Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен



бет14/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу — білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2 — ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.Сынақтардың түрлері Қытайда чань — буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма — қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 — 1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5 — 80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.\r\n\r\nТестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А. Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ — тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.Тест технологиясының алуан түрлері

  • Диктант

  • Өздік жұмыс

  • Бақылау жұмысы

  • Фронтальды ауызша сұрау

  • Жаттықтыру жұмыстары

  • Сынақ жұмысы

  • Карточкамен жеке — дара сұрау

  • Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)

  • Жағдай — көріністі және оның сипаттамасын салыстыру

  • Ұғымды анықтау

  • Тізбектілікті құру

  • Модельдерді құрастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет