыз" деп ойын айтады. Саяси жүйенің негізгі міндеті болып, біртұтастық, адамдардың саясатта біркелкі әрекеті болып табылады. Жалпы саяси жүйе туралы айта келе, саяси жүйенің басты институты – мемлекет туралы айтпау үлкен қателік деп ойлаймын.
Саяси жүйе мемлекетпен тығыз байланыста болып табылады, өйткені мемлекет саяси жүйенің басты элементі (субъектісі), болып табылады.
Жалпы саяси жүйе мен мемлекеттің пайда болу уақытысы бірдей болып келеді, бірақ саяси жүйенің нақты бір құбылыс екендігін нақты көрсететін ойлар мен идеялардың сол кезде көрініс таппай қалуы оның кейіннен әдебиеттер мен ғылыми еңбектерде көрініс табуының себебі сондықтан, сонымен бірге сол кезден бастап саяси жүйеде мемлекеттік субъектілер пайда бола бастады. Мысалға, феодалдық қоғамда әр-түрлі гильдиялар, цехтар, бірлестіктер, жеке мүлікке ие тұлғалардың бірлестіктері, (обúединение собственников), сияқты құрылымдар қоғамда басты роль ойнады. Жалпы мемлекет және мемлекеттік емес ұйымдар, билік етушілер мен қаналушы таптар (господствуюùие и угнетенные классы), сол кездегі қоғамдық таптардың саяси жүйесінің негізін құрады. Сол кездегі саяси жүйенің элементтері (саяси ұйымдар) аса жетілген емес болатын, жалпы қазіргі кезде де саяси жүйе барынша идеалды еместігін байқауға болады, бұлай деуімнің себебі идеалды саяси жүйе қоғамдағы қатысушылардың барлығының сұраныстарын барынша қанағаттандыруы тиіс деп ойлаймын. Мемлекет саяси жүйенің ең маңызды институты болып табылады, өйткені оның қолында қоғамдағы әлеуметтік жағдайды өзгертуге барынша әсер ете алатын көптеген ресурстардың жиынтығы шоғырланған. Саяси жүйе туралы теорияның бірнеше варианттары бар. Олардың әр-қайсысы саясаттану ғылымның әр саласын қамту арқылы, саяси жүйенің теориясымен оған анализ жасаудың жүйесінің қалыптасуына өзінің зор ықпалын тигізді. Солардың бірі, маркстік теорияның түсіндіруінше, саяси жүйе құқық сияқты сипатқа ие, мемлекетке және басқада институттарға тән, обúективтік құбылыс болып табылады. «Оның пайда болуы мен қалыптасуына әсер еткен бірден-бір жағдай таптық қоғам болып табылады. Оның қалыптасуы мен өзгеруіне әсер ететін фактор, қоғамның таптарға (классы), бөлінуімен бірге, таптар арасында пайда болатын әр-түрлі қарама-қайшылықтардың туындауы салдарынан орын алады деп түсіндіреді». Жалпы саяси жүйе туралы көптеген еңбектер, ұжырымдар, ойлар айтылған ол саяси жүйе туралы бірнеше теориялар айтылған және олардың әр-қайсысы саяси ғылымдардың әр-түрлі бағыттарын қарастырады. Осылардың негізінде саяси жүйенің теориясы мен жүйеге анализ жасаудың тәсілі жасалды.
Саяси жүйені маркстік классика арқылы көретін болсақ, саяси жүйе құқық, мемлекет және де басқада саяси институттар мен құбылыстар (явления) сияқты, обúективті құбылыс болып табылады. Саяси жүйенің пайда болуы таптық қоғамның пайда болу мен қызмет етуімен байланыстырады. Саяси жүйе қоғам пайда болған кезден бастап, қоғамның әр-түрлі таптарға бөлінуі мен олардың арасында таптық күрестер орын алған кезде өзгере бастайды. Маркстік көз-қарас бойынша «саяси жүйе, таптық қоғамның өсіп-өрендеуі мен қоғамның таптық құрылымынан қол үзіп қалуы, саяси жүйенің құлдырауы мен жойылуына әкеп соғады деп айтады».
Саяси жүйе алғаш пайда болған уақыттан бастап, ол үстемдік етуші таптардың көз-қарасын ғана көздеп және қорғап отырады, ал социалистік қоғамда, ол халықтың көз-қарасын көздейді деп өзінің ойын маркстік классика түсіндіреді.
Саяси жүйе туралы ұғымды әр-түрлі автор өз көз-қарасына, ұстанымына, дүние танымына т.б. белгілері арқылы өзінше түсіндіруге тырысады және оларды осы тараудың басында көрсеттім. Сол авторлардың және менің ойымша саяси жүйенің анықтамасын К.С. Гаджиев жақсы көрсетіп, аша білген дап ойлаймын және оның айтуы бойынша "Саяси жүйе - өзара әрекет ететін нормалардың, идеялардың негізінде құрылған саяси институттар мен ұйымдардың жиынтығы. Нәтижесінде орын алған саяси билікті құратын, азаматтар мен мемлекет арасында қарым-қатынасты айтамыз" деп ой айтады.
Адам қоғамы болып, өмірге келген күнен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шүгылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүүдесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұның толықтырып, олардың орындалу бағытарын, жолдарын анықтап іске асыру механизмін бегілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет