БейсеитоваАрайлым Картаевна,
Астана қаласы
Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп – лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мемлекеттік мейрамдар
Ортақ тақырып
|
Дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Бағдарламаның бөліміне сілтеме
|
1.6 Мерекелер
|
Жалпы мақсаты
|
2.1.6.1. Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру (таңдау бойынша) Наурыз мейрамы
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
– мемлекеттік мейрамдардың атауларын біледі;
– оқулық мәтінінен және суреттерінен,бейнекөріністерден ақпаратты қабылдайды;
– Ұлттық ойындардың атауын біледі, ойын түрін көрсете алады;
– Наурыз мейрамының салт-дәстүрлерін сипаттай біледі;
– «Оқушының дәптеріндегі» сарамандық жұмыстарды орындайды;
– өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады;
– мемлекеттік мейрамдарды құрметтеу керектігін ұғынады.
|
Жетістік өлшемдері
|
Оқушы мақсатына жетеді, егер:
– Наурыз мейрамының маңызын білсе және түсіндірсе;
– Біздің елімізде Наурыз мейрамы қалай тойланатынын сипаттай білсе;
– Шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, жұптасқан жұмыста белсенді қарым-қатынасқа түссе;
Оқушы мақсатына жетуге тырысады, егер:
– Наурыз мемлекеттік мейрамының маңызын білсе.
|
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
|
«Сөзді тап», «Көңіл күйді суреттейміз», топтық жұмыс,
Жұптасып жұмысты орындау
|
Көрнекі құралдар
|
Мұғалімге: интерактивті тақта.
Оқушыға: оқулық, «Оқушының дәптері», түсті қарындаштар,А3 қағаз,маркер, асықтар,шаңырақ құрауға ленталар
|
Кілттік сөздер және ой-пікірлер
|
Наурыз – көктем мейрамы, жаңа жылдың басы.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың өту кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Психологиялық дайындық
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ көңілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздермен қауышуға қуаныштымын, біз бүгінде білімнің сиқырлы әлеміне аттанамыз!
Естеріңде болсын:
Тыңдағанда, сіздер ұғасыздар.
Көргенде, сіздер түсінесіздер.
Әрекет еткенде, сіздер үйренесіздер.
Сіздер бүгін тек тыңдап және көріп қана қоймай, сондай-ақ талқылап, өздерің әрекет етіп және бір - біріңе көмектесулеріңіз керек!
Оқушыларды топқа бөлу.
Дөңгеленіп тұрайық
Ұнаған түсті алайық.
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйдің шаңырағын құрдық.. Бұл рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізі, бұл ұлттық дәстүр, киелі шаңырақтың қасиеті. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді
Бір – бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілейік.
Шаңырақ әдісі (оқушылар шаңырақтағы ленталардың түстері арқылы топқа бөлінеді)
1-топ: қызыл
2-топ: көк
3-топ:сары
4-топ:жасыл
(Күлгін – сары түсті лентаны таңдаған оқушылар топ басшысы болады.)
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, оның сабақ алдындағы ақыл-кеңестерін тыңдайды.
|
Сабақтың мақсатын қою
|
Мұғалім:
Тақтаға назар аударыңдар. Не көріп тұрсыздар? (жасырылған мереке түрлері)
Балалар сендер қандай мереке түрлерің білесіздер?
Халықаралық мереке
Кәсіптік мереке
Отбасылық мереке
Мемлекеттік мереке
– Балалар, сіздер мейрамдарды ұнатасыңдар ма? Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіздер?
Мемлекеттік мерекелер
16 Тәуелсіздік күні
Жеңіс күні
1мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Наурыз мейрамы
-Дұрыс балалар, біздің елімізде көптеген мерекелер тойланатынын білесіңдер. Олардың өзіндік маңызын түсіндіріп беріңдерші.(оқушылар 16 желтоқсан, 9 мамыр, 7 мамыр, 1 мамыр,1желтоқсанда тойланатын мейрамдардың маңызын түсіндіріп береді)
Қазақстанда мемлекеттік мейрамдар өте көп.
(видео көрсету)
Мұғалім: Наурыз мейрамы көптеген халықтармен бес мың жылдан астам уақыт аталып келеді. Бұл көктем мерекесі, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Наурыз дәстүр бойынша 22 наурыз – көктемгі күн теңелуінде, яғни күн мен түн теңескенде тойланады. Бұл күні жер бетінде жақсылық орнайды екен. Наурыз – адамдарды сүйіспеншілікке және өкпе-реніштерді кешіруге шақыратын рақымдылық мейрамы.
|
Оқушылардың жауаптары әртүрлі.
|
Жаңа білімдерді меңгеру
|
Оқулықты ашып, мәтінді кезекпен оқимыз.
Бақылап көр
Сен наурыз көже дайындауды анаңнан үйренесің. Бұл тағамға қосатын заттарды таңдайсың. Сен ол тағамдарды атап бере аласың ба?
1-тары,пшено, millet
2-бидай,пшеница, wheat
3-сүр ет(қазы), казы, kaze
4-бұршақ,горох.peas
5-сүт,молоко,milk
6-су,вода, water
7-тұз,соль, salt
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады.
Сергіту сәті
«Наурыз» әні
|
Оқушылар оқулықпен жұмыс орындайды: Мәтінді оқып, тапсырмаларды қарастырады.
Оқушылар өлең жолдарында айтылатын қозғалыстарды қайталайды.
|
Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру
|
Топтық жұмыс
1-топ: Саған шетелден қонақтар келді. Олар ұлттық мереке жайлы білгісі келді. Наурыз мейрамының көңілді тойланатынын жеткізу үшін сурет сал және әңгіме құра, Оны қазақша, орысша,ағылшынша айтып бер.
2-топ: Наурыз мерекесі тақырыбында коллаж құрастыру, мейрамның маңызын айту
3-топ: Қазақтың ұлттық ойындарын ата (мозайка құрастыру,көрініс көрсету)
4-топ: Наурыз мерекесі қарсаңында орындалатын ырымдарды ата, бір ырымды көрсету (көрініс көрсету)
(Оқушылар бір – бірін смайликтар көрсету және от шашу арқылы бағалап отырады)
Мұғалім: Сендердің зейіндеріңді тексеру үшін мен сендерге тапсырма беремін: наурыз күні жастарға берілетін ақсақалдардың тілегі қалай аталады? («Сөзді тап» әдісі.)
(«Оқушы дәптеріндегі» 2-тапсырма).
Құттықтау, тілек, бата
Құттықтау тілек, бата
«Bilim land» порталынан видео көрсету. Әдетте, тілек сөзді – батаны құрметті адамдар береді. Тілек-батаның бір мысалын тыңдаңдар:
Баласы болғанша атаның,
Азаматы бол Отанның.
Қалқаны бол еліңнің,
Қамын ойла халқыңның!
Ата-аналарың, әже - аталарың айтқан өсиет - баталарын естеріңе түсіріңдер.
Жұптық жұмыс. Бұл тілектерді өзіңнің парталасыңа айтып бер және оны да тыңда.
Бір оқушы тақтаға шығып бата айтады.
Көңіл күйді суреттейміз:
Боялған гүлдерді көңіл күйлеріне байланысты таңдау.
Қызыл– қуанышты, жадыраңқы көңіл күй.
Сары түс – жақсы, сабырлы көңіл күй.
|
Оқушылар ұлттық ойындарды жазады,қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде шет елдіктерге мереке жайлы мәлімет береді, бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтайды және жақсы тілек сөздерін айтады.
Жұптасып жұмысты орындауда, оқушылар ата-аналары, әже - аталары айтқан өсиет - баталарды естеріне түсіреді.
Бұл сөздерді парталасына айтып, оны да тыңдайды.
Көңіл күйді суреттейміз: оқушылар көңіл күйлеріне байланысты гүлдерді таңдап, тақтаға жабыстырады.
|
Рефлексия
|
«Мен де!» әдісі
Мұғалім: Бүгінгі сабақта оқып - білген түрлі білік - дағдыларыңды өздерің айтуға тырысып көріңдер. Сөйлемді «Менің оқып білгенім...» деп бастаңдар. Бұлай санайтын балалар, өздерінің білетіндіктерін біліп, «Мен де!» деп жауап береді.
|
Оқушылар:
Менің білгенім (Наурыз мейрамымен досымды құттықтауды, Наурыз көжені қалай дайындайтынды
ғын, Наурыз мейрамы туралы әңгіме құрастыруды).
|
Үй тапсырмасы
|
«Оқушының дәптеріндегі» 3-тапсырма.
|
Оқушылар дәптеріне тапсырманы жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |