Бейтараптық (нейтрализм), протокооперация, мутуализм, комменсализм, жыртқыштық, бәсекелестік, аменсализм



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі26,18 Kb.
#89830
1   2   3   4
Байланысты:
Ағзалар арасындағы байланыстар түрі
Ағзалар арасындағы байланыстар түрі
Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.


Мутуализм - әр түрге жататын организмдердің бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым-катынас немесе құмырсқа мен есімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.
Зоохария - жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ, жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сүтқоректілердің және басқа да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарауы. Өсімдік тұқымдарының мүндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердін тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады. Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет