Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет3/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары

  1. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде қаңдай ғылыми әдістер қолданылады? Атап-атап айтыныз.

  2. Заң ғылымдар жүйесі қандай бөліктерден тұрады?



2 тақырып.
Қоғам және мемлекет.
Дәріс 3
1. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет.
2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы.

Қоғамның саяси жүйесі – нақты саяси қызметті атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Мұндай әлеуметтік институттарға мемлекет, партия, кәсіподақ және саяси ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Сөйтіп, қоғамның саяси ұйымының жиынтығын құрайды. Бұлардың барлығы қоғамның саяси жүйесінің субъектілері бола отырып, қоғам өмірінің маңызды саласына – билікті алу үшін, ұстап тұру үшін және пайдалану үшін күрес жүргізеді. Қоғамның саяси жүйесі ішкі және сыртқы саясатты іске асыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттегі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайды.


Қоғамның саяси жүйесі- өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан тұратын құрылым. Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамның саяси ұйымы қызықтырады, өйткені оның құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік жолындағы күреске қатысуды, оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды максат етіп қойған ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар табылады. Олармен бір «қатарда» әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір шекте олардың іс-қимылына ықпал етеді, қажетті жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады және т.б.
Қоғамның саяси жүйесі – саяси, әлеуметтік, заңи, идеологиялық, рухани нормалардың кодекстеріне, тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның саяси режимінің бағдарламаларына бағынышты саяси институттардың, қозғалыстардың тәртіптелген тұтас жиынтығы. Нақтысы қоғамның саяси жүйесі оның ұлттық, топтық жаратылысынан, әлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен (республика, монархия), мемлекетік құрлымымен федерация, біртұтас, саяси режимнің сипатымен демократиялық демократияға қарсы, тоталитарлық, саяси өмірдің ұлттық дәстүрлерімен т.с . с жағдайлармен анықталды .
Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері болады . Ондай белгілерге мыналар жатады ,

  1. Саяси жүйенің бөлшегінің ұйымдық сипаты болуы қажет.

  2. Кез келген қоғамдық бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды.

  3. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны болуы шарт.

  4. Саяси сипаты, . оның бағдарламасында анықталады.

Саяси жүйені зерттеп, тану үшін ерекше тәсілдер қолданылады. Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөлшектерінің ұйымдық ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекетің механизімінің болуы оның басқа жүйе бөлшектерінен ерекше екенін байқатады . Функционалдық тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты анықталды . Реттеу ролін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық қатынастарды ,дамытудағы қызметі көрсетіледі . Идеологиялық тәсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақты қандай топтар, әлеуметтік топтар , ұлттар үшін қызмет атқаратынын анықтауға болады . Коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа ұйымдармен қарым-қатынасының дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы саяси жүйенің бірнеше жағын көрсетеді:

  1. оның институттылығы, яғни саяси жүйесінің негізгі құрамды бөлшектерінің болуы:

  2. реттеушілік жағы (құқық, саяси нормалар мен дәстүрлер, моральдың кейбір нормалары т.б.);

  3. қызмет етушілік жағы (саяси тәртіптің негізін құраушы, саяси қызметтің әдістері);

  4. идеологиялық жағы (саяси сана, қоғамды билік етуші идеология).

Қоғамдағы саяси жүйені қалыптастыратын әлеуметтік орта қажет. Адамзат өзінің тарихында бірнеше әлеуметтік ортаның түрлерін танып, білді.

  1. Мемлекеттегі ерекше ұйымдасқан адамдар тобының саналы түрде еңбекті бөлуіне байланысты қалыптасқан әлеуметтік орта. Бұл топ мемлекет атынан жұмыс істейді. Олар қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырып қана қоймай, еңбек жалақысының мөлшерін, еңбек өнімінің бағасын белгілейді. Меншік мемлекеттік немесе қоғамдық түрде болады. Мұндай әлеуметтік ортада жеке меншік емес, өзіндік меншік өмір сүреді. Билік үстемдік етуші жаңа таптың қолына өтеді. Бүкіл қоғамдық өмірді идеологияландыру жүреді. Тоталитарлы саяси жүйе, дәлірек айтқанда қоғамның партиялық - мемлекеттік ұйымы барлық әлеуметтік, сонымен қатар экономикалық ұйымдардың негізін құрайды. Ол қатаң орталықтандырылған сатылы (иерархиялық) құрылыммен ерекшеленеді. Бұл саяси жүйенің ядросы – жаңа тәртіптер үшін күресуші тоталитарлық типтегі партия болды. Билік аппаратының шамадан тыс өсірілуі, идеологияның әлеуметтік организмнің барлық салаларына енуімен қатар жүреді. Осыған сәйкес дін, мәдениет, оқу, ғылым саласы қалыптасады. Мемлекеттегі жалғыз партия мемлекеттік саясатты шешеді. Мемлекеттегі түрлі қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, мәдени одақтар, жастар, әйелдер, балалар ұйымдары) партия саясатын іске асырушылар болып саналады. Мұндай қоғамдағы саяси жүйе сыртқы ортамен қатыссыз тұйық өмір сүреді. Тарихта мұндай саяси жүйені «өндірістің азиаттық тәсілі» деп аталатын кеңестік одақтағы сталиндік типті атаймыз.

  2. Қоғамның экономикалық өмірінің өзгеруіне қатысты жаңа әлеуметтік орта дамыды. Нарықтық ақша –тауар қатынасына негізделген ортада ерікті кәсіпкерлік қызмет қалыптасты. Ақша адам еңбегінің нәтижесіне айналды. Қоғамдағы адамның жағдайы, оның саяси өмірдегі орны мүліктік жағдайына, белсенділігіне, байлығына қарай анықталады. Мемлекет мұндай саяси жүйеде нарықтық экономикаға жағдай жасаушы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Осы жүйедегі партиялар билікті сайлау компанияларына қатысу арқылы алуға ұмтылады. Құқық түрлері саяси мақсатқа жетудің басты құралына айналады. Жеке меншікті мемлекет қорғайды. Нарықтық ақша-тауар қатынасына негізделген саяси жүйе қоғам дамуының либералды-демократиялық моделіне алып келеді.

  3. Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші типі – конвергенциялық атау алған түрі. Конвергенциялық саяси жүйеге тән нәрсе әртүрлі мазмұндағы және мәндегі көптеген саяси институттардың араласып кетуі. Тарих көрсеткендей конвергенциялық саяси жүйе бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өткен кезде пайда болады. Бұл саяси жүйе өзінің тұрақсыздығымен, қарама-қайшылығымен көрінеді. Бөліп-таратушы кеңестік одақтық әлеуметтік ортадан нарықтық экономикаға өту кезеңі конвергенциялық саяси жүйені алып келді.

Сонымен, әлеуметтік ортаға байланысты әртүлі саяси жүйенің түрлерін атап өтуімізге болады: тоталитарлы, либералды-демократиялық, аралас. Оларды әрекеттестік жағынан - ашық және жабық саяси жүйеге бөлеміз.
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөлшектерге бөлмей қоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекет саяси жүйеде шешуші роль атқарады. Тек мемлекетке ғана азаматтық деген құбылыс тән, сондықтан азаматтық – мемлекет пен адамдардың арасындағы саяси – құқықтық байланыс болып саналады. Мемлекет саяси жүйенің негізгі құрамды бөлшегі болғандықтан саяси жүйенің құрамына өзінің ерекше әсерін тигізеді.
Мемлекетке мынадай белгілер тән:

  1. жалпы халықтың ресми арнаулы өкілі ретінде;

  2. жалғыз тәуелсіздікті қолданушы;

  3. қоғамды басқаруға арналған әлеуметтік аппаратқа (жария билікке) ие болуы;

  4. «күштеу» құрылымдарының бар болуы;

  5. қоғамда құқық шығарушылық қызметті атқаруы;

  6. материалдық құндылықтардың иесі ретінде көрінуі (мемлекеттік меншік, бюджет, валюта т.б.);

  7. саяси кеңістіктегі шекарасының айқындылығы.

Саяси жүйенің негізгі субъектілерінің бірі – саяси партиялар. Саяси партиялар – мемлекеттегі саяси билікке қатысуға немесе өкіметті басқару , атқару ісіне ие болуға ұмтылған идеологиялық ортақтығы арқылы ұйымдасқан ерікті одақ. Қазіргі жағдайда саяси белсенділіктің дамуына саяси қозғалыстардың орны ерекше болып отыр. Көптеген маңызды саяси мәселелер осы қозғалыстардың белсенділігінің арқасында шешілуде (экологиялық мәселелер, бейбітшілік үшін күрес, қоғамның демократияландырылуы).
Сөйтіп, қоғамның саяси жүйесінің дамып, қалыптасуы тарихи жағдайларға, қоғамның рухани өміріне, ұлттық дәстүрлерге, психологияға, менталитетке байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет