Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Оқыту мен психикалық даму проблемалары



бет13/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
5. Оқыту мен психикалық даму проблемалары:
Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;
Оқыту, тәрбие, даму ұғымдарының өзара байланыс проблемалары;
Оқу процесінде жеке тұлғаның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму проблемалары;
Дамудағы сензитивті кезеңдер проблемалары;
Оқыту процесінде психикалық дамудың көрсеткіштері мен критерийлері проблемалары;
Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары.
Бала дамуының жақын арадағы аймағы- баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды, ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту ролінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).
Адам санасы- жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында- қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта- ес, мектептегі кезде- ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.
Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.
Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті («...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін»).
Оқу процесінің қоғамдықсипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталғанмағынасына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады; формасына қарай қоғамда жинақталған құқықтық нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген басқа іс-әрекетгер сияқты оқу іс-әрекеті субъективтілігімен, белсенділігімеп, пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет