Ағзалар арасындағы байланыстар түрі
Бір ағзаның басқа бір ағзаға әсері оң, теріс және бейтарап болуы мүмкін.Олар бейтараптық (НЕЙТРАЛИЗМ), протокооперация, мутуализм, комменсализм, жыртқыштық , бәсекелестік, аменсализм.
бір аймақтық тіршілік ететін екі түрдің (популяция) бір-біріне не оң, не теріс әсер етуі. Мысалы, тиіндер мен бұғылар бір-біріне айтарлықтай бір әсер етпейді.
кезінде ағзалардың бір біріне пайдалы әсер ететін, бірақ бірге тіршілік етуге міндетті емес арақатынас түрі. Мысалы, таңқышаянның бақашығында актиния тіршілік ету үшін орнығуы мүмкін. Актинияның атпа жасушаларының ішінде у болады , сол арқылы актиния таңқышаянды жыртқыш балықтардан қорғайды. Ал таңқышаян актинияның таралуынакөмектеседі және қоректену аймағын кеңейтеді.
(симбиоз, кооперация) – әр түрге жататын ағзалардың бір-біріне пайда әкеліп, селбесіп тіршілік етуі. Мутуализм түзетін ағзаның біреуі немесе екеуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, шөпқоректілер мен олардың ішегінде тіршілік ететін жасумықшаны (целлюлозаны) ыдырататын бактериялар. Батериялар жасумықшаны қорытатын ферменттерді бөліп шығарады, ал шөп қоректі тұяқтылар мұндай ферменттерді өздері түзбейді, сондықтан шөпқоректі тұяқтылар үшін бактериялар міндетті түрде қажет. Ал бактериялар шөпқоректі тұяқтылардан қоректі заттар мен оптимум жағдайцлары бар тіршілік ортасын алады.
бірлесіп өмір сүрудің нәтижесінде бір түрдің дарасы пайда табады, ал екінші түр бейтарап болады. Комменсализмнің екі түрін ажыратады : сииойкия және трофобиоз. Сииойкияға мысал – актиния мен кейбір тропикалық балықтардың түрі арасындағы қарым-қатынас түрі. Балықтар жыртқыштардың шабуылынан атпа жасушалары бар актиниялардың қармалауыштарының арасында тығылады. Трофобиозға жыртқыштар мен қалдықтарды жейтін ағзалар мысал бола алады. Мысалы, гиеналар арыстандардың жегеннен кейін қалдырып кеткен аң қалдықтарын жейді.
бір жыртқыштың басқа жемтукту өлтіріп, қорек етуі. Мысалы, қоян мен қасқыр. Бір түрге жататын дараның өзі жататын түрдің басқа бір дарасын өлтіріп, қорек етсе бұл каннибализм деп аталады. Канибализм жыртқыштардың, қоңыр аюлардың, адамдардың арасында кездеседі.
бір паразит басқа бір ағзаны өлтірмей, ұзақ уақыт бойы қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттерге вирустар, ауру қоздырғыш бактериялар, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар, паразитті құрттар жатады.
ағзалардың бір-бірімен сыртқы ортаның ортақ ресурстары үшін бәсекеге түсуі . Ағзалар қорек, ареал,жарық үшін бәсекеге түсуі мүмкін. Бәсекелестік түрарасы және түрішінде жүруі мүмкін.
бір түрге жататын дараның басқа түрге жататын дараға басымдылық көрсетіп,бірақ өзі екінші дарадан теріс әсер алмауы.Мысалы,қарағай меноның астында өсетін өсімдіктерді көлеңкелеп,өсуін тежейді. Аллелопатия (антибиоз) аменсализмнің көп таралған түрі.Бұл кезде бір ағзаның сыртқы ортаға бөліп шығарған заттар екінші ағзаның дамуын тежейді.Мысалы,пеницилл саңырауқұлағы бөлетін антибиотиктер бактериялардың дамуын тежейді.
Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым-қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.
Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.
Жыртқыштың - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында болатын қарым-қатьшастардың ең жоғарғы формасы,
Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып, ұстауы қажет. Ал жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық, жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде ұлы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез-құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыкқан.
Сондай-ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа жа қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады. Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз жерлерде (суларда, батпақты жерлерде) өседі. Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі: біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі, екіншілерінде жапырақ сағағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады. Альдрованда өсімдігінің жапырағы жабысқақ сұйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады. Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.
Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап олардың мінез-құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық» санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқьпптарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға ұшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып тұз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш кұстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар «дала санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюпияның қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын реттеп отыратыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |